(Соңы 5-бетте). №207 (28430) 23 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ (Соңы 5-бетте). Бїгінгі нґмірде: Кґрмеге дайындыќ кґпшілік назарында 5-бет Автокеруеншілер – Алтайда 6-бет Ўстаздар ўстаханасы 8-бет Жетісуда ќымыздыѕ 24 тїрі бар 10-бет Қазақстан Республикасының Заңы Еѕбек ќауіпсіздігі мен гигиенасына жəрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы 2006 жылғы 15 маусымда Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конфе рен- циясының 95-сессиясында қабылданған Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жəр- демдесетін негіздер туралы конвенция ны (187-конвенция) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 қазан. №243-V ҚРЗ Мемлекет басшысы кезде- су барысында берген өтінішіне орай Қорғаныс министрі Се- рік Ах метовтің отставкасын қабыл да ғанын айтты. Сонымен қатар, Қа зақ стан Президенті ве- домствоның басшылық құрамына жаңа министр – Иман ғали Тас- мағамбетовті таныс тырды. Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в Қор ғаныс министрлігі елдің мем ле кет тік басқару жүйесінде маңыз ды буын саналатынын атап көр сет ті, сондай-ақ, Қазақстан ар- мия сы ның қару-жарағын одан əрі же тіл дірудің жəне оны заманауи əске ри техникалармен жабдық- тау дың қажеттілігіне назар ау- дарды. Ќорєаныс саласы – басќару жїйесіндегі маѕызды буын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хроника Мемлекет басшысының Жар лы- ғымен Серік Нығметұлы Ахметов бас- қа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қорға ныс министрі қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі Азамат Құрманбекұлы Əбдімомынов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы И.Н.Тасмаєамбетовті Ќазаќстан Республикасыныѕ Ќорєаныс министрі ќызметіне таєайындау туралы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, ол Астана қаласының əкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 22 қазан. №934 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ə.Р.Жаќсыбековті Астана ќаласыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы Əділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Астана қаласының əкімі бо- лып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 22 қазан. №935 ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі: – Елбасымыз бұған дейін де Қазақстанның түрлі өңірінде болған сапарларында журналис- терге сан алуан сұхбаттар беріп, сол өңірдің арғы-бергі тарихы мен болашақтағы дамуы жайлы та- лай мəрте келісті ойларын ортаға салған. Осыдан бірнеше жыл бұрын киелі Түркістан жерінде зиялы қауымның басын қосып, қазақтың тарихы, тілі, руханияты жайлы тереңнен толғаған əңгіме өткізген еді. Əсіресе, дін мəселесіне, оның ішінде ислам дінінің ұлағатына қатысты əлі оңы мен солын танып үлгермеген жас ұрпаққа қарата ұлтымыздың ұлы басшы- сы ретінде тереңнен толғаған тағылымды пікірлерін ортаға салған болатын. Жалпы, Елбасы – Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние жүзінің беталыс бағдарын, оның алда орын алуы əбден мүмкін қауіп- қатерлерін болжай білетін кемеңгер қайраткер. Сөзім дəлелді болуы үшін оның осыдан 14 жыл бұрын, ХХІ ғасыр енді ғана басталғанда жарық көрген «Сындарлы он жыл» атты кітабында: «Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мəлімдеулерінде жаңа мағына жамылған «исламдық қауіп-қатер» деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі жəне үздіксіз қайталанатын болып жүр. «Исламдық қауіп-қатер» де- ген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанмен, үрейлі қанатының кеңге жайы- лып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы емес, исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттігін сөз ететін кез келді», деп жазғанын мысалға келтірейін. Елбасының дəл осы болжамы айна-қатесіз келді. Ўлытау тґріндегі ўлаєатты əѕгіме Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, əдебиеті, мəдениеті, экономикасы мен болашағы жай- лы айтқан Нұрсұлтан Əбішұлының келелі пікірлеріне еліміздің əр тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдіруде. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында Елбасының кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өткен басқосуда Ұлытау төрінде көтерілген басты мəселелер ғылыми тұрғыдан талданып, оның ел руханиятының дамуына қосатын айрықша үлесі туралы кеңінен сөз болды. Ұлттық ғылым академиясының жетекші академиктері мен корреспондент-мүшелерінің қатысуымен өткен осы сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. Заѕ жобаларымен жўмыс жалєасады Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы оты- рысында 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасы заңнамалық өндіріске алынса, ал 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы- мен жұмыс жалғастырылатын болып шешілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Күн тəртібіне шыға рыл- ған Қазақстан мен Бела- русь ара сын дағы екі ел аза маттарының бір-бірінің аумағында болуы тəртібі туралы келісімді рати фи- кациялауға қатысты заң жобасына қорытынды əзірлеу мəселесі шешімін тапты. Заңдық құжат екі ел азаматтарының тарап- тар аумағында, олардың құзыретті органдарын- да 30 күн ішінде мін- детті тіркеусіз болуының жеңіл де тіл ген тəртібін айқындауға бағыт талған. (Жалғасы 2-3-беттерде). Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Астана активімен кездесті «Бүгін менің Жарлығыммен Иманғали Нұрғалиұлы Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Қорғаныс министрі деген ел үшін, халқымыз үшін, Пре зи- дент үшін ең бір негізгі лауа- зым болып саналады. Еліміздің тəуелсіздігін, тыныштығын сақ- тау, шекарасының бүтіндігін қор ғау орайында Қорғаныс ми нистрінің алдында тұрған міндет өте көп. Мен өзім Қарулы Күштерді құрып, қолдап келе жатырмын. Сондықтан, бұл қызметте кім болатыны мемле- кет үшін де, жеке мен үшін де өте маңызды. Иманғали Нұрғалиұлы көп жылдан бері менің қасымда жұмыс істеп келеді, көптеген лау- азымдарды атқарды. Барлық жер- де жұмысты бүге-шігесіне дейін зерделеп, мықты ұжым қа лып- тастырып, қойылған міндеттерді орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде. Мемлекет басшысы, сондай- ақ, И.Тасмағамбетовтің қалаға бас шылық жасаған кезінде Ас та- наның айтарлықтай жаңарғанын атап өтті. «16 жылда біз жаңа елорда салып қана қойғанымыз жоқ, еліміздің тұрғындарымен қатар, дүние жүзінен келетін қо- нақтарды да таңдандырып, там- сандыратын қала жасадық. Осы жылдар ішінде елорда бар лық жағынан өзгерді. Бүгін Аста- наның ғаламшардағы «Топ-21» «ақылды қалалар» тізіміне кіргені мəлім болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Астана активімен кездесу ке- зінде Қазақстан Президенті елор- даның жаңа əкімі болып Əділбек Жақсыбеков тағайындалғанын да айтты. «Конституцияға сəйкес, мен мəслихаттың келісімін алып, Əділбек Жақсыбековті Астана əкімі етіп тағайындадым. Ол 1997 жылы қаланың алғашқы мэрі бол ды. Ол қандай салада жұмыс істе се де, барлық міндеттерді мең- герді. Алдағы уақытта ол өзінің жинаған тəжірибесімен Аста- наның дамуына ауқымды үлес қосады деп ойлаймын», деді Мем- лекет басшысы бұл орайда. И.Тасмағамбетов пен Ə.Жақ- сыбеков сенім артқаны үшін Мем- лекет басшысына алғыстарын айтып, алдарына қойған барлық мін детті шешу үшін бар күш- жігер лерін жұмсайтындарын айтты. Мəселен, Иманғали Тасма- ғамбетов: «Астана – еліміздің, жас мемлекетіміздің өркендеп, өсуі нің жасампаз нышаны. Нұр- сұлтан Əбішұлы, Сіз осы қаланың өміріне нəр, тіршілігіне сəн бердіңіз, елорданы басқару кім- кімге де жауапкершілігі мол лау- азым ғана емес, ол – үлкен жауап- кершілік. Олай болса, мен ең алдымен, Сізге маған көрсеткен мəр тебелі сеніміңіз бен əрдайым көр сеткен қамқорлығыңыз үшін зор алғысымды білдіремін», де се, Əділбек Жақсыбеков Елба сына елдегі маңызды лауазымға тағай- ындап, сенім артқаны үшін ал- ғысын білдірді. «Əрине, бұл маған үлкен міндет жəне жауапкершілік жүктейді. Сондықтан, сенім үде- сінен шығу үшін барлық күш- жігерімізді жұмсаймыз деп ойлай- мын», деді Ə. Жақсыбеков. Ќазаќстан – Еуропалыќ одаќ сенім артќан ел Бұл күні Елбасы Астана қа- ласы активімен кездесуі бары- сында мəлімдеме жасап, бірқатар маңызды мəселелер төңірегінде ой қозғады. «Осы жылдар ішінде Қа зақ- стан халқы бүгінде азаматтары- мызды тамсандыратын жəне дүние жүзінен келетін қонақ тар- ды таңдандыратын үлкен жетіс- тіктерге жетті. Қазақстанды бар- лық өзге мемлекеттер құрмет- тейтін болды, бұл, əсіресе, ме- нің Брюссель мен Миланға сапарларымда айрықша сезілді. Біздің ЕО-мен Кеңейтілген серік- тестік жəне ынтымақтастық ту- ралы келісім жобасы бойын- ша, сондай-ақ, Қазақстанның БСҰ-ға кіруі аясында ЕО-мен екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қойылуы бүкіл Еуропалық одақ тарапынан біздің елімізге деген зор сенімді білдіреді», – деді Мемлекет бас- шысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қа зақ- станның Миланда өткен «Азия- Еуропа» форумының салиқалы саммитіне шақырылған Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болғанын да атап өтті. «Мен көптеген елдердің көш- бас шыларымен кездестім. Олар Қазақстанды экономиканы дамы- туымен, əлеуметтік жағдайдың орнықтылығымен, халықтың көңіл-күйімен, тыныштық жəне тұрақтылығымен үлгі көрсететін мемлекет ретінде қабылдайды», – деді Қазақстан Президенті. Ел инфраќўрылымын дамыту – ауќымды міндет Мемлекет басшысы өзінің сө зінде бүгінде көптеген ел дің əлемдік экономикадағы қиын- дықтарға байланысты үлкен сын- қатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды. «Тұрақсыздықтың ушығуына Украинадағы ахуал мен Ресей жəне Еуропа елдері арасындағы өзара санкциялар да ықпал етуде. Ресей – біздің стра- тегиялық серіктесіміз, тығыз бай- ланыс орнатқан жақын көршіміз. Егер Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жа- нама түрде бізге де əсер етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті атал- ған үрдістердің алдын алу үшін қажетті мүмкіндіктің бəрі бар екенін жəне Үкімет тиісті жұмыс жүр гізіп жатқанын айтты. «Үкімет биылғы жылдың бюджетін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгіз ді, өйткені, мұнай мен метал дың, сондай-ақ, Қазақстан экс пор- тының өзге де өнімдеріне баға- ның төмендеуі түсімдердің аза- юына əкеледі. Бұл ретте бар лық жалақылар, əлеуметтік тө лемдер қазіргі деңгейінде қамта масыз етілуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Осылай дей келе, Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды инфрақұрылымдық даму бағ дар- ламасы жарияланатынын мəлім- деді. «Бізге елордадан елдің барлық өңіріне қарай сапалы автомобиль жолдарын көптеп салу қажет. Құрылыс жұмыс орындары мен кəсіпорындар тап- сырысын қамтамасыз етеді, ел экономикасының көлемін кеміт- пеуге мүмкіндік береді. Үкімет осы мəселемен айналысып жатыр, оны жүзеге асыруға Астана да атсалысуы тиіс», деді Қазақстан Президенті. Əлеуметтік тўраќтылыќ – басты ўстаным Мемлекет басшысы əлеуметтік тұрақтылық пен барлық аза- мат тардың теңдігі еліміздің мыз ғымас ұстанымдары болып қала беретініне тоқталып өтті. «Кейбір қайраткерлер бəрінің атын ауыстыруға, көшелер мен мекемелердің атауын бір тілде жазуға бейім. Мұны тоқтатқан жөн. Тағы да қайталағым келеді: патриоттығыңды оның қажет емес кездерінде көрсетуге ұмтылудың керегі жоқ. Конституцияда тілдер мен этностарға қатысты барлық нормалар нақты көрсетілген. Бұл – біздің артықшылығымыз, біздің көпұлтты тұрақты мем- лекет ретіндегі брендіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ешкім ешқандай жағдайда кемсітушілік сезінбеуі тиіс екендігін айтты. Егер бір адам жəбір көрсе, онда бүкіл Қазақстан жапа шегеді. Бір философтан «Бақытты адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Бақытты адамдардың арасында өмір сүретін адам бақытты», деп жауап беріпті. Егер айналамыздағылардың бəрі бақытты болса, біз де бақытты боламыз. Егер бір немесе бір топ адам бақытсыз болса, онда осы бақытсыздық басқаларға да та- райды. Баршаның есінде болу- ын қалаймын: тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген құрметті сақтау – біздің дамуымыздың негізгі қағидаты», – деді Мемлекет басшысы. Елбасы сенімі – ел сенімі Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесті. Кездесу алдында, қалалық мəслихаттың сессиясында Астана қаласының əкімі лауа- зымына Əділбек Жақсыбековтің кандидатурасы депутат- тармен келісілді. Сондай-ақ, Елбасы кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетовтің Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын айтты. Уаќытша атќару жїктелді Мемлекет басшысының Жар- лы ғымен Қазақстан Республикасы Прези денті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зай роллаұлы Нығматулинге Қазақстан Рес публикасының Мем- ле кеттік хатшы сы міндетін уақытша атқару жүктелді. 23 қазан 2014 жылwww.egemen.kz2 Ўлытау тґріндегі Тағы бір келелі сұхбатты еліміздің шығысында, бүкіл түркі жұртының қасиетті төрі саналатын қарт Алтайдың бауырында берген болатын. Онда Елбасымыз ғұн, сақ дəуірлерінен бастау ала- тын қазақ тарихы мен мəдениетіне, тіпті ежелгі сақ, скифтердің металл қорыту мен оны өңдеуге қатысты бұрын-соңды ғалымдар тарапынан тыс қалып келген ғылыми тұжырымдарын ортаға салған еді. Еліміздің батысында болған сапарында киелі Маңғыстау жерінде Нұрсұлтан Əбішұлы кең көсіле сұхбат құрып, мұнайлы түбектің сан ғасырлық тарихы, əулие Бекет атаның тағылымы, Маңғыстау өңірінің өсіп-өркендеу перспективасы жайлы кесек-кесек ойлар айтқан. Елбасының Астана мен Алматы төрінде отандық жəне шетелдік журналистерге берген, Қазақстанның барлық өңірлерімен байланысқа шығып, көзі қарақты оқырмандардың сауалда- рына жауап қатқан келелі сұхбаттары əлі күнге дейін есімде. Тікелей эфир жағдайында өткен осындай бір сұхбат үш жарым сағатқа созылып, онда Нұрсұлтан Əбішұлы 50-ден астам сұраққа жауап берген болатын. Мен мұның бəрін өз көзіммен көріп, тікелей куəгер болған соң айтып отырмын. «Бұл əн бұрынғы əннен өзгерек» деп Шəкəрім атамыз айтқандай, Ұлытау төріндегі əңгіме бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болды. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Ұлытау – ешбір əсірелеусіз біздің арғы-бергі бабаларымызға құтты қоныс болған қасиетті мекен. Мұндай орындардың ерекше ау- расы, қазақша айтқанда киесі болады. Тумысынан таза қазақша тəрбие алған Елбасымыз мұны айрықша сезеді. Ұлтымыз үшін киелі саналатын орындардың барлығын қадірлеп, зиярат етуді ұмытқан емес. Міне, осындай киелі орындар адамға қанат бітіріп, оның ойына ерекше қозғау салады. Соны біреу түсініп, біреу ұғына алмауы мүмкін. Ұлттық тəрбиеге уызынан жарып өскен Елбасымыз – ерекше түйсігі бар адамдар ғана қабылдай ала- тын осындай жайларды елден ерек сезіне білетін айрықша жан. Ұлытау төріндегі сұхбат осындай жағдайда дүниеге келді деп ойлаймын. Екіншіден, Елбасы – Ұлытау өңірін ерекше жақсы білетін адам. Оның жастық шағы, азамат бо- лып қалыптасқан кезі Сарыарқа төрінде өтті. Дəл мағынасында Сарыарқаның шығысы Қарқаралы болса, батысы тура осы Ұлытау, ал екеуінің ортасында Қарағанды тұр. Қаныш Сəтбаев Қазақстанның металлогениясын жасағанда Ұлытау-Жезқазған өңірін Орталық Қазақстаннан ешқашан бөліп қарамаған. Қаныш Сəтбаев қазба байлықтардың кен орнын айқындайтын гео- лог болса, Нұрсұлтан Əбішұлы – сол кендерді қорытатын металлург. Сондықтан Сəтбаев еңбектерін бүге-шігесіне дейін білетін Елбасы – Ұлытаудың қасиетін ғана емес, қазынасын да жақсы білетін адам. Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанның жаңа елордасын таңдау барысында Ұлытаудың да бар мүмкіндігін саралап шықты. Басқа біреу болса, «аудан орталығы қалай елорда болуы мүмкін» деп, бірден-ақ Ұлытаудың кандидатурасын ысы- рып тастар еді. Елбасы қазақ үшін ерекше киелі өңірдің бар мүмкіндігін таразыға салып, əбден зерттеген, тіпті оны соңғы турға дейін алып кел- ген. Төртіншіден, Елбасымыздың мен білетін кейінгі 20 жыл ішіндегі сұхбаттарында Қазақстанның өз ішіндегі коммуникация мəселесіне айрықша мəн беріп келді. Кешегі Кеңес Одағының қордаланып қалған мың сан мəселелері орайымен шешілгеннен кейін Елбасымыз Ұлытауды Қазақстанның барлық та- рапымен бірдей байланыстыратын теміржол салу- ды қолға алды. Көп жылдар бойы жүрек төрінде сақтап келген ойының жүзеге асуымен тұспа-тұс келген сапарда Нұрсұлтан Əбішұлы төгілте сұхбат берді жəне оның бұрынғы сұхбаттардан өзгерек болуының сыры осында деп білемін. Ұлытау төріндегі əңгіме ата тарихынан ба- сталды. Осында отырған көпшілігіңіз Нұрсұлтан Əбішұлымен түрлі жағдайда сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болдыңыздар. Мен айтпасам да, Елбасымыздың тарихтың асқан білгірі екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы осы жолы «Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек» деп, бар қазаққа ой салатын, керек десеңіз парыз саналатын үлкен мəселені алға тартты. Шындығында, Елбасымыз 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жа- риялап, қазақ тарихының Кеңес Одағы кезінде зерттеуге тыйым салынған талай «ақтаңдақ» беттерін танып-білуге зор мүмкіндік жасады. Бұл іске өзі де білек сыбана кірісіп, 1999 жылы «Тарих толқынында» атты кітабын жариялап, ұлт тарихының келелі мəселелері бойынша өз пікірін ортаға салды. Елбасымыз өзінің 2003 жылғы Жолдауында «Мəдени мұра» атты бірегей мемлекеттік бағдарлама жасауға тапсырма берді. Шынтуайтқа келгенде, бұл қазақ ғалымдары үшін бұған дейін жабық болып келген Қытай, Иран, Түркия, Еуропа жəне Араб елдері архивтеріндегі қазақтың тари- хын, жоғын түгендеуге арналған бағдарлама бола- тын. Соның нəтижесінде мыңдаған тарихи құжат Қазақстанға оралып, жүздеген ғылыми-зерттеу еңбектері жарияланды. Ғылымда пікірталас болып тұрады. Дегенмен, ата тарихын кезеңдеуге байланысты Елбасы ұсынған «Ғұн дəуірі, Көк түрік кезеңі, Алтын Орда заманы, Қазақ хандығы тарихы» атты дəуірлерді тарихымызды зерттеймін деген əрбір ғалым басшылыққа алуға тиіс. Елбасының тарихи тұлғаларды ардақтауға арналған еңбектері ұшан-теңіз. Егемендіктің алғашқы жылдарында Алматы төрінде Абылай ханның, Ақтөбеге Əбілқайыр ханның, Елордада алғашқы Президент Əкімшілігі болған ғимараттың тура алдына Керей мен Жəнібектің ескерткішін орнатты. Қазақ хандары мен батырларына облыс жəне аудан орталықтарында орнатылған еңселі ескерткіштер өз алдына бір төбе. Тəуелсіздік жыл- дары Елбасы тарапынан тарихымыздың айтулы тұлғалары түгелдей дерлік ұлықталып, олардың есімін ел есінде мəңгі қалдыру үшін жасалуға тиіс шаралардың бəрі атқарылды. Ал біздер, тарихшылар, ең болмағанда Қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жəнібекке немесе ұлт тарихының ұстыны болған Қасқа жол- ды Қасымға, Еңсегей бойлы ер Есімге, тіпті есімі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жеткен əз Тəукеге арналған бірде-бір толымды монография жария- лай алмадық. Тіпті, 1995 жылы басталған бес томдық «Қазақстан тарихын» он бес жылға созып, əрең аяқтадық. Сондықтан тарихшылар қауымы алдағы уақытта қажет болған барлық жағдайды жасап отырған Елбасы сенімін, ел үмітін ақтап, жастарды ата тарихын ардақтауға, елін, жерін сүюге шақыратын толымды шығармалар туды- рады деп сенемін. Ұлытау төрінде қозғалған екінші үлкен тақырып – тіл мəселесі. Бұл – Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет үшін ұстараның жүзіндей қылпып тұрған тақырып. Бұған келгенде де Елбасына өкпе айтудың өзі қиын. Мен еңбек жолымда өздеріңіз ав- торы болып табылатын Қазақ энциклопедия- сынан бастап, кандидаттық диссертациям- ды «Орыс энциклопедиясындағы қазақ тақы- рыбынан» қорғаған адам ретінде көбінесе энциклопедиялық басылымға жүгінемін. Мəселен, Кеңес Одағы кезінде, 1985 жылы жарық көрген «Демографиялық энциклопедиялық сөздікте» 1979 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын қазақтардың пайыздық үлесі небəрі 36 пайыз, орыстардікі 40,8 деп көрсетілген. Егер дəл осы деректі өңірлер бойынша алатын болсақ, еліміздің солтүстігі мен шығысындағы кейбір ау- дандар мен қалалардағы қазақтың үлес салмағы 5 пайыздан да аспайтын. Міне, соны Елбасымыз өз сұхбатында: «Кеңес Одағы кезінде тікелей орыстандыру саясаты жүргізілді» деп, кеңес заманының сұрқай шындығын батыл түрде ашықтан-ашық айтып салды. Кеңес Одағы кезінде өз республикасында отырып, азшылыққа айналған ұлт тек қазақтар болды. Еліміз тəуелсіздік алғанда Елбасына ұлт мəселесінде, түптеп келгенде тіл саясатында осындай «гордий түйінінен» де қиын мұра қалды. Қазір мен тəуелсіздік тарихына қатысты архивтік құжаттарды қарау үстіндемін. Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін іле-шала, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қабылданған «Тілдер туралы» заңында қазақ тіліне жеке дара «мемлекеттік тіл» мəртебесі беріліп, орыс тіліне «ұлтаралық қатынас тілі» құзыреті бұйырды. Елбасымыз Қазақстанның бұдан кейінгі кезеңінде орыс тілді саяси күштердің қаншама талап ету, күш көрсету, қоқан-лоққы жасауларына қарамастан өзінің ана тілі, баба тілі, қазақтың мемлекеттік тілін барлық қауіп-қатерден қорғап шықты. Тіл үйренуге керекті көптеген оқулықтар, əдістемелік кітаптар, сөздіктер, тілашарлар шығарылды. Қазақ мектептерінің саны 2 есе артты, қазақ тілінде басылымдар, телеарналар саны көбейді. Нəтижесінде, сіздер мен біздер сұхбат құрып отырған кезде, қазақтың саны 65 пайыздан асты. Айтыңыздаршы, осыдан кейін Елбасына қандай өкпе болуы мүмкін? Өз Отанында айқын басымдылықпен көпшілікке айналған қазақтар ендігі жерде Елбасымыз айтқандай, «бір-бірімен қазақша сөйлессе», балалары мен немерелерін қазақ мектебі мен қазақ балабақшасына бер- се олардың қолын кім қағады екен? Осы орай- да, қазақ тілі туралы биік мінбелерден қызу- қызу сөз сөйлейтін ұлттың бетке ұстар зиялы азаматтарының балалары мен немерелерінің əлі күнге дейін орыс мектебіне баратынын өкінішпен айтуға мəжбүрмін. Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері Елбасы жастарымызға үнемі əлем халқының басым көпшілігі еркін меңгерген халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілін үйренуге ақыл-кеңес берумен келеді. Өзі де барша қазақтарға үлгі болсын деп ағылшын тілін үйренді. Кез келген əріптесімен ешбір аудармашысыз ағылшын тілінде еркін сөйлесе алады. Сондықтан Елбасының «қазақ жастары жаппай ағылшын тілін үйренуі ке- рек» дегенін ұлтқа деген қамқорлыққа толы үлкен жүректен шыққан сөз деп білуіміз керек. Осы заманғы ғылымда, техникада, медицинада ағылшын тілін білмей табысқа жетемін деу бос əурешілік. Ендеше, Нұрсұлтан Əбішұлының бұл пікірі де барша қазақтың қолдауына əбден лайық деп білемін. Бұл істе сіздер, ғалымдар, қоғамға үлгі-өнеге болуларыңыз керек. Тіл мəселесі бойынша əңгімені тұжырымдап айтар болсақ, Елбасы өз тарапынан жасалуға тиіс нəрсенің бəрін істеді. Енді біз бүкіл ұлт болып ұйып, ана тіліміздің көсегесін бірге көгертуге ұмтылуымыз керек. Ұлытау төріндегі сұхбатта дін мəселесіне айрықша көңіл бөлінді. Ешбір маймөңкелетпей, турасын айтсақ, Кеңес Одағы дінсіз мемлекет бол- ды. Мектептерде жаппай атеистік тəрбие берілді, жоғары оқу орындарының студенттері міндетті түрде «ғылыми атеизмнен» емтихан тапсыратын. Қазақстанда жоғары білімді теологтар болмады. Сондықтан еліміз тəуелсіздік алып, халық жаппай дінге бас қойғанда ел ішінде «аңқау елге арамза молда» болғандар көбейді. Кейін олардың орнын жат елдерде, өзге діни дəстүрде білім алған ра- дикалды ұстанымдағылар басты. Діни еркіндікті пайдаланып, олар жастарды өз қатарына тарта бастады. Осындай теріс пиғылды дінбұзарлардың арандатуына түскен қазақ жастарының кейбірі, ашығын айтқанда, əлемдік деңгейде террористік ұйымдар ретінде танылған лаңкестер қатарынан бір-ақ шықты. Жастарымыздың ата жолынан адас- пауы үшін Ұлытау төрінде Елбасымыз ислам діні, оның қазақ руханиятындағы өзгеше орны жайлы ағынан жарыла сөйледі. Нұрсұлтан Əбішұлы – ислам дінінің тарихын да, қағидаларын да жақсы білетін, «Құранды» түрлі тəпсірлерімен (түсіндірмелері) тереңінен меңгерген адам. Елбасының түп нағашысы, яғни анасы Əлжанның əкесі үлкен дəмолла болған. Сондықтан əуелі əжесі Мырзабала, кейін ата-ана- сы оған бала кезінен «басыма келгенде оқырсың» деп, Құранның «Фатиха» жəне «Ықылас» сүрелерін жаттатқызған. Былайғы жұрт көзіне жария ете бермейтіні болмаса, ата-бабаларының басына келгенде, ораза, құрбан айттарда осы сүрелерді бір сөзінен де жаңылмастан қирағаттап оқып шыққанына талай куə болдым. Жалпы, Елбасымыз – мұсылмандық пары- зын молынан орындап, бірнеше рет қажылықта болған, тіпті қасиетті Қағбаның ішіне дейін кіру бақытына ие болған, мұсылман мемлекеттерінің басшылары ерекше сыйлайтын ізгі тұлға. Ұлытаудағы сұхбатта Елбасы дін тарихы, ис- лам дінінің қазіргі қазақ қоғамындағы орны, діни мəзһабтар, қасиетті «Құранның» ізгі қағидаттары жайлы жан тебірентерлік сөздер айтты. Аллаға мың шүкір, асыл дініміз халқымызға қайтып оралды. Жан дүниемізді, жүрегімізді та- зартты. Соны қайдағы бір басбұзарлар лайлағысы келеді. Елбасы осылардан жастар жағы қашық болсын дейді. Қазақстанның барлық үлкенді-кішілі елді мекендерінде мешіттер салынды. Астанаға са- лынатын «Нұр-Астана» мешітінің орнын кезінде қаланың тура кіреберісінен өзі таңдап, «Елордаға кірген əрбір жан бұл қай елдің астанасы екенін бірден көрсін» деген сөздерді айтқаны əлі күнге дейін есімде. «Əзірет Сұлтан» мешітіне орын таңдалғанда: «Астананың бас алаңы «Қазақ елі» монументі орналасқан дəл осы алаң болады. Əскери парад, мерекелік шерулер де осы алаңда өтеді. Дəл осы жерден бүкіл дүниежүзіне ха- бар тарайды. Ендеше, бас мешіт дəл осы алаңда орналасуға тиіс», – деп жаңа бəйтолланың іргетасын өзі қалаған болатын. Ұлытауда толғанған тағы бір тақырып – теміржол мəселесі. Ол – ешбір əсірелеусіз айтсақ, экономиканың күретамыры. Əсіресе, Қазақстан сияқты əлемдік мұхитқа шығар жолы жоқ, Еуразия сияқты апайтөс алып құрлықтың дəл ортасында орналасқан мемлекет үшін. Нұрсұлтан Əбішұлы республика экономи- касын бес саусағындай білетін адам. Өңірлерге сапарға шыққанда, өзі біліп тұрса да, жаңадан тағайындалған əкімдерді сынау үшін облыс экономикасының даму болашағы, ішкі мүмкіндігі мен əлеуеті жайлы əдейі сұрақ қоятын кездері бо- лады. Біліп жатса, риза болып, білмегендеріне əр проблеманы тайға таңба басқандай етіп көрсетіп, ақыл-кеңесін беретін. Сонда Елбасыны ең көп толғандыратын мəселе Қазақстанның өз ішін бір-бірімен байланыстыратын дəл осы теміржол қатынасы еді. Шындығында, Кеңес Одағы Қазақстан байлығын Ресейге тасу үшін теміржол атаулыны сол бағытқа қарай салды. Нəтижесінде жұртқа Қазақстанның бір өңірінен теміржол арқылы екіншісіне келу үшін Ресей жеріне барып, екі рет қатарынан кедендік бақылаудан өтуге тура келетін. Осы келеңсіздіктің орнын толтыру үшін ұзындығы 404 шақырымдық «Хромтау – Алтынсарин» жолы төселді, бұдан кейін ұзындығы 187 шақырымдық «Ақсу – Дегелең» теміржолы салынды. Шар стансасынан Семейге соқпай, тура Өскеменге бастайтын «Шар – Өскемен» 150 шақырымдық жолы пайдалануға берілді. Жетісу арқылы Қазақстанды Қытаймен жалғастыратын 293 шақырымдық «Жетіген – Қорғас» теміржолы төселді. Биыл Өзен қаласынан Түрікменстан шекарасына дейінгі аралықта 146 шақырымдық «Өзен – Берекет» жолы түсті. Қазір түрікмен ағайын бұл жолды Иранға дейін жеткізді. Жолдың ирандық бөлігі аяқталғанда Қазақстанның болат жолдары Қытай арқылы Тынық мұхитқа, түрікмен жері арқылы Парсы шығанағына, əрі қарай Үнді мұхитына, Ресей жеріне қарай тартылған жолдар арқылы Еуропаға, одан əрі Атлант мұхиты жағасына дейін жетеді. Ал мұның бəрі – қазақтардың бүгінгі ғана емес, болашақтағы буыны үшін молынан жетіп- артылатын нағыз нұрлы, баға жетпейтін қисапсыз мол қазына əкелетін жол. Осы жұмыстардың барлығы атқарылған соң Елбасы 1036 шақырымдық «Жезқазған – Бейнеу» теміржолына кірісті. Бұл идеяны Елбасы тоқсаныншы жылдары-ақ айтқан. Онда жоба- ны жүзеге асыруға елдің əлеуеті жетіңкіремеді. Қаражатты қысқарту үшін жолды Бейнеуден тікелей Аралды екіге бөліп жатқан Көкарал плотинасы арқылы салу жөнінде ақылға мүлде сыймайтын «үнемшіл» нұсқа да ұсынылғанын білемін. Кейін жолды əлеуеті күшті, халқы көп Шалқар арқылы салуға басымдық берілген. Қызылорда облысының əкімі болып қызмет атқарған кезде дəл осы жолды Арал өңіріне қан жүгірту үшін сол ауданның ең теріскейінде орналасқан Сексеуіл стансасы арқылы тартуға біз де ұсыныс жасаған болатынбыз. Қашанда бар қазақтың қамын бірдей ойлап, таразы басын тең ұстайтын Елбасы «Жолдың Бейнеуден басталар тұсы Қызылорда облысының Сексеуіл стансасы- на, ал Жезқазғаннан бастау алар жолы Ақтөбенің Шалқарына тоғыссын» деген шешім шығарған. Ұлытау төрінде сұхбат болған күні осы жолдың соңғы қазығы қағылды. Бұл қарқынды даму жо- лына түскен Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда жəне Маңғыстау сияқты төрт облыстың экономикасының дамуына серпіліс əкелетін бо- лады. Қазақстанның төрт тарабы бірдей болат жолмен байланысады. Бұл Елбасының Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы кезінен ойға алған, жүрек төрінде сақтаған ізгі арманы еді. Сол арман Ұлытау төрінде жүзеге асты. Бұл Елбасының жүрегін айрықша қуанышқа бөледі. Қуаныш ағынан жарылған көл-көсір сұхбатқа ұласты. Кейбір күпті көңілмен қиғаш сұрақ қоюшылар: «Теміржол салғанда тұрған не бар екен?» деуі де мүмкін. «Бар болғанда қандай!» дейміз біз. КСРО кезінде он бес одақтас республика (қазіргі 15 тəуелсіз мемлекет) жабыла жүріп, кеңес заманындағы ең қымбат жоба – əйгілі «Байкал – Амур магистралін» (БАМ) салды. Кеңес Одағы оны салуға 1938 жылы-ақ кіріссе де, əупірімдеп жүріп 1989 жылы əрең аяқтаған (басым бөлігі өткен ғасырдың 70-80 жылдары төселді). Қазір Ресей тағы да миллиардтаған қаржы бөліп, оны қайта жөндеуге кірісті. Ғасырға созылған БАМ- ның ұзындығы – 4287 шақырым. Ал Жезқазған – Бейнеу жолы аяқталған соң Қазақстанда тек тəуелсіздік жылдары салынған теміржолдың жалпы ұзындығы 2430 шақырымға жетті. Ал Жезқазған – Бейнеу теміржолы екі-ақ жылда салынды. Ешбір даңғыра, дақпыртсыз іске асу үстінде. Тəуелсіздігін осыдан небəрі 22 жыл бұрын ғана алған жас қазақ мемлекетінің өз күшімен салынуда. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдердің бəрін қосып есептегенде, бəрі жиылып дəл осындай көлемде теміржол құрылысын салмаған екен. Міне, бұл – Қазақ елінің нағыз өскендігінің, өркендегенінің, өз күші мен қуатына, əлеуетіне нық сенгендігінің көрсеткіші. Бұл – қашанда сабырмен қимылдайтын көреген Елбасының ақылмандығының арқасында жүзеге асып жатқан жоба. Бүгінгі басқосуда əйгілі экономист ғалымдар отыр. Сіздер осыны жеріне жеткізе талдап, оның халқымызға тигізер көл- көсір пайдасын зерделейді деп білемін. Міне, Ұлытау төріндегі ұлық сұхбаттың сыры осындай, ағайын. Соны халыққа түсіндіретін, жастарға жеткізетін, санаға сіңдіретін осында отырған ғылыми зиялы қауым – сіздерсіздер. Бүгінгі əңгіме осы төңіректе өрбиді деп ойлаймын. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД Мұрат ЖҰРЫНОВ Серік ҚИРАБАЕВ Едіге ТҮРКЕБАЕВ Төрегелді ШАРМАНОВ Көпжасар НƏРІБАЕВ Өмірзақ АЙТБАЕВ (Жалғасы. Басы 1-бетте). мəзһаб 23 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 3 ўлаєатты əѕгіме Мұрат ЖҰРЫНОВ, Ұлттық ғылым академиясының президенті, ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор: – Құрметті əріптестер! Ұлттық ғылым академиясының кешегі өткен сессиясы да, бүгінгі басқосу да Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбатынан туындап отыр. Елбасымыз – ел дамуының ең күрделі кезеңінде бүгінгіні ғана емес, болашақты да анық болжайтын кемел стратег, кемеңгер тұлға ретінде үнемі кеңінен ойластырылған шешімдер қабылдап келеді. Посткеңестік кеңістікте ғана емес, əлем экономикасын дағдарыс жайлаған со- нау 1997 жылы Нұрсұлтан Əбішұлы бүкіл қазақ елін нұрлы жолға бастаған «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық құжат қабылдады. Кезінде дəл осы стратегияның орындалуы- на күмəнмен қараушылар аз болған жоқ. Қазақ қоғамы мен еліміздің экономикалық күш- қуатының ішкі мүмкіндігіне сай жан-жақты ойластырылған бұл стратегиядағы мақсаттардың басым бөлігі мерзімінен бұрын орындалды. Қазір Дүниежүзілік банк, Халықаралық валю- та қоры, Еуропа қайта құру жəне даму банкі сарапшыларының бірауыздан мойындауы бой- ынша, Қазақстан өз экономикасын реформалауда посткеңестік елдердің ғана емес, бүкіл Шығыс Еуропа елдерінің алдына шықты. Қазақстанның Елбасы таңдаған саяси жүйесі де, экономикалық моделі де, əлеуметтік реформасы да уақыт сыны- нан сүрінбей өтіп, елімізді дамудың даңғыл жо- лына шығарды. Міне, осындай сындарлы сəтте қашанда алысты болжайтын көреген Елбасымыз «Қазақстан – 2050» атты жаңа стратегиялық бағдарламаны ұсынды. Шынын айтар болсақ, біздер, ғалымдар осы сан салалы стратегияның барлық сипаты мен сырына əлі терең бойлай ал- май отырмыз. Қазақстанды əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосатын бұл құжат болашақта талай ғылыми-зерттеуге арқау болатыны анық. Ұлытау төріндегі сұхбат Елбасымыздың дəл осы стратегиялық бағдарламасынан бастау ала- ды. Нұрсұлтан Əбішұлының ешуақытта сөзі мен ісінің арасында алшақтық болған емес. Байыптап зерделесек, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен міндеттер рет-ретімен жүзеге аса бастады. Елбасымыз – өз заманынан озық туған тұлға. Кезінде Ұлттық академияның статусы өзгер- генде ғылыми зиялы қауым арасында біраз түсін- беушілік болғаны рас. Қазір бұл шешімнің дер кезіңде жасалғанын өмірдің өзі дəлелдеп берді. Ғылым академиясының мақсаты – ғылымды дамыту. Ғылым батыс елдерінде аса үлкен зерттеу лер, университеттер аясында жүзеге аса- ды. Біз де соған келдік. Қазір Ұлттық ғылым академиясының физика, математика жəне ин- форматика саласы – Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті негізінде, аграрлық ғылымдар – Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, жер туралы ғылымдар – Қ.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, қоғамдық ғылымдар – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті аясында дамуда. Бұлардың бəріне Елбасы Жарлығымен ұлттық мəртебе берілген. Олар – жыл сайын мемлекеттік бюджеттен мол қаражат бөлінетін іргелі университеттер. Нəтижесінде ғылым да дамуда, жоғары оқу орны болған соң ғылымға келетін жастар да көбеюде. Шетелдердің жетекші университеттерімен байланыстардың өркендеуі арқылы Қазақстан ғылымы бүкілəлемдік ғылыми кеңістікке батыл интеграциялану үстінде. «Қазақстан – 2050» Стратегиясынан туындай- тын Ұлытау төріндегі сұхбат ең алдымен біздің қоғамдық ғылым саласына – тарих, философия, тіл жəне əдебиет, мəдениеттану жəне теология мамандарына тың міндеттер жүктеп, жаңа зерт- теулерге бағыт-бағдар сілтейді. Ұлытау төрінде отандық экономиканың сан алуан саласы – геология, геодезия, металлургия, энергетика, коммуникацияның өзекті мəселелері қозғалды. Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ, бұлардың бəрі бір-бірімен сабақтас салалар. Олардың дамуы бүкіл ел экономикасының да- муына аса зор мультипликациялық əсер беретін болады. Мен де Орталық Қазақстанда ұзақ жылдар қызмет істеген адаммын. «Жезқазған – Бейнеу» теміржолын салу кешегі Кеңес Одағының қолынан келмеді. Өйткені, теміржол салу – машақаты мол жұмыс. Оның бойында толып жатқан көпір, құбыр, электр желісі, разъездер мен стансалар, əлеуметтік нысандар салынады. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, біздің шығыс пен батыстағы, оңтүстік пен солтүстігіміздегі көршілеріміз үшін де маңызы бар жоба. Теміржол, коммуникация экономиканы өрге тартады. Осыдан 15 жыл шамасы бұрын Елбасымыз Қазақстан экономикасын кластерлік жүйе бойынша дамытуды ұсынды. Жалпы «клас- тер» ұғымы химия, физика, астрономия, мате- матика, тіпті, компьютерлік техника саласында жиі қолданатын түсінік. Елбасы Қазақстанды əр өңірдің экономикалық өзгешелігіне сай жүйелеп дамытуды ұсынды. Нəтижесінде солтүстіктегі астықты облыстар тек бидайды экспортқа шығарумен шектелмей ұн, нан өнімдері, мака- рон, т.б. өндіре бастады. Өз қаражатымен шетел- дерден, мəселен, Түркиядан инвестиция келді. Шығыс Қазақстанда түсті жəне сирек кездесетін металдарға қатысты кластер қабылдаса, еліміздің батысында мұнай өнімдерін өңдейтін жаңа зауыт- тар салынып, іске қосылуда. Кеше ғана Ұлттық ғылым академиясында Оңтүстік Қазақстан облы- сында мақта өсіру мен соған қатысты мақта-мата, тоқыма кластерін дамытуға арналған баяндаманы талқыладық. Қазір Елбасымыз Қазақстан кəсіпорындарын əлемдік деңгейге шығаруды алға қойып отыр. Ол үшін мемлекеттен мол қаражат бөлінуде. Бұл іске шетелдік инвесторлар кеңінен тартылуда. Біз ашық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазір еліміз Нұрсұлтан Əбішұлының аса зор халықаралық беделінің арқасында барлық көршілермен шека- расын бекітіп, делимитация, демаркациясын жа- сап қойды. Оны халықаралық құжаттар арқылы мықтап бекітті. Нарықтық экономиканы дамы- тып, əлдеқашан-ақ үйренуші елден үйретуші елге айналды. Қазір əлемнің көптеген дамушы елдері «қазақстандық экономикалық феномен- нен» үйрену үстінде. Егер Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалығы сая- си беделінің аса зор екендігін көрсетіп берсе, ЭКСПО-2017 еліміздің экономикалық кемелдігін бүкіл дүниежүзіне танытпақ. Қазақстандық ғалымдар аса зор тарихи мəні бар осы оқиғаға дайын тұруы керек. Күн энергетикасынан қуат алу, жел энергиясын пайдалану, бүкіл əлем үшін ерекше мəнге ие болып отырған «жасыл экономикаға» көшу сияқты мəселелер біздің алдағы жылдардағы ғылыми-зерттеулеріміздің басты тақырыбы болуға тиіс. Нұрсұлтан Əбішұлы қазір бүкіл дүние жүзі мойындаған, жаһандық деңгейдегі кемел қайраткерге айналды. Ол Қазақстанды əлемге танытты. Елбасымыздың беделі арқасында Қазақстанға миллиардтаған инвестиция, соны- мен бірге, инновациялық технология келуде. Ендеше біздер, қазақстандық ғалымдар осындай мол мүмкіндікті кеңінен пайдаланып, əлемдік деңгейде бəсекеге қабілетті жаңа ғылыми- зерттеулерге жол ашуымыз керек. Серік ҚИРАБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор: – Елбасымыз – қазақтың бақыты үшін туған азамат. Нұрсұлтан Əбішұлы өз резиденциясын Ақордаға көшіргеннен кейін мен Президенттің қабылдауында болдым. Əуелі Ақорданы асықпай аралап шықтым. Іші-сырты бірдей келістіріле салынған ғимарат екен. Ерекше риза бол- дым. Менің алдымда Елбасы қабылдауында В.С.Черномырдин болды. Одан кейін іле-шала мен кірдім. Ақордадан алған əсерімді жеткізіп, құтты болсын айттым. Нұрсұлтан Əбішұлы: – Жаңа сіздің алдыңызда болған Виктор Степановичке «Бізді үш ғасыр бодандықта ұстағанда, ең болмағанда, осындай бір сарай са- лып бермедіңдер. Ағылшындар, испандар мен португалдардың отар елдерінде тұрғызған сарай- лары əлі күнге дейін жайнап тұр. Ал сендер бар байлықты өздерің тонап, бар сарайды өздеріңде салдыңдар», дедім. Тəуелсіздігіміздің арқасында осындай сарай салатын дəрежеге жеттік. Құдай бұйыртса, ел игілігі үшін талай тамаша ғимараттар салатын боламыз, – деген еді. Шындығында, патшалық Ресей кезінде де, кешегі Кеңес Одағы тұсында да Қазақстанның байлығы ашықтан-ашық тоналды ғой. Тіпті, елдің өз ішін бір-бірімен байланыстыратын теміржол да салынбады. Салынғандарының өзі зор мех- натпен жүзеге асты. Мəселен, «Мойынты – Шу» теміржолын салғанда су ішетін құдық та табыл- май, көшіп-қонған қазақтардың ескі құдықтарын пайдаланыпты. Осыны кезінде Нұртас Оңдасынов марқұм айтып еді. Ұлытау маған да алыс емес. Бүкіл тарихы көз алдымда. Теміржолдың жоқтығы елді ерекше қинайтын. Мен өзім сол аймақта туып-өскендіктен, ондағы халықтың мұқтаждықтары мен арман-тілегін жақсы білемін. Көздеген мақсаты қойнауындағы байлықты алу ғана болған Кеңес өкіметі кезінде жергілікті халықты жарылқайын деген жоқ. Табиғи заңдылыққа салғанда, тоғыз жолдың то- рабында тұруы тиіс Ұлытау өңірі еліміздің қақ ортасында орналасса да, күре жолдардан тысқары қалды. Ал жол дегеніміз ел экономикасының қан тамыры іспетті болғандықтан, халықтың əл-ауқатының артуына тікелей ықпал ететін аса маңызды фактор. Оның келешектегі тікелей экономикалық пай- дасы миллиардтап есептелсе, жанама əлеуметтік ықпалы да одан кем болмайтыны анық. Өйткені, ол еліміздің батысы мен шығысының арасын ғана жалғап қоймай, алып Қытай нарығы мен Еуропаның арасындағы транзиттік жүк тасыма- лына да қызмет етеді. Елбасы айтып өткендей, теміржол желісі бірден бірнеше салаға қозғалыс əкеледі. Байтақ даламызға шашырай қоныстанған халықтың бір- біріне барыс-келісі жеңілдейді. Сауда-саттығы жанданады. Түбіне үңілер болсақ, Елбасының Ұлытауда дəл осы мəселеге қатысты сөзі ұлы Абайдың: «Ойдағы ел, қырдағы елмен араласып» деген сөздерімен астасып жатыр. Нұрсұлтан Əбішұлы еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін руханият мəселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Абай, Жамбыл, Мұхтар Əуезов, Қаныш Сəтбаев тойлары əлемдік деңгейде атап өтілді. Ел экономикасының ең қиын жылдарын- да Шыңғыстауда Абай мен Шəкəрімнің басына зəулім кешен тұрғызылды. Кеңес заманында М.Əуезовтің 20 томдығы, С.Мұқановтың 16 томдығы, Сəкен, Ілияс, Бейімбеттің 6 томдықтары мен Ғ.Мұстафиннің 4 томдығы жарық көрген болатын. Қазір М.Əуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы, 100 томдық «Бабалар сөзі» жарық көрді. Осы заманның ақын-жазушыларының шығармалары алды 10, 15, 20 том болып жарық көруде. Кезінде кітабын шығаруды былай қойғанда, атын атаудың өзіне тыйым салынған ақын-жазушыларымыз түгелдей халқымен қайта табысты. Осының бəрі Елбасының қамқорлығы емес деп кім айтады?! Теміржолдың салынуына оралар болсақ, Ұлытау өңіріне ғана емес, бүкіл Қазақстанға оң өзгерістер əкеліп, халық тұрмысының жақсаруына септігін тигізетініне күмəн жоқ. Елбасының өз сөзімен айтсақ, «Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдала- натын игілігіміз» болмақ. Тек ел қамы үшін туған Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, тəуелсіздігіміз баянды бол- сын деп тілейік. Едіге ТҮРКЕБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор: – Тарихи уақыт деңгейінен қарайтын болсақ, Қазақстан – жас мемлекет. Мемлекетіміздің экономикалық тұрғыдан дамуы Елбасының салиқалы саясатымен жүзеге асырылып келеді. Бұл орайда, сəл тарихи шегініс жасап, өткен күндерге зер салып, бүгінгі жағдайымызға, қол жеткізген табыстарымызға қарасақ, еліміздің бас- ты қуат күші, күре тамыры, ұлттық экономикалық жүйеміздің даму арнасы сарапшылардың тарапы- нан жоғары бағаға ие болуда. Еліміз тəуелсіздігін алғанда Қазақстан өзінің ұлттық валютасы жоқ, қазынасы бос жатқан мем- лекет болатын. Елбасымыз əуелі ұлттық теңгені енгізіп, оны аяғына тік тұрғызды. Мемлекеттік алтын-валюта қорын жасады. Əлемдік эконо- микада жиі орын алып тұратын дағдарыстарға қарсы тұру үшін Ұлттық əл-ауқат қорын құрды. Дəл қазір еліміздің тұрақты экономикалық да- муын қамтамасыз ететін осы екі қорға 100 мил- лиард доллардан астам қаражат жинақталған. Халқы 17 миллионнан сəл ғана асатын Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін бұл аса үлкен қаражат жəне ол Елбасының алысты болжайтын көреген экономикалық саясатының арқасында ғана мүмкін болып отыр. Елбасы Ұлытау төріндегі сұхбатында ел экономикасына қатысты өте маңызды жайттар- ды қозғай келе: «Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бəрі шешілмейді», деп бір сөзбен түйіндеді. Шын мəнінде, бүгінгі таңда заман та- лабына сай экономикалық реформаларды сəтті жүргізе алмаған ел дамудың жоғары жетістігіне қол жеткізе алмайды. Саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда, елімізде қолға алынған жоба- лар өзінің өміршеңдігін дəлелдеп келеді. Жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобалар ел экономикасын шикізаттан тəуелсіз етіп, экономика саласындағы жаңа бағыттарға бастайды. Сонымен қатар, Қазақстанның Ресей жəне Беларусь мемлекеттерімен бірлесіп құрған Кеден одағы жəне Еуразиялық экономикалық одақ ұлттық экономикамыздың дамуына айрықша серпін беретіні анық. Бұл тиімділіктің бір ғана мысалы, үш ел экономикасының жиынтық көлемі 2,2 триллион долларды құрайды. Үш ел шығарған өнеркəсіп өнімінің жалпы көлемі шамамен алғанда 1,5 триллион АҚШ долла- рына жуықтауда. Ішкі жалпы өнім өсімі де 2030 жылға қарай шамамен 900 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Қазақстан бүгінде бəсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде 50-орындағы елге айналғаны сөзсіз қуантады. Мəселен, бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша да көрсеткіштеріміз өсті. Жыл сайынғы ІЖӨ көрсеткіші де экономикалық бағытымыздың дұрыс екенін аңғартып тұрғандай. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, тек соңғы 4 жыл ішінде елімізде 1000-ға жуық кəсіпорын, 250-ден астам өнімнің жаңа түрлері пайда болған екен. Қазақстан тауарлары əлемнің 100-ден астам елдеріне экс- портталуы отандық кəсіпкерлеріміздің бəсекеге қабілетті бола түскенін көрсетеді. Мұның барлығы жүздеген жаңа инновациялық жобалардың арқасында мүмкін болып отырғаны сөзсіз. Сөзімді қорытындылай айтқанда, Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбатында ауқымды мəселелер туралы əңгіме қозғалды. Ел дамуындағы маңызды істердің барлығы тілге тиек етілді. Ұлытау төрінде өміршең сөздер айтылды. Еліміздің келешегін бекемдеп, болашағына сенімді көзқарас қалыптастырған сұхбат болды. Төрегелді ШАРМАНОВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор: – Ұлытау – мен үшін өте киелі ұғым. Бұл – менің ғана емес, менің бүкіл ата-бабалары- ма құтты қоныс болған қасиетті өлке. Ұлым Алмаз Елбасы сұхбат өткізген Əулиебұлақтың маңында туған. Сондықтан «Нұрсұлтан Əбішұлы Ұлытауға барады екен» деген хабарды ести са- лысымен бір жақсылықты күтіп елеңдеп отыр- дым. Теледидардан Елбасының бейнесі жарқ ете қалғанда сұхбатты бастан-аяқ, көз аудармай қарап шықтым. Ертеңінде газетке шыққан материалды қолыма қалам алып тұрып оқыдым. Несін айта- сыздар, бұл өзі ғажап оқиға болды. Менің бүкіл өмірім Ұлытаумен байланыс- ты. Қайда қызмет істесем де, туған жерімнен жырақтаған емеспін. Ұлытаудың бүкіл тарихы да көз алдымда. Егер қазақ жерінің ортасынан тігінен жəне көлденеңін қос сызық тартар болсаңыз, тура соның түйіскен жерінде Ұлытау орналасқан. Бұл өзі қазақ жерінің кіндігі. Он мыңнан астам ғана адам тұратын Ұлытау ауданының жер көлемі екі жарым миллионнан астам халық тұратын Оңтүстік Қазақстан облысынан үлкен. Ал енді осындай киелі өлкенің қазынасы кеңес заманын- да асқан озбырлықпен, жабайылықпен тонал- ды. Кішігірім кен орындарының жанынан əуелі вахталық поселок салынды, кейін ол жерге халық келіп қоныстанды, ал кен таусылғанда солардың басым көпшілігі қаңырап бос қалды. Қазіргі Жезқазғанның орнында бір кездері Кеңгір деген кент орналасқан. Ол əйгілі Степлагтың астанасы еді. Дəл осы Степлагта 50-жылдары 30 мыңға жуық тұтқын, көбінесе сая си тұтқындар болған. Байқайсыз ба, осыдан 70 жыл бұрын Ұлытау жерінде қазіргі Ұлытау ауданы халқынан саны үш есеге жуық көп тұтқын ұсталған. Олар ең қиын жұмыстарға жегілді. Тұтқын сорлыны кім аясын? Оларға ешқандай жағдай жасалмаған. Пайдалы қазбалар көрдің үстінен де, астынан да ешбір технологиялық, экономикалық талаптар сақталмастан қазып алын- ды. Кені таусылған орындар ашық-шашық күйінде тастап кетілді. Міне, Ұлытаудың қазынасы осы- лайша аяусыз тоналды. Ұлытау кеңес заманында да томаға-тұйық өлке болды. Барар жол бар да, шығар жол жоқ. Міне, қазір сол өлкеге теміржол келді. Жолмен бірге мол инвестиция келді. Жаңа стансалар, ауруханалар, мектептер салынды. Халық сол жол арқылы ба- тыс пен шығысқа қарай емін-еркін қатынайтын болады. Менің туған өлкеме жасаған осындай қамқорлығы үшін Елбасына зор рахметімді ай- тамын. Нұрсұлтан Əбішұлына тағы бір үлкен алғысымды елордамыз Астана үшін арнай- мын. Күн сайын жарқырап, жайнап өсіп келеді. Көше толған қазақ жастары. Қарасаң, көз тояды. Астанада əлемдік деңгейдегі үлкен медициналық холдинг жасалды. Оның басы-қасында менің ұлым, Джон Хопкинс университетінің профессо- ры Алмаз Шарман болды. Ол холдингке АҚШ пен Еуропадағы əріптестерін шақырды. Нəтижесінде холдинг əлемдік деңгейдегі аса күрделі операция- лар жасайтын, əлем мойындаған медициналық мекемеге айналды. Елбасына Астана үшін, осы медициналық холдинг үшін ризашылығым шексіз. Жалпы, кейінгі жылдары отандық меди- цинаның дамуына бөлінетін қаржы 6 есе өсіпті. Бұл дүниежүзінің бірде-бір елінде жоқ жағдай. Өкінішке қарай, осы мол қаражатты орынды пай- далану жағында кемшілік көп. Бұл бөлек əңгіме. Оның жай-жапсарын сəті түскенде Нұрсұлтан Əбішұлына өзім арнайы баяндаймын. Ұлытауда тағы бір ұлағатты əңгіме айтылды. Ол тіл туралы. Рас, кеңес заманында Қазақстанда орыстандыру саясаты жүргізілді. Бəріміз амал жоқтықтан орысша сайрадық. Қазір жағдай басқаша. Қазақ тілі өсті, өркендеді. Енді оған төніп тұрған қауіп жоқ. Тіл қай уақытта өседі? Ол тілде сөйлессе, жазылса өседі. Ендеше, алдымен өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Мен Елбасының ағылшын тілін жаппай үйрену керек деген пікірін толықтай қолдаймын. Өз ба- сым ағылшын тілін алпыстан асқанда үйрендім. Өмір үйретті, мəжбүрледі. Қашанғы аудармашы жаныңда жүреді. Сексендегі мен ағылшынша сөйлегенде, сегіздегі бала оны оп-оңай қағып ала- ды. Жалпы, қазіргі заманда ағылшын тілін білмей дəрігер болу қиын. Бұл – заман талабы. Біздің жас- тарымыз ғана емес, өзіміз де сол заман талабына сай болуымыз керек. Ұлытау туралы сөзімді осы тақырыппен аяқтайын. Кезінде Америкаға барғанда немерелеріме Ұлытау туралы өте көп əңгіме айтушы едім. Сөйтсем, олар Ұлытауды Чикаго, Нью-Йорк сияқты үйлері көк тіреген үлкен қала деп ойлайды екен. Алғаш көргенде қорашсынып қалды, бірақ кейін жақсы көріп кетті. Қазір Ұлытауға бара салысымен тау-тасты кезіп кетеді. Суретке түсіреді, интернетке салады. Міне, туған жердің қасиеті деген осы. Сондықтан Елбасына Ұлытауға жасаған қамқорлығы үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Көпжасар НƏРІБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор: – Иə, Ұлытау төрінде өте ұлағатты əңгіме болды. Қазақстанның бүгінгі жетістіктерінің бəрі Елбасының тəуелсіздіктің алғашқы жылда- рынан бастап елді тұрақтылыққа жетелеген са- бырлы саясатына, мемлекетіміздің күш-қуатын арттырған нарықтық экономикалық модельді таңдауына байланысты деп білемін. Естеріңізде болар, сол жылдары Елбасымыз «əуелі – эко- номика, содан кейін – саясат» деген қағиданы ұстанды. Кеңестен кейінгі кеңістік елдерінде бірін бірі алмастырған түрлі-түсті революциялар орын алып жатқанда Нұрсұлтан Əбішұлының дана саясатының арқасында Қазақстанның бүгінгі тұрақты дамуының кепілі саналатын берік экономикалық негіз қаланды. Қазақстан – қазба байлықтарға өте бай ел, бірақ сол қазынаның бəрі жер астында жа- тыр. Оны өндіріп, халық игілігіне жарату үшін мол қаражат керек. Сол себепті Елбасымыз шетелдік инвестицияға айқара есік ашты. Нəтижесінде шетелдердің ең алпауыт компания- лары Қазақстанға келіп, экономикамызға қомақты инвестиция салды. Өзімен бірге осы заманның озық технологиясын əкелді, мыңдаған жұмыс орнын ашты. Еліміздің экономикасы қарыштап алға басқанда Нұрсұлтан Əбішұлы оны диверсифика- циялауды, яғни əртараптандыруды қолға алды. Нəтижесінде Қазақстанда мұнай-газ саласы ғана емес, қара металлургия, түсті металл өндіру мен өңдеу, ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсті. Кешегі кеңес заманында қосып жазып жүріп 1 миллиард пұт, яғни 16 миллион тонна астықты əрең алатын едік. Қазір жыл сайын еш қиындықсыз 20-25 миллион тонна астық жинай- тын болдық. Ел экономикасы тұрақты даму жолы- на түскеннен кейін Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасын ұсынды. Тіпті, бағдарламаға қатысатын отандық жəне шетелдік кəсіпорындарға мемлекет тарапынан аса зор көлемде қаржылай қолдау көрсетілді. Кəсіпорындар қалыпты жұмыс істей бастағанда «30 корпоративті лидер» бағдарламасы бойынша отандық кəсіпкерлерді əлемдік бəсекеге сай өнім шығаруға ынталандыратын жаңа бағдарлама іске қосылды. Осылайша ұлттық экономика жыл сай- ын 5-10 пайызға дейін өсу орбитасына шығып, əлемдік бəсекеге қабілетті өнім өндіру дəрежесіне жеткенде, қазақстандық тауарларды бізден 7-8 есе үлкен Ресей мен Беларусь нарығына шығару үшін Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды жəне оны ойдағыдай жүзеге асырды. Мұны жатсынудың қажеті жоқ. Кезінде Еуроодақты да сынаушылар көп болған. Қазір оның пайдасын Еуропаның ең дамыған елдері көріп отыр. Сондықтан Елбасымыз Ұлытау төрінде осы мəселеге арнайы тоқталып, нақты мысалдармен дəлелдеп берді. Мені экономист ғалым ретінде ел эконо ми- касының дамуы ерекше қызықтырады. «Қазақстан жолы» деп аталатын Нұрсұлтан Əбішұлы ұсынған экономикалық даму моделін қазір бүкіл дүниежүзі ғалымдары зерттеуде. Олар осы модельді да- мушы елдерге үлгі-өнеге ретінде ұсынуда. Бұл туралы жыл сайын Астана экономикалық фору- мына келетін ғалымдар ашық айтуда. Олардың ішінде атағы жер жарған əлемге əйгілі экономи- стер, Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Манделл, Джон Нэш, Роджер Корнберг, Джеймс Миррлис, Роберт Ауманн, Финн Кидланд бар. Бұлардың бəрі өз пікірін ешбір бұлтақсыз, «бар- ды – бар, жоқты – жоқ» деп ашық айтатын тəуел- сіз ғалымдар. Нобель сыйлығының лауреат тары – өз абырой, беделдеріне ерекше мəн бере тін тұлғалар. Олардың Астана форумында айт қан сөздерін бүкіл дүниежүзінің экономист ға лым- дары тыңдады, Қазақстанның өз экономикасын ре фор малаудағы айқын табыстарын ашық мойын- дады. Еренғайып ШАЙХУТДИНОВ Əбдімəлік НЫСАНБАЕВ Ғарифолла ЕСІМ Уəлихан ҚАЛИЖАНОВ Ханкелді ƏБЖАНОВ Бақтияр СМАНОВ Бауыржан ОМАРОВ (Соңы 4-бетте). 23 қазан 2014 жылwww.egemen.kz4 Қазір Батыс елдері Ресей экономикасына санкция салды. Сырттан келетін тауар көлемі қысқарды. Елбасымыз Еуразиялық одақ пен ортақ кедендік кеңістікті пайдаланып, Ресейге шығаратын өнім мөлшерін ұлғайтуды тап- сырып отыр. Шындығында, біздің отандық кəсіпкерлеріміз қазір білек сыбана жұмыс істеп, босаған нарықты еркін жайлап алуы керек. Елбасымыз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру идеясын ұсынды. Бұл да өте қажет бастама. Қазақстан жыл аяғына дейін осы ұйымға кіретін болса, тауар өндірушілеріміздің алдынан жаңа перспективалар ашылады. Біздің кəсіпкерлер осыған дайын болуы керек. Қазақстан тəуелсіздік жылдары Елбасымыздың дана басшылығымен ғасырға бергісіз даму жолы- нан өтті. Əлем таныған, дүниежүзінің ең беделді мемлекеттері санасатын қуатты елге айнал- ды. Оның болашағы бүгінгіден де жарқын деп есептеймін. Бұған қажетті берік экономикалық негіз жасалды. Тек береке-бірлігіміз мықты бо- луы керек. Саяси тұрақтылық қана қарқынды экономикалық дамуды қамтамасыз ететін болады. Сондықтан бəріміз Елбасының төңірегіне топта- сып, оның Қазақ елін өркениет биігіне бастайтын идеяларына əрдайым қолдау көрсеткеніміз жөн. Өмірзақ АЙТБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор: – Е л б а с ы Ұ л ы т а у д а ғ ы с ұ х б а т ы н д а ұлтымыздың ең нəзік əрі жанды жері – қазақ тілінің мəртебесіне қатысты сөз қозғай оты- рып: «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі жəне ағылшын тілін меңгергеніміз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл қатар келе жа- тыр. Біз соны неге ойламаймыз? Біз осылай үш тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің жолы- мыз ашық болады. Осыны түсіну керек», деді. Менің ойымша, бұл – аттандап жүрген тіл жана- шырларына ғана емес, мұқым қазаққа ой салатын толғамды пікір. Осыдан 23 жыл бұрын, Тəуелсіздік жарияла- нар кезде қандай едік, қазір қандаймыз? «Боламыз ба, бордай тозамыз ба?» деген қысталаң шақтың қылкөпірінде тұр едік. Елбасының қайратымен, бұқара халқымыздың сабыр-төзімімен ел болдық. Еңсемізді тіктедік. Сол бір қиын шақтарда тағдырына алаңдаған тіліміз қазір де аман-есен, өзін тудырған халықпен бірге өсіп, өркендеп келеді. Демек, оның бұдан əрі де қолданыс ая- сын кеңейтіп, өркендете беру тек өз қолымызда екен. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» дейтін мақалды тілімізге қатысты қолданатын кез де енді келген секілді. Өйткені, мына заман – жаһандану заманы. Біз қаласақ та, қаламасақ та əлем жұртымен, дамыған елдермен біте қайнасып, ықпалдастықта өмір сүруге мəжбүрміз. Сол дүрмектің ішінде жұтылып кетпей, Мəңгілік Ел боламыз десек, оза шапқандардың қатарына ұмтылуға тиіспіз. Ал бұл орайдағы байланыстың, қарым-қатынастың құралы беріде – орыстың, əріде – ағылшынның тілінде. Ендеше, осы тілдерді меңгермейінше, бəсекеге де ілесе алмайтынымыз анық қой. Елбасының үш тұғырлы тіл саясатының мəні де осында жатыр. Үш тілді – қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін білу – Қазақстан халқына қойылып отырған бүгінгі заман талабы. Бұл орайда, Нұрсұлтан Əбішұлы əлемде айрықша орны бар екі тілдің қатарына қазақ тілін қою арқылы туған тіліміздің мəртебесін де асқақтатып отырғанын түсінгеніміз абзал. Қазақстан халқы мемлекеттік тілде сөйлеп, жа- зып, шығарма тудырып, ұлт руханиятын есе- леуге, тіл аясын дамытуға тиіс болса, орыс, ағылшын тілдерін білу арқылы аталған тілдерді Қазақстанды дамытуға пайдалануы керек. Сонда біздің жолымыз ашық, болашағымыз жарқын болады. Елбасының дəл осы сөзі Қазақстанды туған Отаным деп білетін барша азаматтарға да ой салды деген үміттемін. Мұны Елбасы «Қазір өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын адамның бəрі баласына қазақ тілін үйретіп жа- тыр» деген салмақты мысалмен айтты. «Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін бұрып тұр», дегені осыны аңғартады. Қазақ тілінің болашағы қазақтың өз қолында. Осыны əр қазақ ұмытпауы керек. Ұлт тілін дамытуға əркім қал-қадерінше үлес қосуы керек. Сонда ғана дүниедегі барша қазақтың ана тілі – қазақ тілі өсіп-өркендейтін болады. Еренғайып ШАЙХУТДИНОВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор: – Мен өткен жылы «Елбасы жолы» фильмін үлкен ықыласпен көріп шықтым. Содан бір аңғарғаным, Нұрсұлтан Əбішұлы жастайы- нан үлкенді сыйлау, ата-баба салтын қадірлеу, анасын ардақтау, кішіге қамқор болу сияқты халқымыздың тамаша дəстүрлерін сақтап өсіпті. Ол Президентіміздің іс-əрекеті, сөйлеген сөзінен үнемі айқын аңғарылып тұрады. Ұлытау төріндегі сөздің тағылымы да ата-баба тарихын, тілін, салтын сақтау жəне оны осы заманның озық дəстүрлерімен ұштастырып, алға апаруымен бай- ланысты деп білемін. Елбасы шешіліп сөйледі, өте шешен сөйледі. Ең болмағанда алдында бір парақ қағаз да болма- ды. Жүректегісін айтты. Жалпы, шын жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жететін болады. Сондықтан Нұрсұлтан Əбішұлының сөзі бүкіл қазақ қоғамында зор серпіліс туғызды. Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде айтарым, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды насихаттауға біз əрдайым көңіл бөліп отыруымыз керек. Бұған ерекше мəн беруіміз қажет. Экономикамыз қалыптанды, ғылым мен білім, медицина, жаңа технологиялар да қарыштап дамып келеді. Ал енді осының барлығына рухани тұрғыдан негіз болатын бастаулар керек. Олар – адамгершілік, ізгілік, парасаттылық, ұстамдылық, сыйластық, өнегелілік пен тəрбиелілік жəне т.б. ізгі қасиеттер мен амалдар. Бұл ретте мен Елбасының ардагерлерге көрсетіп келе жатқан құрметін ерекше атап өтер едім. Елбасы ардагерлермен əрдайым жүздесіп, олардың хал-ахуалдарын біліп отыру- ды естен шығармауы оның бойында қалыптасқан үлкендерге деген құрметтің шынайы көрінісі дер едім. Ол ардагерлермен бір кездесуінде: «Сіздердің ақ шалған шаштарыңыз даналық пен өмір сүрген жылдардың тəжірибесін сақтап келеді. Сіздер майдан мен тылдың қатал мектебінен шыңдалып шықтыңыздар, елді қалпына келтіріп, соғыстан кейінгі жылдардың мұқтаждығы мен азабын тарттыңыздар. Сіздер бейбітшілік пен келісімнің бағасын білесіздер», деген болатын. Елбасының Ұлытауда айтқан ойлары ел мен жерге деген құрметті арттырудың өнегесі болса, екіншіден, сол жерде туып-өскен, Отанға жан ая- май қызмет еткен ата-бабаларымыздың салып кет- кен өнегелі жолын ардақтай білудің де ғажайып үлгісі болды деп есептеймін. Əбдімəлік НЫСАНБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор: – Қазіргі заманды əлемдік философтар мен сая- саттанушылар «өркениеттер қақтығысы» кезеңі деп бағалауда. Америкалық ғалым С.Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы» атты дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылған кітап та жазды. Тағы бір жапон тектес америкалық саясаттану- шы Ф.Фукуяма «Тарихтың ақыры» деген еңбек жазып, адамзат өз дамуының соңғы сатысы, ең күрделі, қақтығысты сатысына шықты де- ген тезисті алға тартуда. Міне, осындай күрделі кезеңде бізге таразы басын тең ұстайтын кемеңгер тұлға керек. Өз басым алуан тілді, алуан дінді əлемнің батысы мен шығысы түгел мойындаған Нұрсұлтан Əбішұлын дəл осындай қайраткер тұлға деп білемін. Ұлытау төріндегі сұхбат бізге осыны тағы бір қырынан дəлелдеп берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламалық сұхбатында алдағы ой-армандарымен де бөлісті. «Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің ба- лаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын», деді Елбасы. Жалпы, Нұрсұлтан Əбішұлының осы сұхбатында ұлттық философияның мəселелері айқын көрініс тапқан. Атап айтқанда, өткен тари- хымызды қадірлеудің философиясы, ел болудың, мемлекет болудың философиясы, Мəңгілік Ел болудың философиясы тұнып тұр. Біздің республикамыз əлемнің саяси картасы- нан өзінің лайықты орнын алды. Мемлекет бас- шысы ұлттық рухты нығайтуға шақырады. Бұл – дəстүр, патриотизм, жаңару мен жеңістер рухы. Ғасырлар тереңіне кеткен ұлттық тамырыңды білу арқылы балалар мен жастарды өткеннің игіліктерін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тəрбиелеп, оларды туған Отанының шынайы па- триоттары ретінде өсіруге болады. Нұрсұлтан Əбішұлы тарихымызды жастар міндетті түрде білуі керек деп есептейді. Олай бол- са, жастар өз халқының рухани құндылықтарын, дəс түр лері мен əдет-ғұрыптарын терең меңгеруге тиіс. Елбасы сұхбатында дін мəселесіне де айрықша тоқталып өтті. «Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір- бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тəрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн», деді. Осылай еткенде ғана діннің мемле- кетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болаты- нын атап көрсетті. Сырттан оқып келген жас тар біздің дəстүрімізге кереғар діни ағымдарды тық- палағысы келеді. Өздерінше бұл ағымдарды жөн санап, күшпен, зорлықпен таңғысы бар. Мұны қостай алмаймыз. Дін жолында күштеу, зорлау деген болмау керек. Əрине, басқа діндерді, олар- ды тұтынатындарды сыйлап, құрметтеген дұрыс. Біздің мақсат негізінен дінді шынайы иман- дылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуға ұмтылу болу керек. Атына бүкіл ел қанық Жібек жолы қайта жаңғыруда. Құрлық көлігін дамыта- тын «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының маңызы ерекше. Жезқазған жеріндегі жаңадан салынған теміржолды Шығыс пен Батысты жалғайтын ғасыр жобасы деуге əбден болады. Бұл стратегиялық жоба Қазақстанның орталық өңірінен жөнелтілетін жүкті Батысқа, одан Еуропаға тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Осы жұмыстардың бəрі Елбасының биік мақсаты – Қазақ елінің Мəңгілік Ел болуы үшін атқарылуда. Ғарифолла ЕСІМ, Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор: – Елбасы Ұлытаудағы сөзінде Ұлытаудың қасиетіне айрықша тоқталды. «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мəні бар», деді. Расында да, Ұлытау – ұлан-байтақ қазақ даласының нағыз түп кіндігі, ұлықтау өңірі, Ұлытау жерінде Жошы ордасының орнауы, Шыңғыс тұқымының еуразиялық саясатына оның ұйытқы болуы бұл өңірдің даңқын əлемге таны- тып, мəртебесін биікке көтерді. Ұлытау сан жыл- дар бойы түркі-моңғол көшпенділерінің хандары мен ақсүйектері, батырлары мен дегдар топтары қоныстанған саяси-мəдени киелі жұртқа айнал- ды. Қазақ хандарының, сондай-ақ, атақты тайпа көсемдерінің мүрдесі жерленген пантеон да осы Ұлытау өңірінде. Ел қамын жеген ер Едігенің жəне Тоқтамыс ханның Ұлытаудың ұшар басы- нан мəңгілік жай табуында да үлкен мəн-маңыз бар. Алаша ханның сəулетті де асқақ əрі аса ай- бынды күмбезі Кеңгір өзенінің жағасында ерек бейнесімен ерекше көз тартып тұр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыз Түркістанда өткен зиялы қауым өкілдерімен кездесуде керемет ойлар айтты. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Біз өз ұлтымызды тануда Абай шығармаларын, ислам дінінің ұлағатын алуда Ясауи ілімін басшылыққа алуымыз керек», деді. Керемет айтылған сөз! Елбасымыз Абайды жиі- жиі аузына алады. Бұл тегін емес. Қазақтың бүкіл болмысы данышпан Абайда тұр. Мен Елбасына абайшылдығы үшін ерекше тəнтімін жəне зор алғысымды білдіремін. Ясауи ілімі, оның «Хикметтері» – қазақ үшін ғана емес, бүкіл түркі жұрты үшін ерекше қастерлі ұғым. Қазақстанға келген Түркия президенттері ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етпегендері сирек. Олар Елбасының ұсынысын бірден қолдап, Түркістанда Халықаралық қазақ- түрік университетін ашты, кесенеге жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Ясауи қайда, Түркия қайда жатыр. Олар ұмытпаған. Əлі күнге дейін басын иеді, құрметтейді. Ендеше, ұлы бабамыздан біз де өнеге алуымыз керек. Қазір Қазақстанда Сауд Арабиясы, Ливия, Пəкістан, т.б. елдерде діни білім алған жастар қаптап кетті. Олардың білімі біз тұтынатын Ханафи мəзһабына сəйкес келе ме? Осыны мықтап ойлануымыз керек. Нұрсұлтан Əбішұлы мұны бəрімізден бұрын ойлап, Алматыдан «Нұр мүбарак» атты қазақ-мысыр ислам университетін ашып берді. Ендігі кезде біз өзімізге қажет діни мамандарды өзіміз даярлауымыз керек. Елбасымыз – үлкен философ тұлға, Ұлытауда сөйлеген сөзінде ол ұлтының ұлы ұстазы ретінде осыны дəлелдеп берді. Уəлихан ҚАЛИЖАНОВ, М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор: – Мемлекет басшысы қасиетті Ұлытау баурайындағы сұхбатында: «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды», деді. Халықтың тарихындағы баға жетпес құнды ескерткіштер ретінде бабаларымыздың эпикалық мұраларын, белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын айтатынымыз белгілі. Елбасымыздың бастамасымен «Мəдени мұра» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асты. Еліміздің егемендікке ие болуы жаңа көкжиектерді ашты. Əдеби үдерісті дамытуға, ұлттық сана-сезімді дамытудағы əдебиеттің орнын айқындауға қолайлы жағдай жаса- ды. Қазақ əдебиеті мен қазақтың əдебиеттану ғылымына репрессияға ұшыраған ақындар мен жазушылардың, Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұралары қайта оралды. «Бабалар сөзі» атты 100 томдық эпикалық жəне фольклорлық мұралардың, 20 томдық «Əдеби мұралардың» қолға тиюі үлкен жетістік. Тəуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасында əлемдік қоғамдастыққа лайықты түрде енудің барлық алғышарттары пайда болды. Ал еркіндік сүйгіш рух Ұлы Далада – өркениеттің бесігінде əрдайым үстемдік құрып, сақталып келген еді. «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мəңгілік болуы. Сондықтан Мəңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мəңгілік Ел болу үшін бəрін жасап жатырмыз», деді сұхбатында Елбасы. Мəңгілік Ел болуды мақсат еткен əрбір аза- мат тарихымыздың өткенінен сабақ алуы тиіс. «Орхон-Енисей» ескерткішінде, тасқа басылған «Күлтегін» жазуында көңіл бөлер тұстар бар. Түркі халқының елдіктен айырылуының себебін Күлтегін бабамыз соқырға таяқ ұстатқандай тізіп береді: «Əміршілері де біліксіз екен, жалтақ болған екен, бектерінің, халқының ымырасыздығынан, табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен, інілі-ағалының дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан...». Бұдан шығатын қорытынды, елге ең алдымен қажеті – ауызбірлік, ынтымақ. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» дегенді ту ет деп тұр бабамыз. Елбасымыздың қазіргі жүргізіп отырған саясаты Қазақстанды мекен еткен алуан ұлт өкілдерінің достығын, қазақтың өз ішіндегі ауызбірлігін, берекесін сақтауға арналған. Сондықтан Нұрсұлтан Əбішұлының қазақтың тілі мен тарихына, діні мен дəстүр-салтын сақтауға қатысты сөзі əр қазақтың жүрек төрінен орын алады деп нық сенемін. Менің шетелдердегі əріптестерім «Нұрсұлтан Назарбаевтай дана басшысы бар қазақтар қандай бақыттысыңдар» дегенді жиі айтады. Ендеше, біз Елбасымыздың қазақты береке-бірлікке, ынтымаққа бастайтын Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты ойларынан тиісті ғибрат алуымыз керек. Ханкелді ƏБЖАНОВ, Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор: – Елбасымыздың ұлт тарихының керемет білгірі екендігін бұған дейінгі еңбектері мен сұхбаттарынан білетін едік. Əсіресе, Елбасының «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында» жəне «Қазақстан жолы» атты еңбектерінде қазақтың арғы-бергі тарихы ғана емес, болашақ дамуының да беталыс-бағдарына терең талдау- лар жасалған. Отандық тарихшылар үнемі осы еңбектерді басшылыққа алып келеді. Ұлытау төрінде қысқа да нұсқа бірнеше тезистер алға тартылды. Біріншіден, қазақ – бай тарихы бар халық. Екіншіден, қазақ тарихын терең əрі жан- жақты зерттеу қажет. Үшіншіден, қазақ тарихын өзге елдер архивтерінен алынған деректермен салыстыра зерттеу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Ұлытау төріндегі сұхбатында ұлт тари- хы жөнінде келелі ойлар қозғады. Елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын, кейін көк түріктерге жалғасып, одан соң Алтын Орда орныққанын айтты. «Біз – өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың та- рихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз», деді Елбасы. Президент атап өткеніндей, қолға алынып жатқан жұмыстар бар. Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жəдігерлері жиналды. Осы жұмысты əрі қарай жалғастыру – баршамыз үшін міндет. Елбасының сұхбаты тарихшыларға зор міндет жүктейді. Ұлт тарихын əлемдік та- рих қазынасымен байланыстыра, салыстыра, деректік негізде зерделегенде ғана өзгелер ал- дында бетіміз ашық болады. Ғалымдарымыздың таңдаулы еңбектерін əлем тіліне айналып отырған ағылшын тіліне аударсақ, басқалар еліміздің мақсат-мүддесіне, əлемдегі орнына барынша қаныға түседі. Көрші жатқан Ресей, Қытай ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, ортақ ғылыми жоба- ларды бірлесе жүзеге асырсақ, мұның да пай- дасы зор. Біріншіден, кəсіби жағынан шыңдала түсеміз, екіншіден, біздің ұлтымызға, елімізге қатысты олардың архивтеріндегі, музейлеріндегі, кітапханаларындағы тың деректерге қол жеткіземіз. Тек бұл екі ел ғалымдарымен ғана емес, басқа да шетелдердегі ғалымдармен бірлесе жұмыс істейтін болсақ, көп нəрсеге жол ашыла- тыны анық. Елбасы сұхбаты барысында мынаны атап көрсетті: «Отанды қорғау дегенде, əрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Əкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр». Осының өзі басқаларды айтпағанда, тарихшы ғалымдарға зор жауапкершілік жүктейді. Бақтияр СМАНОВ, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор: – Елбасының сұхбатын əңгіме арқауына айналдыратын мұндай басқосулардың болып тұрғаны өте қажет. Ұлытаудағы ұлағатты сұхбат бəрімізге ой салғаны сөзсіз. Аз мəселе қозғалған жоқ. Қарап тұрсаңыз, бəрі де терең, салмақты дүниелер. Сұхбат дер кезінде берілді деп ой- лаймын. Сұхбаттың басты лейтмотиві – жастар тəрбиесі деп білемін. Өз басым педагог-ғалым ретінде осыны аңғардым. Біз оларға қандай білім, қандай тəрбие береміз, елдің болашағы соған бай- ланысты. Өйткені, біздің бүгінгі буын жасаған игі істерді алға апаратын да, дамытатын да – жастар. «Арманы биік асыл ер ұрпақтың қамын ойлайды» деген сөз бар ақындар толғауында. Болашақ ұрпағының қамын ойлайтын нағыз асыл ер Елбасы деп білемін. Ол ел дамуының ең қиын кезеңінде, қаржы-қаражаттың өте тап- шы кезінде «Болашақ» бағдарламасын жаса- ды. Мемлекет тарапынан оны жүзеге асыруға орасан зор қаражат бөлгізді. Қазір он мыңнан астам талантты жастарымыз əлемнің ең озық университеттерінде білім алып, туған жеріне оралды. Жай ғана оралған жоқ, сол өздері білім алған елдердің озық дəстүрлерін ала келді. Солардың алды үлкен-үлкен, биік лауазымды қызметтерге арласа бастады. Бұл – əлемдік тəжірибеде теңдесі жоқ жоба. Мен ұзақ жылдар білім беру саласында қызмет атқардым. Кеңес заманында Қазақстандағы мектептердің саны дабырайтып көрсетілгені бол- маса, сапасы шамалы болатын. Олардың ішінде, тіпті, революцияға дейін соғылған ескі мектептер де өте көп болды. Елбасының тапсырмасымен тек кейінгі 10 жыл ішінде Қазақстанда 500-ден астам жаңа мектеп салынды. Мен мұны да Елбасының жас ұрпаққа деген ұлы қамқоршылығы деп бағалаймын. Қазір еліміздің əрбір өңіріндегі талантты бала- лар іріктеліп, «Назарбаев мектептеріне» топтасты- рылуда. Мемлекеттен орасан зор көлемде қаржы бөлініп, университеттерге лайық ғимараттарда орналасқан осындай 20 мектепте Қазақстанның «болашағы» білім алуда. Бұл да əлемдік үрдісте жоқ жоба. Бұл – Қазақ елінің біліміне, ғылымына салынған қайтарымы да, қайырымы да мол ин- вестиция. Елбасы Ұлытауда жастарға ұлтымыздың ұлы ұстазы ретінде əкелік ақылын айтты жəне еститін құлақтың бəріне жеткізіп айтты. Сондықтан ол халықтың көңілінен шықты. Ендігі жерде еліміздің барлық мектептерінде жəне жоғары оқу орындарында Елбасымыздың осы ұлағатты сөздерін терең зерделеп, жас ұрпақ санасына сіңіруіміз керек. Бауыржан ОМАРОВ, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор: – Бүгінгі сұхбатқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы кішісі мен екенмін. Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасымыз Ұлттық ғылым акаде- миясында өткен жиында «Ғылымға жас бу- ынды тарту керек» деп ұсыныс жасаған бо- латын. Президенттің осы тапсырмасын орын- дау мақсатында академияда 50-ге толмаған ғалымдар арасында арнайы сайлау өткізіліп, ұлттық ғылым ордасының корреспондент- мүшелерінің қатары жас буын өкілдерімен толықты. Менің тікелей қызмет істеген салам болғандықтан, Елбасының Ұлытауда сөйлеген сөзінен тіл мəселелесін ерекше бөліп атар едім. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Елбасы тапсырмасымен 2010 жылы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын əзірледі. Сол бағдарлама бойынша елімізде мемлекеттік тілді дамытуға қажет жағдайдың бəрі жасалуда. Бірақ тілді дамыту бір ғана министрліктің немесе мемлекеттің ғана емес, əр қазақтың абзал борышы деп білемін. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасының Ұлытау төрінде айтқан сөзін əрбір министрлік жəне облыс əкімдері басшылыққа алуы ке- рек. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Қазір өз тағдырын Қазақстанмен байланыстыратын адамның бəрі ба- ласына қазақ тілін үйретіп жатыр», деп өте жақсы атап көрсетті. Осында «тағдыр», «Қазақстан» жəне «қазақ тілі» деген үш киелі сөз бар. Осыған əрбір қазақ қана емес, өз тағдырын қазақ жерімен байланыстыратын əр адам ерекше назар аударуы керек. Елбасы «тілді байыту керек» деп ашық айтты. Оған бұқаралық ақпарат құралдары атсалысуға тиіс. Қазақ тілін, сөз қадірін білетін, баспасөзде, теледидарда, радиода қызмет атқаратын біздің əріптестеріміз тілді шұбарламай, оның əдеби қалпын сақтауға ерекше назар аударуы керек. Қазір елімізде тек «Қазақстан» телеарнасы мен «Шалқар» радио- сы тек қана мемлекеттік тілде хабар таратады. Сонымен қатар, 365 газет, 108 журнал қазақша шығады. Бұлардың ішінде 65-інің қазақша интернеттік нұсқасы таралады. Сонымен қатар, 7 ақпарат агенттігі жұртшылықты тек қана қазақша мəліметпен қамтамасыз етеді. Жыл өткен сайын мемлекеттік тілдегі интер- нет сайттарының қатары көбейіп келеді. Қазір олардың саны 450-ге жуықтады. «Фейсбук», «Твиттер» жəне басқа да əлеуметтік желілерде қазақша сөйлесетіндердің қатары артты. Телеарналарда негізгі бағдарламаларды қазақ тілінде жүргізетін өзге ұлт өкілдері жеткілікті. Үшінші үлкен проблема термин жасауға қатысты. Елбасымыз айтқандай, біз халықаралық терминдерді жатсынбағанымыз жөн. Оларды қазақ тілінің үндестік заңына сəйкес тілімізге батыл енгізу қажет. Сонда ғана ұлтпен бірге ұлт тілі де өседі. Сөзімнің соңында айтарым, Ұлытау ұла- ғатын Қазақстанның барлық бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе, жергілікті ақпарат көз- дерінде кеңінен насихаттау керек деп есептеймін. Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі: – Құрметті зиялы қауым. Бүгін Ұлттық ғылым академиясының жетекші ғалымдарының қатысуымен Елбасымыздың Ұлытау төрінде берген ұлағатты сұхбатынан туындайтын жаңа тұжырымдарды талқылауға арналған келелі əңгіме болды. Осы кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынұлы Жұрыновқа, атсалысқан барша ғалымға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта ел өмірінде, халық тағдырында елеулі орын алатын осындай оқиғаларға байланысты тақырыптық басқосуларды өткізіп тұруды дəстүрге айналдыруға əбден болады деп есептеймін. Баршаларыңыздың еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Ўлытау тґріндегі ўлаєатты əѕгіме (Соңы. Басы 1-3-беттерде). 23 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 5 Бұдан кейін депутаттар «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістерді қарастыратын заң жобасына қорытынды əзір- леу мерзімін 26 қараша деп белгіледі. Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың айтуынша, заң жобасы республикалық бюджет параметрлеріне өзгерістер енгізуді көздесе, мұндай жағдай ең алды- мен 2014 – 2018 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне жəне 2014 жылғы 9 ай қорытындысы бой- ынша бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін түсімдердің азаюына бай- ланысты туындаған. Сондай-ақ, палата «2015 – 2017 жылдарға арналған рес публикалық бюджет тура- лы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөніндегі мəселеге де оң көзқарас танытты. Де- путаттар ұсынған түзетулер жан-жақты қаралып, əрі қарай жұмысты жалғастыруды талап еткендіктен, оның мерзімі 2014 жылдың 30 қарашасына дейін ұзартылды. Бұдан кейін палата «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған ке п іл - дендірілген трансферт тура- лы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру мерзімін де осы күнге бекітіп берді. Бұдан кейін күн тəртібінің соңғы мəселесі болып табылатын Кеден одағының кедендік шека- расы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринариялық- санитариялық бақылау жəне өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден ор- гандарына беру мəселелері бойын- ша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен то лықтырулар енгізу заңдық құжаты да өз шешімін тапты. Атап айтқанда, Мəжіліс депутаттары заң жоба- сын тұжырымдамалық өзгерте қоймайтын Сенат енгізген 28 түзетумен келісті. Оның ішінде біреуі 2015 жылдан бастап Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа мəтінде күшіне енуіне байланысты қолданыстағы ко- декске өзгеріс енгізіп отырған тармағын алып тастауға, 23-і заң жобасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажы- рату мəселелері туралы Қа- зақстан Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы Жарлығына жəне 29 қыркүйектегі қа был- данған заң нормаларын сəй- кестендіруге қатысты. Ал қал - ғаны редакциялық жəне нақ- тылаушы сипаттағы түзе тулер болып табылады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Бұл – Париждегі ХКБ Бас Ассамблеясының 155-ші сессия- сында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу тура- лы ресми шешім қабылдағаннан кейінгі алғашқы шара. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания- сы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев атап көрсеткендей, ЭКСПО-2017 көрмесін ұйым- дастыру үшін Қазақстанда бар- лық қажетті əкімшілік жəне мате- риалдық мүмкіндіктер бар. Осыны халықаралық қатысушыларға жеткізу – бүгінгі жиналыстың басты мақсаты. ЭКСПО сияқты жаһандық жобаларға кешенді халықаралық талаптар қойылады. Сол талаптарды толығымен сақтай отырып, көрмені жоғары дəрежеде өткізу еліміз үшін үлкен міндет. Сонымен бірге, осы басқосу ба- рысында халықаралық жиынға қатысушылар көрме жобасы бой- ынша белгіленген негізгі мəсе- лелермен жан-жақты таныса- ды. Атап айтқанда, олар ЭКСПО қалашығының құрылысының бары- сымен, көрменің басты тақырыбы шеңберінде қолға алынып жатқан шаралармен жан-жақты таныса- тын болады. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысушылардың жи- налысын Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ашып, кіріспе сөз сөй- леді. Ол Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін өткізу Мемлекет бас- шысының тікелей бастамасы- мен еліміздің ұлттық жобасына айналғандығын атап көрсетті. Халықаралық көрменің басты тақырыбы ретінде «Болашақ энер- гиясының» күн тəртібіне шыға- рылуы да бұл халықаралық шараның адамзат үшін маңыздылығын одан əрі арттыра түссе керек. Елбасының халықаралық аренада ұсынған «Жасыл көпір» бастамасының шеңберінде Қазақстан эконо- миканың барлық саласына жасыл технологияны енгізу мəселесін батыл қолға алынып отыр. Біз халықаралық маңызды шара ретінде ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымшылдықпен жоғары дəрежеде өткізе отырып, адамзат болашағы үшін маңызды мəселелердің бірі болып табылатын болашақ энергиясының негізін қалауға жол ашамыз. ХКБ бас хатшысы Висенте Лоссерталес өз сөзінде Астанада өтетін көрменің тақырыбы бү- гінде барлық адамдарды ерекше толғандырып отырған «Болашақ энергиясы» екендігін атап көрсетіп, бұл мəселенің маңыздылығын тілге тиек етті. Сонымен бірге, ол Қазақстан 2017 жылы Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған көрмеге ба- рынша тыңғылықты дайындалып жатқандығын атап көрсетті. Ол күні кеше болашақ көрме қала- шығындағы құрылыс жұмыстарын аралап, көргендігін тілге тиек етіп, өзінің осы халықаралық қызметтегі ширек ғасырлық тəжірибесінде мұндай жоғары ұйымшылдықты алғаш көріп отырғанын ерекше айт- ты. Жиында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, ЭКСПО-2017- нің комиссары Рəпіл Жошыбаев сөз сөйледі. Э К С П О - 2 0 1 7 к ө р м е с і н е қаты сушылардың бірінші жи- налысы шеңберінде көрменің кон тент-жоспары, іс-шараның тақы рыптық сипаты жан-жақты таныстырылды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ- тың көрмені өткізу жəне ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайда- лану департаменті директорының орынбасары Меруерт Нұрахметова баяндап берді. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 басты тақырыбы негізгі үш бөлімнен тұрады. Олар – «СО2 қалдықтарын азайту», «Энергия үнемдейтін өмір салты» жəне «Баршаға арналған энергия». Бұл ретте «СО2 қалдықтарын азайту» бөлімі атмосфераға шыға- рылатын көмірқышқыл газы қалдықтарын азайтып, таза тех- нологияларды кеңінен пайдалану шараларына жол ашады. «Энергия үнемдейтін өмір салты» бөлімі қуат көздерін мейлінше үнемдеу арқылы жоғары тиімділікке қол жеткізу мəселесін басшылыққа алады. Ал «Баршаға арналған энер- гия» бөлімінде энергия қуатына қол жеткізу адамның басты құқығы жəне қажеттілігі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде 4 тақырыптық павильон ашылып, жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Энергия əлемі» павильонын- да қазіргі энергетика саласының көкейкесті мəселелері көрсетіледі. Бұл ретте қоршаған ортаны ластай- тын қалдықтарды азайту, дəстүрлі энергия көздерінің улы заттарын барынша қысқарту, экологиялық таза əрі тиімді баламалы энерге- тиканы дамыту мəселелері бар. Екінші «Өмірге қажетті энергия» павильонында өмір мен энергия арасындағы байланыс, энергия мен биологиялық тіршіліктің бір- біріне тəуелділігі көрініс табады. Үшінші «Баршаға арналған энер- гия» павильонындағы адамзат үшін қолжетімді энергия көздерін ашу мəселесі көтеріледі. Ал «Менің бо лашақ энергиям» павильонында «Болашақ энергиясы» деп аталатын көкейкесті тақырыптың мəселелері көрініс табады. Сонымен бірге, көрме қалашығында «Үздік тəжірибелердің аймағы» ұйым- дастырылады. Онда энергетика саласындағы үздік технологиялар жəне жобалар таныстырылатын болады. Қала əкімдігінің ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жəне өткізу жөніндегі дирекциясы» ЖШС- нің директоры Б.Жансейітов көрмені өткізу қарсаңындағы е л о р д а н ы ң д а й ы н д ы ғ ы т у - ралы баяндады. Бұл ретте ол ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қа тыс ты инфрақұрылымдық жұ- мыс тарға жан-жақты тоқталды. Ол №3 ЖЭО-ның құрылысы, энергетикалық əлеуетті артты- ру мақсатында салынып жатқан «Бəйтерек», «Олимп», «Шығыс» жəне басқа қосалқы стансалардың құрылысы туралы тілге тиек етті. Сонымен бірге, ол энергия тарату, су тазарту жəне басқа инженерлік инфрақұрылымдық нысандарды жаңғырту туралы айтты. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-тың сəулет жəне құры лыс департаментінің бас менед жері Айдар Марат жиынға қаты су- шыларды ЭКСПО көрмесінің бас жоспарымен таныстырды. «ЭКСПО – қалашығы қала аума- ғына кіреді. Астананың бас жоспа- ры бойынша оған 175 гектар жер бөлінген. Одан басқа 150 гектар жер көрменің қосымша нысандары мен көлік инфрақұрылымын салуға бөлінді. Мұнда қоғамдық көлік тұрақтары орналасатын болады», деді ол. Сонымен бірге, ол көрме кешені орналасатын аумақтың 42 пайызы павильондарға берілетінін, ал қалған аумақта мəдени шара- ларды өткізуге арналған ашық жəне жабық алаңдар орналаса- тынын айтты. Қалашықта бой көтеретін негізгі нысан – Қа зақ- станның ұлт тық павильоны 7855 шаршы метр аумақты алатын болады. Ал төрт тақырыптық павильон 8800 шақырым метр аумақта бой көтермек. Қалған аумақта көрмеге қатысушы мем - лекеттердің павильондары, үкі- меттік емес ұйымдар мен кор- поративтік қатысушылардың ны- сандары, сонымен бірге, «Үз- дік тəжірибелер аймағы» қо ныс тебетін болады. Жалпы, ЭКСПО қалашығы нысандарының құ- рылысын са луға 8 мердігерлік компания тартылған. Олар 38 ірі нысанның құрылысын жүргізеді. Кешен құрылысы толығымен 2016 жылдың желтоқсан айында аяқ- талуға тиіс. Астана «ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-тың маркетинг жəне қо- ғамдық ұйымдармен байланыс департаментінің директоры Əсел Қожақова «Болашақ энергия- сы» атты көрменің тақырыбы ойын-сауық бағдарламаларында да кеңінен көрініс табатындығын атап айтты. «Күнде сан-алуан шоулар, тақырыптық мереке- лер, фестивальдар, концерттер, көрмелер, қойылымдар жəне тағы басқа мəдени шаралар ұйым- дастырылады. Соның барлығы 93 күн бойы үздіксіз өткізіледі. Біз əрбір қатысушы мемлекеттің ерекшеліктерін де көрсетуді көздеп отырмыз. Үш айдың ішінде Қазақстанның елордасы – Астана қаласына миллиондаған адам келіп кетеді. Сол кезде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мəдени шаралардың үлкен алаңына айналады», дейді Ə.Қожақова. Оның айтуынша, ойын-сауық шаралары тек көрме алаңында ғана емес, қаламыздың барлық алаңдары мен көшелерінде көрініс табатын болады. –––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ. Кеңестің жұмысына Пар- ламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» пар- тиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева қатысып, сөз сөйлесе, отырысты «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің төрағасы, «Инновациялық» эко- номика бағыты бойынша куратор Мейрам Пішембаев жүргізді. Тақырып бойынша Энергетика министрі Владимир Школьник баян дап, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Т.Этчисон қосымша баяндама жасады. Шетелдік ком паниялар «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Опе рей тинг», «CNPC» (Қытай ұлттық мұнай-газ корпо- рациясы) ЖШС өкіл дері сөз алып, ойларын ортаға салды. Кеңес жұмысының шең берінде аталған тақы рып бойынша Мəжіліс депу тат тары – Экономикалық сая- сат кеңесінің жұмыс комиссия- лары мүшелерінің ақпараты, Сараптамалық топ мүшелерінің сөздері тыңдалып, мұнай-газ са- ласына инновацияларды енгізу, «ақылды» технологияларды қолдану пайдасын арттыру, жер қойнауын пайдаланудағы оң тəжірибені қорытындылау жəне жобалардағы қазақстандық үлесті арттыру мəселелері, сондай-ақ, кеңес əзірлеген ұсыныстардың жобасы талқыланды. Кеңестің жұмысына Пар ламент Мəжілісінің депутаттары, ұлттық жəне шетелдік компаниялардың басшылары, мұнай-газ секторының өкіл дері қатысты, деп хабарлады Мə жілістің баспасөз қызметі. Кґрмеге дайындыќ кґпшілік назарында Кеше Тəуелсіздік сарайында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың 1-ші жи- налысы ашылды. Екі күндік форумға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылары, ЭКСПО Комиссариаты хатшылығының қызметкерлері, соны- мен бірге, ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми шақыру алған 86 елдің 200-ден астам өкілі қатысуда. Заѕ жобаларымен жўмыс жалєасады Кеңес төрайымы Гүлнар Сейтмағанбетова: «Мемлекет басшысы 2011 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында коммуналдық секторды ауқымды жаңғырту жəне тұрғын үй қатынастарының тиімді моделін құру туралы нақты міндеттер қойған болатын. Негізгі индикатордың бірі ретінде бұл міндет «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасына да енгізілді», деді. Сондай-ақ, осы міндеттерді орындау мақсатында 2011 жылы «2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы қабылданған бо- латын. Міне, бағдарлама қабылданғалы 3 жыл өтіпті. Аралық нəтижелері қандай, қандай жетістіктер мен кемшіліктер бар? Осы мəселелер депутаттарды да толғандырады, біздің аймақтарға барған əр сапарымызда осы сұрақтарға жауап іздейміз, дей келе, кейбір облыстарда жөнделген үйлердің сапасы жа- ман емес, халық риза. Ал бірақ көп жерлерде олай емес, жөндеймін деп, бұрынғы күйінен де айырылып қалған тұрғындар да бар екенін көлденең тартты. 2013 жылы біздің кеңес отырысында да осы мəселе қаралып, нəтижесі «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайы мен болашағы» мəселесін тыңдаған Парламенттік тыңдаудың ұсынымдарына енгізілді. Бүгінгі таңда ұсынымдардың кейбір бөліктері орындалғанмен, бағдарламада көзделген міндеттерді жүзеге асыруда əлі де болса кемшіліктер жетерлік. Ең бастысы, күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің пайыздық мөлшері əлі де өте жоғары – 28%- ды құрайды. Инженерлік коммуникация нысандардағы жөндеуді қажет ететін газ, су, жылу құбырлары, электр желілерінің мөлшері бұдан да жоғары. Ал, бағдарламада 2015 жылға күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің мөлшерін 22-% ға төмендету көзделген. Бүгінгі таңда осы салаға бөлінген қаражат көлемінің төмендігі бұл нəтижеге жетуге күмəн туғызады, деді. Тұрғын үйлерді жөндеу сапасы да көп сынға ұшырауда. Ал, жөндеу сапасын қадағалауда техникалық қадағалау, тұрғын үй инспекциясы органдарының қызметтері əлі де жақсартуды талап етеді. Ұлттық экономика вице-министрі Қай ырбек Өскенбаев тақырыпты тара- тып баяндама жасады. Талқыланған та- қырыпқа орай Парламент Мəжілісінің де- путаты, «Тұтынушылардың ұлттық лига- сы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы, «Нұр Отан» партиясының «Жасыл экономика» бағыты бойынша сарапта- ма тобының жетекшісі С. Романовская, Астана қалалық мəслихатының хатшысы С. Есілов, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылысы ұлттық палатасының басқарма төрағасы Т.Рахимбеков жəне Парламент Мəжілісінің депутаты І.Өмірзақов өз ой- пікірлерін ортаға салды. Мəжіліс жұмысына «Нұр Отан» партия- сы фракциясының жетекшісі, Парламент Мəжілісінің депутаттары, облыстар мен Астана қаласы мəслихаттарының хатшылары, Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері, Астана қаласы мен Ақмола облысы əкімдерінің орынбасарлары, АҚ, РМК, сондай-ақ, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысты. Кездесу барысында тараптар Қазақ- стандағы адам құқықтарының жалпы ахуа- лын талқылады. Қ.Сұлтанов Адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамалары ұсы- нымдарының жүзеге асырылуы, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының шеңберінде Қазақ стан қоғамын əлеу меттік жаңғырту мін деттері қалай орын- далып жатқаны, сондай-ақ, мемлекеттің ұлтаралық жəне дінаралық татулықты одан əрі нығайта түсуіне қатысты атқа рылу үстіндегі жұмыстары туралы жан-жақты айтып берді. Қонақ Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құқық қорғау сала сындағы жаңа жобаларымен, атап айтқанда, адам саудасының алдын алуға жəне заңсыз көші- қон фактілерін болдырмауға қатысты дайын- далатын арнайы жобаларымен таныстырылды. Элизабет да Кошта Қазақ стан Рес публикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысына жоғары баға беріп, адам саудасымен күреске қатысты дайындалатын арнайы баяндаманы əзірлеуде сəттілік тіледі. Өз кезегінде, Қ.Сұлтанов БҰҰ- ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарына жəне оның Орталық Азиядағы Өкілдігіне адам құқықтарын қорғау жəне ынта- ландыру саласындағы бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, комиссияның БҰҰ АҚЖКБ- мен адам құқық тары саласындағы сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді. Кездесуге, сондай-ақ, БҰҰ АҚЖКБ-ның Астанадағы өкілі Лейла Дүйсекова мен Адам құқықтары жөніндегі ко миссияның хатшысы Тастемір Əбішев қатысты. «Егемен-ақпарат». Парламент Мəжілісінде «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Өңірлік саясат жəне мəслихаттармен жұмыс кеңесі «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту барысы туралы» тақырыбында отырыс өткізді. Оның жұмысына Мəжіліс Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партия- сы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева қатысты. Ќазаќстандыќ їлесті арттыру жайына арналды Парламент Мəжілісінде «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің, Экономикалық рефор- ма жəне өңірлік даму, Қаржы жəне бюджет комитеттерінің, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық» экономика бағыты бойынша сараптамалық тобының «Инновацияларды жоспарлау мен жер қойнауын пайдаланушылардың бағдарламаларына енгізу жəне қазақстандық үлесті арттыру» тақырыбы бойын- ша бірлескен отырысы өтті. Маќсат – сындарлы ынтымаќтастыќ (Соңы. Басы 1-бетте). Фракция жанындаєы кеѕес отырысы Тараптар өзара сұхбат кезінде сауда-эконо- микалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты да- мыту жолдары бойынша пікір алмасып, мысырлық делегацияның Еуразиялық экономикалық одақ пен Мысыр арасындағы Еркін сауда келісіміне қол қою бойынша келіссөздер жүргізу үшін қазан айының үшінші он күндігінде Астанаға жоспарланып отырған сапарына қатысты мəсе лелерді қарастырды. Министр М.Ф.Əбдел Нұр Мысырдың ЕАЭО- ның белді құрылтайшыларының бірі – Қазақстанмен əртүрлі сала лар дағы ынтымақтастықты, соның ішін де сауда-экономикалық жəне ин вестициялық байланыстарды ке ңейтуге ұмтылатынын мəлім етіп, оған аталмыш Одақ пен өз елі арасын да Еркін сауда аймағын құру жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап көрсетті. «Егемен-ақпарат». Мысыр байланыстарды кеѕейтуге ўмтылады Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы елшісі Берік Арын МАР Индустрия, сауда, орта жəне шағын бизнес министрі Мунир Фахри Əбдел Нұрмен кездесті. Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия елдеріндегі өңірлік өкілінің міндетін атқарушы Элизабет да Кошта ханыммен кездесуі өтті. Елбасы сенімі – ел сенімі Тəуелсіздікті саќтау – ќасиетті борыш Нұрсұлтан Назарбаев Қа зақстанның т ə у е л с і з д і г і т ұ р а қ т ы ұ ғ ы м б о л ы п табылатыны на, ал оны сақтау əрбір азаматтың қасиетті борышы екендігіне назар аударды. «Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір ки- норежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Мен өзімде жəне өзгелерде бар бүкіл байлықты халқымның бір күндік тəуелсіздігіне бе- рер едім», деп жауап беріпті. Сондықтан баршамыз тəуелсіздігімізді бағалағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті . Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемле кет тілігінің 550 жылдығын мереке- лейтінін айтты. «Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бəлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл əлемге осынша танымал əрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемле- кет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық жəне тату көршілестік дəстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым- қатынасты əрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті. Астана – əлемніѕ «Топ-21» «аќылды ќалалар» тізімінде Бұл күні Мемлекет басшысы елордалық билік иелері алдында тұрған басымдыққа ие негізгі міндеттерді айқындап берді. «Астананы əсем, жайлы жəне қолайлы ете түсу үшін бұған дейінгі жұмыстарды одан əрі жалғастыру керек. Қазіргі ба- сты міндет – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру. Ал оны өткізу елор- даны өзгертеді. Мүлде жаңа мəдениет жəне ғылым орталығы пайда болады. Халықтың демалысына, сауда-саттыққа, ғылыми зерт- теулер жүргізуге арналған жаңа алаңдар бой көтереді. Ауқымды құрылыс 2016 жылы аяқталуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті, сонымен қатар, Астанада өзге де маңызды нысандар құрылысы жүріп жатқанына, олардың қатарында «Абу-Даби Плаза» көпфункциялы кешені, бірқатар жаңа мейманханалар, спорт кешендері, денсаулық сақтау мекемелері, ботаника бағы, жаңа теміржол вокзалы, ав- тобус көлігінің жедел жүйесі бар екеніне де назар аударды. Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев Астана Қазақстанның өзге қалалары үшін үлгі болып саналатындықтан, оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін жеткізді. (Соңы. Басы 1-бетте). 23 қазан 2014 жылwww.egemen.kz6 Зибагүл үйдің ерке тотысы еді. Ешкім бетінен қаққан жоқ. Соған қарамастан, үй шаруасына бейім, ісмер болатын. Он жеті жасында жат ортаға келін болып түсті. Ата-енесі құдай деген кісілер екен. Жас келіннің бейтаныс ортаға үйреніп, сіңісіп кетуіне игі ықпал етті. Қайнысы мен қос сіңлісі де жеңгелерін төңіректеп, соның маңынан шықпайды, қолқабыс етіп, үй шаруасын бірлесіп тындырып тастайды. Ері Ерасыл көбіне шаруа қамымен сыртта жүреді, кеш орала- ды. Келіншегінің жадыраңқы қаба- ғы нан отбасында ынтымақ-бере ке барын аңғаратын, соған қуанатын. Ата-енесін аялап, солардың қас- қабағына қарап отырғаны. Дəрет алатын суды жылытып, шілəпшінді əзірлеп қояды. Асын дəмді етіп даярлап, жылы-жұмсақты соларға тосып жатқаны. Араға жыл салып шекесі торсықтай ұл бала туды. Қарттардың қуанышында шек жоқ. Ауыл молдасы кітапқа қарап, азан оқып, сəбиге Абу-Шамен деп ат қойды. Шал-кемпір немересін бауы- рына салды. Ел-жұртын жинап, той жасап, мəре-сəре болғаны бар. Қара табан болған немересі атасының ермегі, жанынан бір елі қалмайды. Елдің тұрмысы оңалып, халық- тың жағдайы жақсарды. Барша жұрт білек сыбанып, іске қызу кірісті. Əттең!.. Бейбіт жатқан елімізге неміс басқыншылары кенеттен ба- сып кіргенін қайтерсің. Ер азамат- тар майданға аттанып жатыр. Ерасыл да алдыңғы лекте майданға жүруге жиналды. Əкесі ақ батасын беріп, жеңіспен орал деп аманат жүктеді. Майдан даласында Ерасыл талай фашиске өлім құштырды. Рас, өзі екі рет жаралы болды. Майданда партия қатарына өтті. Соңғы шайқаста алған жарасы ауыр болды. Əскери госпитальда ұзақ емделіп, жазылғандай болып еді, алайда арнайы комиссия ІІ топтағы мүгедек деп тауып, елге қайтарды. Бұл соғыстың беті қайтып, шайқас Шығыс Еуропа елдері жерінде жүріп жатқан кез-тін. ...Міне, елге қуанышты хабар жетті. Фашистік Германия тізе бүкті. Көптен күткен Жеңіс кел ді. Халықтың қуанышында шек жоқ. Жұрт мəз- мейрам. Жеңіс мере кесімен тұспа- тұс дүниеге келген ұлына Майдангер деп ат қойды. Кейін өмірге Алмагүл, араға бірер жыл салып Ажаргүлі келді. Рымғали, одан кейін дүниеге Серғали келгенде қуанғанын айт- саң шы. Жұмыстан сəл қолы босаса, ермегі балалары. Жігіттер май дан- нан орала бастады. Елдің ажары еніп, халықтың көңіл-хошы көтеріл- ді. Соғыс жылдары жүдеп-жада- ған шаруашылықты көтеру үшін барша жұрт бір кісідей еңбек етіп, тер төкті. Ынтымақты еңбектің ар- қа сында «Алғабас» колхозының шаруа сы оңалып, мал басы, одан, алы на тын өнім көбейді. Егіншілік мəде ниетін көтеру нəтижесінде оның түсімі артты. Мұнда, əрине, брига дир Ерасылдың қомақты үлесі бары бел- гілі. Жас жігіттің іскерлігін, ұйым дас - тыру қабілеті барын байқап ау дан бас- шылары оны Петропавл қала сындағы колхоз басқармаларын дайындайтын үшжылдық мектепке оқуға жіберді. Елге оралған Ерасыл бұрынғы жұ мы сына кірісіп те кеткен-тін. Осы тұста колхоздарды ірілендіру нау қаны қолға алына бастаған. «Алғабас» пен көрші «Талапкер» бірігіп, «Жеңіс» кол хозы атанды. Колхозшылар Ерасыл ды жаңа шаруашылықтың төраға сы етіп сайлады. Ірілендірілген колхоздың жұмыс ауқымы үлкен. Басқарма тыным таппай, ұзақты күн қыр басында жүргені. Мал қораларын салу, сауын фермасына электр желі сін тартуды, сауу аппаратын орнатуды ауданда бірінші бо лып қолға алды. Қойды электр машинасымен қырқу- ды да ал ғашқылардың бірі болып бастаған осы жеңістіктер болатын. Жүйелі жүргізілген жұмыс өз нəтижесін берді де. Колхоз жылма- жыл бітік егін өсіріп, қамба астыққа толды. Мемлекетке жоспарлы мөл- шер ден көп астық өткізілді. Мал шаруа шылығында да ілгері басу байқалды. Мал басы көбейді. Ең- бек тəртібі жолға қойылды. Мон- ша салынып, халыққа қызмет көрсету пункті ашылды. Тұрғын үйлер көп теп салына бастады, кең де жай лы балабақша іске қосылды. Октябрьдің 40 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық социа- листік жарыста бұлар же ңім паз деп танылды. Өндіріс озат тары үкімет наградаларымен мара патталып, ақшалай жəне заттай сыйлықтарға ие болды. Колхоз басқармасы Ера- сыл дың ерен еңбегі жоғары награда – Ленин орденімен аталып өтті. Сол жылдың күзінде ауа райы құбылмалы болып, азынаған қара суық қар аралас жаңбырға ұласып, малшы қауымының берекесін алғаны бар. Шалғай жайлаудағы малдарды, əсіресе, қой отарларын қыстаққа жеткізу оңайға түспеді. Ерасыл өзі бас болып колхоз активі осы жұмысқа атсалысты. Иман- ғалидың отары ығып кетіпті деген хабарды естісімен асығыста жеңіл- желпі киінген 3-4 жігіт атқа қонады. Алайда ыққан қойлардың бетін қайтару оңай болмады. Тек түннің бір мезгілінде жел саябырлап, жаңбыр басылғандай болды. Адам да, мал да əбден қалжыраған. Зорға дегенде отардың бетін ауылға қарай бұрып, итшілеп жүріп ауыл маңына жетіп, қораға кіргізеді. Күздің осы қара суығында өкпе- сіне суық тиген Ерасыл төсекке құлай ды. Дене қызуы 40 градусқа же- тіп, түні бойы сандырақтап шығады. Аудандық ауруханада да қызуы басыл май, есеңгіріп жатады. Осылай бірнеше күн өтті. Əйтеуір сəтін салып дəрігерлердің ем-домы шипа болып, беті бері қарағандай болады. Бірде жиналыстан кейін бірінші хатшыға кіріп, əңгіме арасында өз жағдайын да айтқан-тын. Бір «пəле» бар сияқты, еңсемді көтертпейді, ұйқы да нашар. Асқа тəбетім бəлендей соқпайды. Əлі емделсем бе деймін. Сондықтан қызметтен босатсаңыз, деп өтініш білдірді. Хатшы бір сəт үнсіз қалды. Не десін! Өзі де көріп, біліп жүр ғой. – Сенің ауырып қалғаның жаны- мызға батады. «Қарманған қарап қалмас» дегендей, емделгенің жөн. Қызметіңе алаңдама, орның сақ- талады. Əбден емдел. Қан дай көмек қажет болса айт, жəрдемдесеміз, – деп аяқтады хатшы сөзін. Ерасылдың төсек тартқанына он күндей болып қалды. Бүгін сəл кешірек оянды. Ауылдың үлкендері келіп жағдайын сұрап, біраз əңгіменің басын шалды. «Өңің жақсы екен», – деп көңілін көтерген болды қариялар. Бесін кезінде құрбы-құрдастары келіп, ел жаңалығын, шаруа жайын əңгі мелеп, біраз отырып кеткен. Кісі аяғын ауырлады ма, қалай, кешке қарай мазасы кетіп, тынышын алды. Қоңыр күз. Ораза айы. Қыс қамы- мен жүрген жұрт күйбең тір шілікпен уақыттың қалай өткенін де байқайтын емес. Тек төсекте сарылып жатқан Ерасылға уақыт өтпейді-ау, өтпейді. Бірге жүрген үзеңгілес дос-жарандар да сирек хабарласады, тіпті, атізін салмаған дары да бар. Оларға əсте өкпелеген емес. Əркімнің өз тіршілігі, өз қам-қарекеті бар дегендей. Бүгін сергек оянды, бойы сергіп қалған ба, қалай. Ас үйде жүр ген ке лін шегінен айна сұратып алды. Айнаға əрі-бері ұзақ үңіліп, қа сы- қа бағын түзетіп, бетіндегі əжі мін сипалап біраз отырды. Қасы на кел- ген Зибагүлді арқасынан қа ғып, өзі- не қарай тартты. Бірдеңе айт қысы келе тін сияқты. Бір сəт үн сіз қалды. Сəлден кейін: – Балаларымның алды ержетіп қалды, оңы-солын таниды. Абу- Шаменім студент, үлкен ғалым бола ма деген үмітім бар. Майдангер де бір жерден тесіп шығады деп үміттенемін. Алмагүлім мен Ажар - гүлім желкілдеп өсіп келеді. Бұларға мұғалімдік пен дəрігерлік қол ма деп ойлаймын. Рымғали мен Серғали əзір ойын балалары ғой. Дегенмен, жақсы азамат болуға тиіс. Бəрін оқытып, аяқтандыру саған аманат. Серғалиым кішкентай ғой. Жетімдік көрмей өссін,.. – деді. Іркілген көз жасын орамалымен сүртіп, ауыр күрсінді. Бүгін жексенбі Абу-Шаменнен басқасының бəрі үйде. Түскі астан кейін əкесі балаларын бөлмесіне шақырды. Қырындап жатқан Ерасыл басын көтеріп арқасына жастық қойып, тіктеп отырды. – Қарақтарым, менің дəм-тұ зым таусылатын күн алыс емес. Күшім барында əкелік өсиетімді айтпақпын. Мына аналарыңды аялап бағыңдар, айтқанын екі етпей, ақыл-кеңесіне құлақ салып отырыңдар. Бұл да ертең ұлғаяды, қартаяды. Негізі қазақ дəстүрінде ата-ана кенже ұлының қолында тұруы керек. Олай болса Сер ғали анасының қолында болса керек. Сірə, ынтымақты болыңдар. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп тегін айтпаса керек. Соңғы сөздерін үзіп-үзіп зорға айтты. Ерасыл бұдан кейін де біраз жатып, оразаның аяғына таман дүние салды. Жаназасына халық көп жиналды. Қаралы жиында аудан басшылары, қызметтес жора-жолда- стары, туыстары мен ілік-шатыстары сөйлеп, Ерасылдың білікті басшы, іскер маман, аяулы жар, қамқор əке болғанын, адамгершілігін айрықша атап өтті. Қазақта «Жақсы адам кетсе дүние кеміп қалғандай болады» де- ген сөз бар. Осы рас па деп қаласың. Жиналған жұрттың мұңды да шерлі жүзінен бірдеңелері кеміп қалғанын аңғарғандайсың. Зибагүл балаларына қолынан келгенше тəлім-тəрбие беріп, аза мат етіп өсірді. Бəрі де жоғары білім алды. Абу-Шамені əкесі айт қан дай, ғылым жолын таңдады. Бүгінде атақты ғалым. Майдангері əке жолын қуып, жермен жұмыс істейді. Алмагүлі мен Ажаргүлдің өз отбасылары бар, бірі дəрігер, бірі есеп қызметкері. Рымғали бизнес саласында жүр, жұлдызы оңынан туып тұрған азаматтың бірі. Серғали да жоғары білімді. Солтүстік өңірдің бірінде есеп қызметкері болып істейді. Бəрі де балалы-шағалы. Бастары аман, бауырлары бүтін дегендей. Аналары қалай дейсің бе? Не қалайы бар. Көрешегіңді көрмей көрге кірмейсің дейтін бе еді. Аялап өсірген балаларынан рахат көрмей, көз түрткі боп ғұмыр кешуде. Жасы ұлғайып, күш-қуат тайған шақта ешкімге керегі болмай қалды. Біреуі- нің де баққысы келмейді. Бір де ана балада, бірде мына балада деген дей. Денсаулығы да сыр бере бастады. «Əкеміз Серғалиға ен ші леген, сол бақ сын шешесін», дейді ұлдары. Қыз дар дан да қайыр жоқ. Күйеулері ыңғай бер мейді-ау, сірə. Елде тұратын Май дангер Серғалимен хабарласып, інісіне: «Шешеңді алып кет», деп кесіп айтыпты. Елден жайсыз хабар алған Сер- ғалидың шақшадай басы шара дай болып, не істерін білмей жүдеп бітті. Анасын ойлағанда түн ұйқысы төрт бөлінетін болды. Неге? Аттың сыры иесіне мəлім дегендей, əйелі көкауыз. Нағыз сен тұр, мен атайын. Оған күйеуінің абыройы түк те емес. «Ұят» деген сөзді ол білмейді, білгісі де келмейтін пат шағар. Елден алған хабарды айтуы мұң екен, екі көзі шатынап: «Көксау шешеңді бағатын жайым жоқ», деп кесіп айтты. – Өзің де анасың, ертең не бо- ларыңа көзің жете ме? – деп пəтуа ға шақырмақ болған күйеуіне: – Ақыл үйреткің келе ме? Еш- кім нің ақылына мұқтаж емеспін. Өз ақылым өзіме жетеді, – деп бетінен алды. Ашуға булыққан Серғали: – Осы үйдің қожасы кім? Жақсы, айтқанды түсінеді ғой десем, шат- қаяқтап барасың ғой. Өтің жа- рылса да айтайын, анамды қаңғырта алмаймын. Мен шешемді əкелуге кеттім, – деп үйден шыға жөнелді. Туыстарының басын қосып əңгімелеспек ойынан түк шықпады. Əрқайсысы өз алдына түйе ай дап, бет теріне лақты. Келіндер кейуа наны жерден алып, жерге салды. Мешкей де сол, өсекші де сол. Қолының сұға- нағы бар, өзі көксау, иіс-қоңысы қол - қаңды атады. Бұлар ананың жомарт жүрегінің жылуын, аялы ала қанының табын сезбей өскен пəт шағарлар ма демеске амалың жоқ. Мұн дайда қазақ «құдайдан қорықпа, құдайдан қорықпағаннан қорық» дер еді. Серғали бірі күні қайтпақшы болды. Қарт анамыз шалғай елге жүргелі жатыр, қоштасып, шыға рып салайық, деген не ұл, не қыз бол сайшы, келін-кепшіктер де үн сіз қал ды. Абу-Шаменнен де хабар жоқ. ...Серғали бес қабатты үйдің жоғар ғы қабатында үш бөлмелі пəтер- де тұрады екен. Есікті ашқан келіні амандық жоқ, саулық жоқ, «бұл пəле қайдан келді» дегендей, тесіле қарап, безеріп қалды. Кеш кі шай үстінде тіл қатқан жан болмады. Балалары да хабарласқан жоқ. Екі кесе шайды зорға ішті. Кейуана іштей дастарқанға бата жасап, бөлмесіне кетті. Таңертең келін-бала жұмысқа кетеді. Төрт қабырғаға қаңтарылған Зибагүлге уақыт өтіп болмайды. Бұлар түсте ас ішуге келмейді екен. Ұзақты күн нəр татпаған кейуананың өзегі талып, көзі қарауытқандай болды. Міне, келіні жұмыстан келді. Қасына келіп, жағдайын білейін деген ол жоқ. Сер- ғалиы да келді. Анасы жатқан бөлмеге өтіп, хал-жағдайын біліп, тамақ іштің бе деп сұрады. Кешкі шай да үн- түнсіз өтті. Дастарқан басында жылы- жұмсақ ештеңе көрінбейді, баяғы қатқан қалаш. Екі-үш кесе шай ішкен ол жатын бөлмесіне өтті. Мұнда келгеніне де екі аптадай болып қалды. Жуынып, шайыну керек-ақ. Алайда кранды қалай бұрап, суды қалай ағызатынын білмегесін, бірдеңесін бүлдіріп алар- мын деп жоламады. Жуынып алыңыз деп жатқан келін жоқ. Бүгін күн жексенбі. Балалары кіш кентайларын ертіп келді. Əже лерін елеп жатқан ешқайсысы жоқ. Зибагүл түскі асқа басым ауырып жатыр деп бармады. Сол жатқаннан бесін ауа басын көтерді. Əлі даланың жүзін көрген емес. Кешкісін ас бөлме жақтан келіннің баж еткен дауысы ойбайға ұласты. Шамасы Серғали шешемді неге суға түсірмейсің деп сөзге келіп, қол жұмсаған-ау. Кешкісін ұяттан жүзі күйсе де, анасын өзі шомыл дырып алды. Жолсоқты боп шаршаған ол енді-енді өзіне келген сияқты. Өз бетімен сыртқа шығатын болды. Ешкімді танымайды. Жастар жағы шүлдірлеп орысша сөйлейді екен, үлкендерінің де кісіге жуығы шамалы, деп ой түйді кейуана. Бірде осы үйде тұратын қартпен əңгі ме лескені бар. Əңгімешіл кісі екен. Аты-жөнін, кімге келгенін тəптіштеп сұрады. Жетісу жағынан баласына келгенін айтып, біраз əңгіменің басын қайырды. Бір көрген адамға ішкі сырын ақтара қойған жоқ. «Сіз», «бізден» əріге бармады. Сəлден кейін «Балаңды білемін, тəуір жігіт, кішіпейіл, бауырмал. Біздің Бауыржанмен дос-жар, араласып тұрады», деп мақтап қойды. Енді бірде өзі құрбылас кемпір- мен шүйіркелесіп əңгіме лесті. Екеуі тағдырлас болып шықты. «Айлас қатын – мұңдас» дегендей, іште құса болып жүрген мұң-зарларын екеуі де ақтарып, жайып салды. «Е... е, ол келіншекті білем, көршілері «əй, кəпір» дейді деп əңгімені қоздыра түсті. Зибагүл келіннің қылығын бүкпеді. Осында келгелі тұшымды ас ішіп көрген жоқпын, тіпті көзіне де ілмейді. Əрі қарай не боларын білмеймін. Бір білетінім, ұлым жүдеп бітті. Ə десе, мə дейтін қатыннан не күтуге болады. Өсіп келе жатқан балалары бар, оларды да ойлайды, деп біраз сырын ақтарып салды. Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды дегендей, бұлардың əңгімесі осы маңайдағы көрші-көлемге тез тарады. Бұл əңгіме, əрине, келіннің де құлағына жеткен. Бірде күйеуімен сөзге келген ке- лі нінің: «Не ана шешеңмен тұр, не менімен тұр, екеуінің біреуі. Жам ба- сың ауырмайтын жағын таңда», деген өктем сөзін естіді. «Балам ды əбден иық тап, илеп алған екен. Не істеу керек?» – деп ойға қалды Зибагүл. Қой, бұлардың отбасының шырқы бұзылмасын деген оймен кешкі шайда Серғалиына: «Мені қарттар үйіне орналастыр, қарағым. Өкімет өлтірмес. Саған өкпем жоқ. Мұндай күй кешемін деп ойла маппын, деп көз жасына ерік берді. Келін ширақ қимылдап, беделін салып жүріп, құжаттарды бір аптаның ішінде дұрыстап берді. – Осылай мен қарттар үйінің тұрғыны атандым, – деп еске алады Зибагүл сол күндерді. – Мұн да жайлы. Үш мезгіл тамақ бере ді, асы дəмді де жұғымды. Жа тын орын таза, жылы, бөлме ішін ауық-ауық желдетіп оты- рады. Теле дидар бар, газет-журнал да ал дыр тады. Жылы күндері аулаға шы ғып, əңгі ме соғамыз. Тек жаным- ды жегі дей жейтіні іштен шыққан балаларымнан рақым көрмек, пана таппай шет жерде өлместің күнін кешуім ғой. Аллаға не жазғаным бар еді. Қай қылығымнан тап болдым мұндай күйге. Ешкімге қысастық, қиянат жасаған жоқ едім. Ерасылым тек алғыс арқалаған азамат еді-ау. Балаларымды қатарынан кем қыл май бағып, қақтым, бəрі де жоғары білім алды... Кейуана бір сəт үнсіз қалды. Кемсеңдеген ол көз жасына қалай ерік бергенін аңғармай да қалып еді. Іштегі шерін ақтарып салған ол «уһ» деп барып сəл тыныстағандай болды. Қайтсін-ай, енді. Елін, немерелерін сағынғанда, көз жасына ерік беру оның əдетіне айналғалы қашан. Қанапия МЫРЗАҒОЖИН, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. АСТАНА. Тағдыр Ќайєы (Ќарттар їйіндегі əѕгіме) Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Биыл 1 қазанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Маң ғыстау өңіріне жасаған сапарында Каспий теңізінің жағасында жастармен жүздесіп, автокеруеншілерге сəт-сапар тілегені есімізде. Елбасы жолға салған экспедиция мүшелері Атырау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды жəне Павлодар арқылы жүріп өтіп, Шығыс өңіріне қадам басты. – Біз жол бойы аялдаған өңірлерде жастар- мен кездесіп келеміз. Бағдарламамыздың негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту, «Мəңгілік Ел» идея сын насихаттау, отандық авто көліктерді жарнамалау, аймақтар арасындағы мəдени ынтымақтастықты нығайту жəне жастардың отаншылдық сезімін арттыру үшін тарих, əдебиет, мəдениет салаларынан тағылымды сыр шерту, – деді керуен жетекшісі Евгений Рибалко. Қостанайда «Агромаш» хол дингі құрастырған бес көлікпен жолға шыққан автокеруен мүшелері əр өңірдегі өндіріс орындарымен танысып, еңбекқор жастарды замандастарға үлгі етуді де ұмытпапты. Экспедиция құрамында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған талантты 20 жас бар. Тіпті, көлік жүр гізушілерінің өзі дəрігер, опера- тор, əлеуметтік желінің белсенді қолдаушысы сынды түрлі қызмет атқарады. – «Мəңгілік Ел» идеясы – бабаларымыздың арманы. Біз – ғұндардың ұрпағы, сақтардың сарқыты, түрік қағанатының тікелей мұрагері болғандықтан, жүрген жерімізде арамыздағы түркітанушы Бекболат Төлеген ұлы арғы-бергі тарихтан сыр шертсе, этнограф Марат Өте- сінов əр аймаққа тəн мəдени құндылықтарды зерттеумен жəне насихаттаумен шұғылданады. Өз басым қазақ жəне өлке əдебиетіне қатысты деректермен бөлісемін, – деді керуен мүшесі, педагогика ғылымдарының PhD докторанты Бақтыбай Жайлау. Шығыс Қазақстан облы сына келіп жет- кен автоэкспе диция мүшелері алдымен Се мей қаласында болып, Абай, Шəкəрім, Мұхтар сын- ды алып тардың ізі қалған өлкеге тағзым етті. Шаһардағы өлке тану мұражайларын аралады. «СемАЗ», «Daewoo», «Семей Инжиринг» сын- ды ауыр жүк көліктерін құрастыру зауыттарын- да болып, ауыл шаруа шылығы мен қорғаныс қыз метіне арналған отандық техникалармен та- нысты. Сəр сенбінің сəтінде облыс орта лығына келген керуеншілер О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде шығыс қазақ стандық спортшылар мен кездесіп, Өскеменде жаңа- дан бой көтерген спорт кластерін аралады. Еліміздегі бірегей этносаябақты аралап көрді. «Азия Авто» АҚ жеңіл автокөлік құрастыру зауытының жұмысымен танысты. Одан кейін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттерімен жүздесіп, концерттік бағдарлама ұсынды. – Еліміздің өскелең жастарынан құралған ке- руен мүшелерінің ұшқан құстың қанаты талатын, шапқан аттың тұяғы тозатын Маңғыстау мен Алтайдың арасын жүріп өтуі – мəңгілік елдігімізді, бірлігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді. Құнанбай мен Абай, Шəкəрім мен Мұхтар, Оралхан мен Қасымды туған қасиетті өлкеге қош келдіңіздер, – деген облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар аталған шараның өңір жастары үшін достық пен ынтымақты арттыра түсер маңызды оқиға екенін жеткізіп, автоэкспедицияның алдағы сапарына сəттілік тіледі. Ал Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темір беков еліміздің дүниежүзі карта- сында территория жағынан тоғызыншы орын алатынын, осы ұлан-ғайыр елдің батысынан шығысына жол тартып, Каспийден Алтайға дейін жүріп өтудің ел мен жер тарихын тануда, жастармен тəжірибе алмасуда ерекше пайдасы тиетінін атап өтті. Экспедиция мүшелері шығыс қазақстандық жастармен кездесуде Маңғыстаудағы Каспий теңізі, Бозжыра тауы, Үстірт қорығы, Бекет ата мешіті, Шерқала, Шақпақ ата, Қарақия ойпаты сынды тарихи көрікті орындармен таныстырып, автокеруеннің expedition.kz сайтына тіркеліп, фотосуретіне көп дауыс жинаған əр өңірдің екі тұрғынына Каспий теңізі жағалауында демалуға жолдама ойнатылатынын жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы. Каспий теңізінен Алтай асқарына дейінгі аралықты алып жатқан байтақ жерімізді аралауға шыққан «Менің елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» автоэкспедициясы жоспардағы 11 мың шақырымның 6 мыңнан астамын жүріп өтіп, Шығыс өңіріне келді. Керуен мүшелері аялдаған Семей, Өскемен жəне Риддер қалаларында оларды шығысқазақстандық жастар ерекше қошеметпен қарсы алды. Атамекен Автокеруеншілер – Алтайда Шыєыс ґѕірі «Меніѕ елім – Мəѕгілік Ел» автокеруенін зор ќошеметпен ќарсы алды Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Орталығымен ынтымақтастық мəселелері, атап айтқанда, Ауғанстанда орын алған мəселелер аясында Орталық Азиядағы жағдайдың қазіргі ахуалы мен болашағы, Арал теңізі бассейніндегі трансшекаралық су-энергетикалық ресурстарды басқару жəне басқа да өзекті мəселелер талқыға салынды. Əңгімелесуші тараптар Орталықтың өңірлермен өзара ықпалдастығының белсенді қарқынын атап өтті. «Орталық БҰҰ-ның аймақтағы қатысуын айтарлықтай күшейте түсті. Бізге жалпы Орталық Азия өңірі үшін өзекті бо- лып табылатын мəселелерді шешу жолдарын, соның ішінде аймақта пайда болып отырған сын- қатерлерге дер кезінде жəне тиімді əрекет ету бойынша күш-жігерімізді нығайта беру қажет», – деді Е.Ыдырысов. Қазақстан Сыртқы саясат ведомствосының басшысы трансшекаралық қылмысқа, соның ішінде лаңкестікке, экстремизм мен заңсыз есірткі айналымына қарсы, сондай-ақ, Ауғанстан мəселесін қадағалап отыру бойынша Аймақтық орталықтың белсенді қызметін оң бағалады. Бұл орайда, ол Орталық Азия мен Ауғанстанда лаңкестікпен күрес бойынша БҰҰ аясында Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) əлеуетін кеңірек қолдану қажеттігін ұсынды. «Сонымен қатар, АӨСШК-ні «Жаңа Жібек жолы» жобасын іске асыруға тартуға болады деп санаймыз, себебі, бұл форумға Орталық Азия аймағының басым көп мемлекеті кіреді», – деді Е.Ыдырысов. Өңірлік ынтымақтастық туралы айта келіп, қазақстандық бас дипломат Орталық Азия өңірімен қатынастар Қазақстан сыртқы саясаты басымдықтарының бірі болып табылатындығын атап өтті. «Қазақстан өңірлік экономикаға ин- вестицияларды белсенді сала отырып, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы Орталық Азия елдерінің күш-қуатын біріктіру саясатын жүргізеді. Қауіпсіздік мəселелері, су-энергетика ресурстарын үнемді пайдалану, еңбек миграци- ясы жəне т.б. мəселелер біздің ерекше назары- мызда», – деді Е.Ыдырысов. Келіссөздер аяқталысымен тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы толыққанды жəне жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, Ұйымның басшылық етуші, мемлекеттерді біріктіруші, мəселелерді шешуде барлық мүше- мемлекеттердің өзара тең құқылы қатысуын қамтамасыз етуші рөлінің маңыздылығын ерек- ше атады жəне өңірде көбейе түсіп отырған қауіп-қатерлер аясында Алматыда БҰҰ Өңірлік ХАБ-ын құру бойынша Қазақстан бастамасын оң бағалады. «Егемен-ақпарат». Аймаќтыќ орталыќтыѕ ќызметіне оѕ баєа Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ Аймақтық орталығының Басшысы Мирослав Енчамен кездесті. 23 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 7 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұйрығы 2014 жылғы 14 қазан №12 Астана қаласы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 140 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9419 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ресми жариялану- ын қамтамасыз етсін. 4. Агенттіктің Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Төраға Қ.Қожамжаров. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Санат Лауазым- ның атауы Біліміне қойылатын талаптар Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар Біліміне қойылатын талаптар Қажетті дағды мен білік Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты B-PK-1 Аппарат бас- шысы Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он бір жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде алты жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы ла- уазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он төрт жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың лауазымда- ры бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білім Басқару шешімді қабылдау мен әзірлеу сатысында ақпаратты талдау және коры- тындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; стратегиялық жос парлау тәжірибесінің болуы; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; басқа ведомстволармен және ұйымдармен тиімді және ретті қарым- қатынасты ұйымдастыру; компьютерлік техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. B-PK-2 Депар- таменттің басшысы Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде тоғыз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауа- зымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он үш жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қаты насты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-3 Департамент басшысының орынбасары, Басқарманың басшысы, Орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде төрт жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазым- дарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеугежетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты тал- дау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және же- дел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындай- тын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орында- луын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-4 Департамент басқар- масының басшысы Басқарма басшысының орынбасары Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және же- дел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындай- тын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орында- луын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-5 Департа- менттің басқарма басшысының орынбасары Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жылқызмет өтілінің; немесе кемінде екі жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеугежетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-6 Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер) Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жылқызмет өтілінің, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; немесе кемінде бір жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-7 Аға тергеуші (офицер) Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде үш жылқызмет өтілінің, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және же- дел жузеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-8 Тергеуші (офицер) Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде екі жылқызмет өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепкеалу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және же- дел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. В-РК-9 Кіші офицер Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жылқызмет өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері С-РКО-1 Аумақтық бөлімшенің басшысы Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он екі жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде алты жыл қызмет өтілінің; немесе кемінде алты жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде он үш жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он төрт жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; персо- налды дұрыс таңдау; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-2 Аумақтық бөлімше басшысының орынбасары Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы ла- уазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты тал- дау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және же- дел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдала- ну; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-3 Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысы Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде төрт жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауа- зымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және же- дел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-4 Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысының орынбасары, Аумақтық бөлімшенің бөлім бас- шысы Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде бас- шы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің; немесе кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауа- зымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты тал- дау және корытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және же- дел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдала- ну; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-5 Аумақтық бөлімшенің бөлім басшысының орынбасары, Аумақтық бөлімшенің басқарма бөлімінің бас- шысы Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілінің; немесе кемінде екі жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауа- зымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және корытын- дылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-6 Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер) Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілінің, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; немесе кемінде бір жыл судьялық жұмыс өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-7 Аға тергеуші (офицер) Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің; немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел- іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және же- дел жузеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-8 Тергеуші (офицер) Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және же- дел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. С-РКО-9 Кіші офицер Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім Аталған санаттың ла- уазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; тапсыр- маларды тиімді орындау, жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру, ақпаратты талдау және корытындылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Табиғаттың осындай тамыл- жып тұрған тұсында Сырым елінде болып, мұнда соңғы жыл- дары тұрғындардың əлеуметтік- тұрмыстық деңгейін көтеру бағытында атқарылып жатқан сан алуан жұмыстармен танысудың сəті түсті. Бүгінде тəуелсіздіктің жиырма үшінші жылына қарай аяқ басып келеміз. Оның алғашқы жылдарындағы, яғни өтпелі деп аталатын кезеңдегі қиыншылықтар бүгінде сағымдай бұлдырап, артта қалып барады. Осы бір күрделі кезеңде Сырым ауданында да барлық жердегідей əлеуметтік-тұрмыстық түйткілдер орын алғаны жасырын емес. Соның салдарынан тұрғындардың біраз бөлігі жайлы, өмір сүруге қолайлы жер іздеп, өзге жаққа қоныс аударып, көшуге мəжбүр болды. Олардың кейбірі облыс орталығына қарай көштің басын бұрса, отбасылардың екінші легі кеншілер қаласы – Ақсайға қарай бет түзеді. Əрі сол бір өтпелі, өліара кезеңде табиғи, сонымен бірге жа- байы түрде басталып кеткен урба- низация үрдісі мен ішкі көші-қонды тоқтату мүмкін еместей көрінетін. Сөйтіп, араға тағы да он-он бес жылдың жүзі түсті. Кешегі бір күндері Сырым еліне жолымыз түскен кезде көзіміз жеткен жайт – сол ағайындарымыз бүгінде аттың басын кері бұрып, туып-өсіп, түтін түтеткен атамекендеріне қайта орала бастағаны. Бұлай болатын себебі де түсінікті. Өйткені, мұнда жоғарыда айтып өткеніміздей, тұрғындардың əлеуметтік-тұр мыстық деңгейін көтеру бағы тындағы істер жүйелі жолға қойылған екен. Соның, ең бастысы, аудан аумағындағы ауылдар мен елді мекендерді дүниенің бір қызығы мен рахаты – көгілдір отынмен қамту жөніндегі жұмыстардың нəтижелі жүріп келе жатқаны деу- ге болады. Соңғы екі-үш жылда аудан тұрғындарының 50 пайызға жуығы табиғи газды тұтынып үлгерген. Ал мизам шуағы молынан төгіліп тұрған күндерде біз Қособа, Жетікөл жəне Сарой ауылдық округтеріне де газ құбыры жетіп, көгілдір алау тұтанғанына куə болдық. Оның жалпы ұзындығы – 87 шақырым. Үлкен жəне орта- ша қысымдағы газ құбырын тарту жұмыстарын «ТасқалаТрансГаз» ЖШС-нің басы-қасында жүрген іскер азаматтар Тілек Махметов пен Мəлік Қоспанов ойдағыдай аяқтаған. Осы арқылы биыл аудан тұрғындарының 62 пайызын кө- гілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туыпты. Сырым ауданының əкімі Абат Шыныбековтің айтуынша, алдағы жылы мұндай əлеуметтік желі он елді мекен бойынша одан əрі жалғастырылмақ. «Бүгінде оның жобалау-сметалық құжаттары əзір. Тиісті сараптамадан өткізілген. Бұл бағыттағы алғашқы жұмыстар басталып та кетті. Мұның бəрі алдағы жылы аяқталмақ. Сол кезде жоғарыда айтылған көрсеткішті 90 пайызға жеткізе аламыз. Мақсат – 2017 жылға дейін аудан аумағын газдандыру жүйесін толықтай аяқтау», – деді бұдан əрі аудан басшысы. Естігеніңді емес, көргеніңді айт дегендей, Сырым елінен көргеніміз – ауылдардың ажары əжептəуір кіріп қалған екен. Шағаладай ақ шаңқан үйлер, ауыл арасындағы ұқыптылық пен тазалық көздің жауын алады. Оны бағаламай кету еш мүмкін емес. Мұндай көріністі, əсіресе, өзіміз атбасын бұрған Қосарал жəне Қособа ауылдарының бет-бейнесіне қатысты айтқымыз келеді. Əлгінде айтылғандай, өтпелі кезеңде ауылдағы мəдени-көпшілік жəне медициналық нысандардың да күйі қашып кеткен болатын. Оның да ізін таба алмадық. Ауылдық дəрігерлік амбу- латориялар да жарқырап тұр. Оның бəріне күрделі жөндеулер жүргізілген. Мұнда ауыл тұр- ғындары мен балаларға, жəне ана- лар мен сəбилерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмектер беру үшін барлық жағдайлар туғызылғанына куə болдық. Бү- гінде республика ауылдарында дəрігерлердің жетісе бермейтіні жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Алайда, Сырым ауданындағы журналистік іссапар кезінде жолы- мыз түскен Қособа, Қосарал жəне Сарой ауылдарының бəрінде де дəрігерлер бар екен. Сондай-ақ, Сырым елінде жер гілікті атқарушы органдар та рапынан шағын жəне орташа кəсіпкерлікті дамытуға да ерек- ше көңіл бөлінгені байқалады. Бизнеспен айналысуға бет бұрған азаматтардың дені бүгінде өз ша- руаларын əжептəуір нығайтып алған соң, тапқан табыстарының бір бөлігін ауылдастарының игілігіне жұмсауға бел буғандары да сүйсіндірді. Осындай адами құндылықтан туындайтын тағы бір жағымды жайт Сырым елінің кəсіпкерлері «Туған жерге тағзым» атты акцияның қоғамдық өмірге жол тартуына бастамашы болыпты. Айталық, Қособа ауылын- да ағайынды Ертіс жəне Жеңіс Ихсановтар жерлестерінің сұра- нысына сай өз қаражаттары есе- бінен 220 адамға арналған мейрам- хана ғимаратын салып, пайдалануға беріпті. Оған «Тұмар» деген атау берілген. Бұл атаудың киесі мен терең мағынасы бар екені анық. Сондықтан да, мейрамхана иелері мұнда негізінен ішімдіксіз тойлар өткізуге, оның есесіне дастарқанға халқымыздың төл сусындары – шұбат пен қымызды молырақ қоюға түрткі болып жүргендері де жаны- мызды жадыратты. Сөз жоқ, сала- матты өмір салтын қалыптастыру ісі де ел ішіндегі осындай игі ша- ралардан бастау алмақ. Ал аудандағы «АзияТехСтрой» ЖШС-нің директоры Армат Əлімбетовтің еліне жасаған жақ- сылығы тіптен ерекше. Ол Қос- арал ауылындағы Сырым орта мектебінің жанынан ұзындығы 34, ені 15 метрді құрайтын əмбебап спорт кешенін тұрғызып бер- ген. Бұған жұмсалған қомақты сома еліне жанашыр азаматтың жеке қаражаты есебінен төленген. Мұндағы тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын жергілікті кəсіпкер Арматтың өзі басқарып отырған ЖШС жүргізген. Иə, бүгінде тапқан пайдасы өзінің қара басынан артылмайтын- дар да аз емес. Осы орайда, Сырым Датұлының тікелей ұрпақтарының бірі – Армат Əлімбетовтің өнегесі мен мəрттігі, жомарттығы мен сақилығы оларға ой салып жатса, кəнекей?! Бұл ел-жұрт алдындағы азаматтық борыш пен парыздың орындалуы десе де болады. ...Біз Сырым елінен облыс орталығына аттанар кезде де ми- зам шуағы молынан төгіліп, төңірек жылы нұрға бөленіп тұрды. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы. –––––––––––––––––– Суретте: Сырым ауда нын дағы газ алауын жағу сəтінен көрініс. Суретті түсірген Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ. Егемендіктер елге шықты Мизам шуаєы Халқымыздың күнтізбесінде мизам шуағы деген түсінік бар. Бұл күз айларында жаймашуақ жазға бергісіз көктен күн нұрын аямай төккен жылы күндер мен желсіз түндер деген ұғымды білдіреді. Көнекөз қариялардың айтуынша, мизам шуағы бір-екі апта əрі немесе бір-екі апта бері бола береді. Міне, қоңыр күздің жанға да, малға да жайлы тиетін мамыражай кезеңі биыл Ақжайықта арабша ай санау тəртібі бойынша мизам, қазақша ай санау тəртібі бойынша қайырсақ – қазанның алғашқы онкүндігіне сəйкес келгендей көрінеді. «Егемен Қазақстан». Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Осыған орай, Өскеменде ел мерейін асқақтатқан спорт шы- ларға лайықты құрмет көрсетілді. Өңір басшысы Бердібек Сапар- баев отандық құрама сапында олжа салған оғлан ұл-қыздарды марапаттап, қаржылай сый- сыяпат тапсырды. Олардың қатарында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында, сондай-ақ, күштік спорт түрлері бойынша Азия жəне əлем чемпионаттарын- да мемлекет намысын қорғаған Расул Қалиев, Дастан Ықыбаев, Палина Михайлова, Дмитрий Грязнов, Зере Бектасқызы жəне Алина Белан сынды сегіз ха- лық аралық дəрежедегі спорт ше бері бар. Ал Олимпия жəне Азия ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ольга Рыпаковаға жеңіл автокөлік кілтін табыс етті. Сонымен бірге, спортшыларды жеңіске жетеле- ген жаттықтырушылар да ма- рапатталып, 300, 150 жəне 100 мың теңгелік сертификаттарға ие болды. – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Шығыс өңірінде спортқа жіті көңіл бөлінуде. Мəселен, бүгінде облыс- та 380 мыңға жуық тұрғын спорт- пен шұғылданады, 3 мыңға тарта спорт нысаны жұмыс істеуде. Мемлекеттік бюджеттен аталған саланы қаржыландыруға 20 млрд. теңге жұмсалды. Бұл жұмыстар нəтижелі болып, биылғы Азиа да- да 84 медаль еншілеген еліміздің құрамасында біздің спортшыла- рымыз да жүлдегер атанды. Спорт саласының əлеуетін арттыруға өңірдегі ірі кəсіпорындар мен кəсіпкерлер де бір кісідей атсалы- сып келеді. Əсіресе, «Қазмырыш», «Қазатомөнеркəсіп» сынды ком- па ниялардың көмегімен əйдік спорт нысандары пайдалануға берілді. Елбасының Лондон Олимпиадасынан олжа салған спортшылардың атындағы спорт сарайларын салу жөніндегі тап- сырмасын алғашқылардың бірі болып орындадық. Халықаралық талаптарға сай осы нысандар да жастарымыз спортпен шұғыл- дану да. Бұл кешендер еш уақытта бос тұрмайды, – деді өңір бас- шысы. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұлттық құраманың биылғы Азия ойындарында қол жеткізген жетістіктері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отан- дық спортты дамытуға зор көңіл бөліп отырғанының арқасында мүмкін болғанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының тап- сырмасымен өзінің есімі берілген жаңа жеңіл атлетика манежі сын- ды халықаралық талаптарға сай спорт сарайларын салуға өңір басшысының қажырлы еңбек сіңіргенін жеткізіп, спорт- шылар атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, өзіне берілген жеңіл автокөлікті жеңіл атлетика- дан облыстық жасөспірімдер мектебіне сыйға тартты. Естеріңізде болса, қазақ стан- дық спортшылар жазғы Азия ойындарында спорттың 23 түрі бойынша 84 медаль (28 алтын, 23 күміс, 33 қола) ұтып алған болатын. ӨСКЕМЕН. Мерей Биыл XVII жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың алмастай жарқылдап, медальді көсіп-көсіп алғаны барша отандастарымызды қуанышты күйге бөледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің ішінде шығысқазақстандық сайыпқырандар да бар. Жеѕіл атлеттерге – жеѕіл автокґлік! Ґскеменде жеѕімпаз спортшылар мен жаттыќтырушылар марапатталды 23 қазан 2014 жылwww.egemen.kz8 ҰСТАЗДАР ҰСТАХАНАСЫ Қуат БАЙМЫРЗАЕВ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор. Жаһанданудың иірімінде кетпей, ұлттық бəсекеге қабілетті болу да елдің білім деңгейіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру, əлемдік білім кеңістігіне ену еліміз дамуындағы басты мəселелердің бірі. Осы күрделі, маңызды шаруа ның шешімін табуы ұстазсыз мүмкін емес. Елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақтың тəрбиесі де, сапалы білім деңгейі де ұстаз қолында. Мектептерді кадрмен қамтамасыз етіп отырған педагогикалық институттар білім беру жүйесін, білім сапасын жақсартудағы ауқымды жұмыстардың бастау бұлағында тұр. Қостанай мемлекеттік педа гогикалық институты да 75 жылдан бері Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ұстаздар ұстаханасына айналған білім ордасының бірі. Негізі Қостанай педагогикалық институтының та- рихы əріден басталады жəне ерлікке пара-пар игі істерден тұрады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, бастауыш мектепке мұғалім дай- ындау мақсатында орта білімді мамандар дайындай тын бірнеше оқу орындары ашылды. Солардың бірі Қостанай қаласындағы қазақ педагогикалық училищесі негізінде 1939 жылы мұғалімдер институты ашылады. Бұл елде саяси тұрақсыздық орнаған, халқымыздың жақсыларын, білімділерін қынадай қырған 1937-1938-ші қасап жылдардың қан иісі кете қоймаған, қаһарлы соғыстың басталуына көп қалмаған, халықаралық жағдайдың қылпылдап тұрған тұсы болатын. 1941 жылы 27 шілдеде институттың алғашқы түлектері мемлекеттік емтихан тапсырып, дипломын алады да, ертеңіне – 28 шілде күні майданға аттанады. Олардың басым көпшілігі соғыстан қайтып оралған жоқ. 1944 жылы мұғалімдер инсти- тутына батыр Амангелді Имановтың есімі беріледі. Педагогикалық институт құрыларда оның құжаттарын дайындаған да, жаңа оқу орнының алғашқы директоры да азамат ұстаз Дəулет Ыбыраев болған екен. Соғыстан кейінгі жылдары елге мектеп мұғалімдерінің сапасын арттыру мақсатында Қостанай мұғалімдер институты педагогикалық институт бо- лып қайта құрылды. 1972 жылы А.Иманов атындағы оқу орны КСРО-ның 50 жылдығы атауына өзгертіледі. Білім ордасын əр жылдары білікті ғалым, ұстаз, ұйымдастырушы кісілер басқарды. Олардың арасында И.Терновой, З.Алдамжаров бар. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары педаго- гикалық институтты жыл сайын 700-900-ге тарта түлек бітіріп, Қостанайды, онымен іргелес облыстарды барлық мамандықтағы мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырған. 1990-1991 жылдары Қостанай педагогикалық институтында 34 кафедра, онда ғылыми дəрежесі бар 93 оқытушы, 3 профессор мен ғылым докторлары жемісті еңбек еткен. Тəуелсіздігіміз қолға тиген соң, экономика да, əлеуметтік сала да түрлі өзгерістерді бас- тан кешкен кезде, жоғары білім жүйесі де онан сырт қалмады. Қазақстан Республикасы Министрлер Каби нетінің қаулысымен 1992 жылы Қостанай мемлекеттік педаго гикалық институты Қостанай университеті болып қайта құрылды. 2004 жылы Үкімет респу- бликада 5 педагогикалық жоғары оқу ор- нын, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық инс титутын құру туралы шешім қабыл дағаннан кейін, 1 сəуірде Қазақстан Республикасындағы заманауи жоғары оқу орны ретінде педагогикалық институт өзінің жұмысын қайта бастады. Бүгінгі таңда инсти- тутта 7 факультет, 13 кафедра, 2 оқу-тəрбие орталығы 23 түрлі педагогикалық мамандық дайындауға атсалысады. Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса – мектебі де сондай болмақ» деген екен. Кемеңгер ағартушының бұл сөзі қазір де мəнін жойған жоқ, қайта «ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай бо- луы керек?» деген сауалға жауап іздеуге, сол жолдағы ізденістерге итермелейді. Қоғамның қазіргі заманғы даму беталысы инновацияны талап ететіндіктен, педагогтар дайындайтын жоғары оқу орны жұмысының басты бағыты белсенді, жаңашыл, шығармашыл, креативті мұғалім тұлғасын қалып тастыру болып отыр. Білім ордасы əлемдік білім кеңістігіне шықпай, бағытын айқындап алмай бұл мақсат үдесінен шыға алмас еді. Сондықтан 2008 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Болония университеттер ұлы хар- тиясына қол қойып, білім беру саласындағы басты бағыттарын айқындап алды. Білім жəне ғылым министрлігі тара пынан өткізілген пəннің оқу жетістіктерін сырттай бағалау кезінде Қостанай облысы бойынша біздің ин- ститут көшбасшы атанып, орташа 116 баллға қол жеткізді. 2013-2014 оқу жылы институ- тымызды 1375 түлек тəмамдаса, со ның 205-і үздік дипломмен аяқ тады. Жалпы, білім са- пасы көрсет кіштеріне тəуелсіз шетелдік ма- мандар мен мемлекеттік органдар жоғары баға беріп отыр. Жақында шыққан Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ұлттық рейтингісінде педагогикалық оқу орындары арасында төртінші орынға ие болдық. Жақсы мұғалім қалай қалып тасады? Ол үздік оқушыдан, ізден гіш студенттен шығады. Осы бағытта педагогикалық инсти- тут пен мектептердің əлеуметтік əріптестігін тең дəрежедегі жаңа деңгейге көтердік. Педагогикалық оқу орнының білім беру ұйым дарымен əлеуметтік əріптестігі да- рынды балалармен жұмыс жасауда ерекше байқалады. Институтта əртүрлі деңгейдегі интеллектуалдық жарыстарға дарынды ба- лаларды дайындауда «Қостанай дарыны» облыстық орталығымен өзара байланысудың біркелкі жүйесі қалыптасты. Институттың ғылыми кеңесінің шешімімен 2013-2014 оқу жылында пəндер бойынша өткен облыстық олимпиада жеңім паздарына екі грант бөлінді. Оны Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі, химия ма мандығын таңдаған Медет Сегізбаев жəне физика-математика лицейінің түлегі Евгений Боченков иеленді. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сəйкес, бүгінде 12 жылдық білім жүйесіне дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл істе негізгі тұлға тағы да мұғалім болары хақ. Сондықтан институтта 12 жылдық білімді дамыту стра- тегиясына сəйкес мұғалімдер даярлау ды жетілдірудің іс-шаралар жүйесі жасалып, жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда күндізгі оқу бөлімінде оқыған 6809 түлек диплом алды. Олардың ішінде мемлекеттік грант бойынша оқыған студенттердің саны 4158-ге жеткен болатын. Бүгінгі күні «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша біздің институт түлектерінің 90 пайы- зынан астамы шалғай аудандар мен ауылдарда еңбек етуде. Биыл елімізде республикалық «Сер- пін-2050» бағдарламасы бастау алды. Бұл Қазақстандағы көптеген əлеуметтік мəселелерді ішкі көші-қон, қайта қоныстандыру арқылы шешуді ойластырған дұрыс бағдарлама деп ойлаймын. Оңтүстік облыстарда халықтың тығыз орналасуы себебінен жұмыс орнының жетіспей жататынын да көріп-біліп отырмыз. Біздің институт осы бағдарламаның сəтімен жүзеге асуына өз үлесін қосатын болады. Міне, биыл Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан Бірыңғай ұлттық тестілеуде орташа алғанда 70-78 балл жинаған 150 жас келіп білім алуда. Қостанай мемлекеттік институтын- да ТМД елдерінен де студенттер оқиды. Ресей ден келген студенттердің біреуі қазақ, үшеуінің ұлты орыс, бірі ингуш, бірі украин халқының өкілдері. Сондай-ақ, Əзербайжан, Қырғызстан, Тəжікстан, Украинадан да келіп білім нəріне сусындап жүрген студенттер бар. Олардың ойларына бөліп-жарылу деген түсінік мүлдем келмейді, біздің еліміздегі баян- ды бейбітшілікті, ұлт саясатын біліп, сезініп жүреді. Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы үшін уақыт алдымызға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Өмірдің барлық саласындағы атқарылар қыруар істердің негізі білімге келіп тіреледі. Осы тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың бойына білім дəнін егетін мұғалім дайындайтын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты уақыт үдесінен шығып келе жатқан білім ордасы. Оқу орнының 75 жылда қол жеткізген жетістігі болашақ игілігіне айналуы қажет. Жан-жақты дамыған ұстаз тұлғасы – мұратымыз. Еркін ƏБІЛ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылым жəне халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Білім берудің əлемдік кеңістігінде мойындалған үздіктерден үйренбей, дəстүрі де, тарихы да бай белгілі уни- верситеттермен тəжірибе алмас пай ғылым да, білім беру ісі де уақыт көшіне ілесе алмайды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институ- ты 2004 жылы Үкімет қау лысымен қайта құрылғаннан кейін халықаралық байланыстарды дамыту білім ордасы жұмысындағы бағыттардың біріне ай- налды. Бүгінде дүниежүзінің көптеген елдеріндегі жоғары оқу орындарын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты өзіне əлеуметтік əріптес санайды. Институттағы оқыту үрді- сінің тəжірибесінде шетелдік Батыс Вирджиния, Франция, Канада уни- верситтерінен келген жоғары оқу о р ы н д а р ы н ы ң п р о ф е с с о р л а р ы дəріс оқиды. Ал, біздің жиырмадан астам оқытушымыз Жапонияның Цукуба, Германияның Дюссельдорф университетінде, Ұлыбританияның Нью-касл университеті мен Тіл дік білім беру Норвич институтында, Қытайдың Макао уни верситетінде, Португалияның Лис сабон қаласындағы ISEL институтында өздерінің кəсіби білігін арттырған болатын. Сондай- ақ, 2012-2013 оқу жылы 7 студентіміз, 2013-2014 оқу жылы тағы да 7 студентіміз академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Францияның Виа Домисия университетінде бір семестр бойы білім алып, оның барлығын да «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. Қостанай мемлекеттік педа- гогикалық институтындағы ғы лым мен білім жəне жастарға тəлімді тəрбие беру ісінің лайықты бағалануы тек бұл емес. 2006 жылы білім ордасы Халықаралық іскерлер кеңесі бекіткен «Ұлттық экономика лидері – 2006» құрметті атағына ие болды. Бүгінде институт Ресейдің, АҚШ-тың, Францияның, Германияның жəне басқа да елдердің жоғары оқу орындарымен білім беру ісінде жəне ғылыми тығыз байланыс орнатқан. Биыл сəуір айында білім ордасы Францияның VIA DOMITIA университетіндегі француз тілін оқыту орталығының директоры Паскаль Казанова мен сол университеттің халықаралық байланыс жөніндегі про- ректоры Жан-Луи Мартиді күтіп алды. Қонақтар институт аудиторияларында кездесулер жасап, олармен студент- тер тек француз тілінде сөйлесті жəне Франциядағы оқу жүйесі, француз мəдениеті, қазіргі əдебиеті, жастар өмірі туралы көптеген сауалдар қойды. Қонақтар біздің студенттердің француз тілін жақсы меңгергеніне риза болды, таңданысын да жасырмады. Қостанай мемлекеттік педа- гогикалық институты Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында фран- цуз тілінің маман мұғалімдерін даяр- лайтын бірден бір білім ордасы болып табылады. Институт жанынан бірнеше жылдан бері Француз мəдени-оқыту орталығы жұмыс істейді. Мұнда студенттер француз тілін тереңдеп үйренумен қатар, Франция елінің мəдениетімен, əдебиетімен кеңінен танысып, жалпы осы ел туралы мол мағлұмат ала ды. Мұнда француз тілі мен мəдениетіне қатысты шаралар да өткізіледі. Бұл студенттердің фран- цуз тілін үйренуіне жақсы мүмкіндік жасайды. Біздің студенттер мен оқытушылар білім мен біліктілікті көтеру мақсатында Францияның Перпиньян қаласындағы жəне Американың Огайо штатындағы университеттерінде бір семестр бойы оқиды. Шет тілдері факультетінің деканы Елена Дорошок, француз тілі кафедрасының меңгерушісі Марина Кудрицкая жəне Айша Оспанова бастаған ұстаздардың бастама- шыл жұмыстары студенттердің тіл үйренуге деген ынтасын арттыра түседі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау жерінде берген сұхбатында тіл мəселесіне тағы да тоқталды. Əсіресе, Қазақстан тұрғындарының барлығы да қазақ тілін – мемлекеттік тілді білумен қатар, «мемлекетімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, өркендеп-өсіп, озық отыз елдің қатарына қосыламыз деп отырғанда» көп тіл білуі, бизнестің, халықаралық қарым-қатынастың тілі – ағылшын тілін білуі керектігін айтты. Мұны ол кісі жастарға қаратып айтты. Біздің Қостанай педагогикалық инсти- туты Мемлекет басшысы айтқан осы бағытта көп жұмыстар атқарып келеді. Институттың профессорлық құрамы ғылыми ізденістермен ерекшеленеді. Олардың ғылыми мақалалары алыс жəне жақын шетелдердегі беделді, им- пакт-фактор белгісі бар журналдарға жарияланады. Брагина – бір əлем Биология ғылым дарының докторы, про фессор Татьяна Бра гинаның есімі тек Қос танай мемлекеттік пе дагогикалық институты, облыс емес, одан тыс жер- лерге де белгілі. Науырзым қорығында ширек ғасыр ғылыми қызметкер бо- лып істеген Татьяна Михайловна оның ЮНЕСКО-ның «Бүкілəлемдік мəдени жəне табиғи мұралар тізіміне» енгізілуіне тікелей атсалысқан бола- тын. Ғалым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына келген соң, ұстаздықпен қатар ғылыми жұмыстарды жалғастыра берді. Оның бастамасы- мен қазақ даласының көркі киіктерді қорғап қалу мақсатымен Торғайда «Алтын дала» резерваты құрылып, жұмыс істеп тұр. Қазақстанның оң- түстік өңірінде Түр кістан табиғи паркі мен Қызылқұм кіші қоры ғының құрылуына түрткі болған Татьяна Брагина болатын. Сырдария – Түр кістан аймақтық та- биғат паркі құрылып, оған Дүниежүзілік жабайы та- биғат қоры (WWF) тұ қы- мы жойылып бара жат- қан дықтан торда өсірілген бұхар бұғысын еркіндікке жіберуге берді. Сөйтіп, бір кездері тұқымы құрып кет- кен бұхар бұғысы қазақ даласына қайтып оралды. Осы жұмыстардың бар- лығы биолог ғалымның жанкешті жұ- мысының арқасы деуге болады. Ол бүгінде – Біріккен Ұлттар Ұйымы Кон- венциясының шөлге айналған жерлер бойынша тəуелсіз сарапшысы. Брагинаның халықаралық табиғат қорғау одағы қаржыландырған «Негізгі даланың виртуалдық энциклопедия- сы» деген қанатқақты жобасы арқылы аймақтық сайт құрылды. Халықаралық тырналар қорының қар- жыландыруымен «Тыр на жəне аңшылық» жобасы Қазақстанның солтүстігінен ұшып өтетін тырналар по- пуляциясына мониторинг жасады. Профессор Брагинаның тікелей бастамасымен Қостанай мемлекеттік пе- дагогикалық институтында экология жəне биология проблемалары бойынша ғы- лыми-зерттеу орталығы, Қазақстанда тұңғыш рет студенттердің бедвотчерлік клубы құрылды. – Жастар терең білім алып, білікті маман болуы тиіс. Біздің еліміздің дамуы үшін білікті мамандар қажет. Оның орнын ештеңе алмастыра алмай- ды, – дейді Татьяна Михайловна. Оның шəкірттері ғылыми жұмыстарға ден қояды, ұстазға қарап бой түзейді. Ќостанай мемлекеттік педагогикалыќ институтына 75 жыл толды Бірде мен «Серпін-2050» атты əлеуметтік бағдарлама елімізде бастау алып, жат- қанын білдім. Бағдарламада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облы- сының талапкерлері үшін солтүстік аймаққа грант бө лінгені айтылған екен. Аталған бағдарлама да Елбасы Нұр- сұлтан Назарбаевтың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру мақсатында қолға алынған. Бұл бағдарламаның мақсаты мені қатты қызықтырды. Себебі, бұл бағдарлама мемлекеттік деңгейде бақылауға алынатындығы, ерекше əлеуметтік қоғамдық орны бар, əрі ұзақ мер зімді жоба екенін түсіндім. Бұл бағдарламаның мүшесі болғым, елдік іске мен де қатысқым келді. Өйткені, Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың жиі орна- ласуына байланысты əлеуметтік қиындықтар жоқ емес. Соның бірі жоғары білім алған жастардың кейін мамандығы бойынша жұмыс таба ал- май қиналатыны бар. Мен қасиетті Отырар жерінде туып-өстім. Ол ау- данда да əлеуметтік мəселелелер мен айтқан көріністен алыс емес. Болашақ мамандығым жəне оқу орным жайлы көп ойлан- дым. Ақпарат құралдарынан солтүстік об лыстардағы жоғары оқу орындары ту- ралы мə лі меттер алдым. Нəтижесінде, мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика жəне психология маман дығын таңдадым. Өйткені, болашақ ұрпақ тəрбиесі үшін бұл мамандықтың берері мол. Таңдаған оқу орнымды көруге келгенше асық болдым. Біз «Серпін» жастары мұнда келгенімізде ректорымыз Қуат Баймырзаев бастаған ұжым бізді өте жақсы қарсы алды. Жатақханаға орналастық, студенттік өмірге қадам бастық. «Серпін» жастарына деген концерттік бағдарламалар, жиналыстар, тəрбие- сағаттар біздің мұнда білім алуға деген құштарлығымызды арттырды. Оқу орнымызбен таныстық, мұндағы кітапхана мен мұражай ұнады. Мен «Серпін» бағдарламасының мүшесі болғаныма, осында білім алуға келгеніме қуаныштымын. Райхан ЫСРАЙЫЛ, психология жəне педагогика факультетінің 1-курс студенті. Еліміздің экономи- касы мен əлеуметтік д е ң г е й і н к ө т е р у үшін Үкімет тарапы- нан бағалы бағдар- ламалар, жобалар жа- салуда. Соның бірі «Серпін-2050» бағ- дарламасы. Бұл бағ- дарламаны білім беру сала- сындағы серпіліс десек қате- леспейміз. Оңтүстік Қазақ- стан облыстарында, оның ішінде Қызылорда өңірінде де бала туу деңгейі жоғары. Халық тығыз орналасқан. Бұл жұмыссыздықтың көбеюіне əсер етеді. Диплом алған жас- тар мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүреді. Керісінше, еліміздің кейбір өңі р лерінде кадр тапшылығы өте өзекті мəселе болып тұр. «Серпін-2050» бағдарламасы о ң т ү с т і к т е г і ж ұ м ы с с ы з - дық пен солтүстік облыс- тардағы кадр же тіспеушілік проблемаларының шешімін табуына ықпал ететін болады. Осы бағдарлама аясын- да мен Қостанай мемлекеттік педаго гикалық инс- титутының шет тілдері факультетінің студенті атандым. Бұл жоғары оқу орнында б іл ім д е ң г е й і н і ң ж о ғ а р ы екеніне өзім куə бол- дым. Білімімен қатар институттың тəрбиелік іс-шаралары да қызықты өтеді. Студенттік қа тарға қосылу кешінде біз институттың факультеттерімен танысып, олардың өнерін тамашаладық. Жақында осы бағдарлама жетекшілерінің бірі, облыс əкімінің орынбасары Мұрат Дəрібаевпен кездестік. Аталмыш жоба маған көп мүмкіндіктер мен жеңілдіктер берді. Мəселен, «Серпін-2050» бағдар ламасы маған беделді институтта жоғары білімді тегін алуға керемет мүмкіндік берді. Таза, барлық тұрмыстық жағдайы жасалған жатақ ханада тұрамыз. Перизат ДƏРІБАЙ, шет тілдері факультетінің 1-курс студенті. Меніѕ болашаєым жарќын «Серпін» берген сенімнен шыєамыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, денсаулығы мықты азаматтар» деген болатын. Болашаққа темірқазық етіп ұстанып отырған 30 елдің қатарына қосылу мақсатымыз жас ұрпаққа сапалы білім, тəлімді тəрбие бергенде ғана шынайы шындыққа айналады. Жан-жаќты дамыєан мўєалім – мўратымыз «Білімсіз ғылым жоқ» деген даналар сөзіне тəнті боламыз. Сонымен қатар, қазір жаһандық деңгейдегі даму кезінде ғылымсыз білім жоқ екеніне де көзіміз жетіп отыр. Бүгінгі уақыттың сипаты да, талабы да халықаралық байланыстарды, шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен іскерлік қарым-қатынастарды нығайту болып отыр. Француз тілі маманын тек біздіѕ институт дайындайды Єылымдаєы ќос тарлан «Ќазаќстан тарихы» оќулыєын жазєан Қандай білім ордасы да профес- сорлық құрамымен мықты. Шынайы ғалымдардың орны тіпті ерекше. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ғалымдарымен мақ танса мақтанғандай. Тарих ғы лымдарының докторы, профессор Аманжол Күзем- бай ұлының есімі республикадағы ғылыми ортаға жақсы таныс. Тəуелсіздігімізден бұрынғы жыл дары «Қазақстан тарихы» оқу лығының қандай екенін сол жылдары білім алған мектеп түлектері, студенттер де ұмыта қойған жоқ. Ар жағынан күн көрінетіндей жұқа оқулықты оқыған бірнеше ұрпақ қазақ даласының, қазақ халқының дара тари- хы болмаған деген түсінікпен өсті. Оның ішіндегі тарихтың бар лығы да Қазан төңкерісімен, Коммунистік партиямен байланыстырылатын. «Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың 2 пайызы ғана сау- атты болды» деп, ғылыми айналысқа түскен мəліметке имандай сендік. Өткен ғасырдың 80-90-жылдары, яғни Қазақстан тəуелсіздігін алғанға дейін Аманжол Күзембайұлы «Қазақстанның тарихы пышақтың қырындай бір кітап ғана емес, терең» деген пікірді батылы жет- кенінше айтып жүрді. Оны ісімен дəлелдеді. 80-ші жылдары Қазақстандағы жоғары оқу орында рын - да тек Алматыдағы Қа зақ мемле кеттік жəне Қара- ғанды мемлекеттік универ- ситеттерінде ғана «Қа зақстан тарихы» кафедрасы болды. Қара ған дыдағы кафедраны Аманжол Күзем байұлы басқарды. Ол уақыттың өлше мімен алғанда «кішкентай ғана» ка- федраны басқарған тарихшы ғалым жан- кештілікпен қаншама жұмыстар атқарды. Қазақстан тəуелсіздігін алып, хал- қымыз өзінің рухани мұраларына жаңа көзқараспен қараған кезде, Аманжол Күзембайұлы елімізде бірінші рет Тəуелсіз Қазақстанның «Қазақстан та- рихы» оқулы ғын жазды. Ғалым Қостанай мемлекеттік педаго гикалық институты жанынан жекеменшік зерттеу институтын ашты. Мұнда аймақтық тарихты зерттей бастады. Ол Қазақстан, Батыс Сібір, Оңтүстік Урал сияқты үлкен аумақты қамтиды. Соның аясында соңғы бес жыл ішінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының келісімімен «Тарихи топо- нимика» атты ғылыми жо- баны жүзеге асыруда. – Қазақстанның Қос- танай облысы тарихта ірі оқиғалардың орталығы болды. Алайда ол тура- лы бүгінгі ұрпақ хабар- сыз. Алтын Орда, Сібір хандығы, қазақ-қалмақ қатынастары кезіндегі дəуірлерде қазіргі Қостанай өңірі көп нəрсені бастан кешті. Археологиялық ескерткіштер бар, бірақ ол жеткілікті зерттеліп жатқан жоқ. Əсіресе, ортаға- сырлық тарих көмбе күйінше тұр. Торғай өңірі мүлде зерттелмеген. Осының барлығын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс, ол үшін зерттеу керек, – дейді ғалым. Аманжол Күзембайұлы шəкірт- терімен зерттеген еңбектер облыс өңіріндегі ономастикалық мəсе- лелердің ақиқатын айырып беруге мүмкіндік жасайды. Бетті дайындаған «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА. 23 қазан 2014 жыл www.egemen.kz 9 Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_
[email protected]. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@ mail.ru. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». Бірақ Қостанай ауданындағы «Ғарифуллина» шаруа қожалығына келгенде осы айтқанымыздың бар лығы да жалған тəрізді. Бұл шаруашылық астығын тап-тұйнақ- тай етіп жинап алған, қазір бидай- ын тазалау жұмыстарымен айналы- сып жатыр. Инзюда Ғарифуллина егде жасына қарамастан осы шаруашылықты басқарады. Егінін қарға қалдырмай, бір айдың ішінде жинап, қамбаға құйып алғанына мəз. Гектарына 12 центнерден өнім алды, кейбір алқаптардың гекта- ры 15 центнерден айналды. Дəннің қамырлылығы 28 % болды. Биыл əр диқанның армандаған көрсеткіші ғой бұл. Шаруашылықта он бес адам еңбек етеді. Оның сыртында Ғари- фуллинаның отбасы, яғни бес ба- ласы диқаншылықпен жəне мал шаруашылығымен айналысады. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын кезінде шаруашылықтағы барлық жұмыскер бір адамдай ұмтылады. Ерте тұрады, кеш жа- тады. Ал Инзюда апайды өзінің шағын ұжымы «халық агрономы» дейді. Өйткені, жылдағы жұмыс диқан үшін тəжірибе болып қала берген. – Біздің биыл астықты тез жи- нап алғанымыздың сырын айтайын, – дейді Инзюда апай. – Арпа енді сарғаюға бет алғанда дереу орып, жинап алу керек. Ол жұмсақтық етпейді. Бидайды алдымен орып тастап, одан кейін комбайнмен жинадық. Жаңбыр күнде жауған жоқ қой. Орып тастаған соң, би- дай құрғай береді. Күн жылт ет- кенде дереу комбайнмен жинай бастаймыз. Оның ылғалдылығы да аз болады. Өткен жылы бидайды тік тұрғанында бірден жинаймыз деп, əбден əбігерге түскенбіз. Биыл құлатып барып жиғанымыз өте тиімді болды. Бұл шаруашылық көктемде де мамыр айының 11-і мен 25-і аралығында дəн сіңіріп үлгерген екен. Осы жұмыстардың дəл уақытында атқарылуы сақадай сай техниканың да арқасы. Соны- мен қатар, тұқым, тыңайтқыш, арамшөптен тазарту жұмыстарының барлығына қаржы керек. Сонау 2006 жылы шаруашылық құрылғалы оларға Аграрлық несие корпорация- сы акционерлік қоғамы олардың жебеушісіндей болып келеді. Осы корпорация қолдауымен құрылған «Тобыл» несие серіктестігіне мүше «Ғарифуллина» шаруа қожалығы қажет уақытында қаржысын алып тұрады. – Біз Торғайдан көшіп келген едік. Отбасым үлкен əрі балаларым да, жұбайым да еңбектен қашпайды. Бірақ бір гектар да же ріміз болма- ды. Осы Московский ауылынан көшкендер пайларын сатты да, со- лардан мал жаямыз ғой деп 100 гек- тар жер сатып алдық. 2006 жылы шаруашылықты құрдық та, «Тобыл» несие серіктестігінен қаржы алдық. Міне, солай көтеріліп, қазір жеріміз 2000 гектарға жетті, биыл соның 1400 гектарына бидай, 500 гектары- на арпа, сұлы ектік, – дейді Инзюда апай. Қазір шаруа қожалығының 7 комбайны, төрт «Беларусь» трак- торы, 3 «К-700» тракторы, оның сыртында жаткалары, басқа да тех- никалары бар. Несие болмаса ауыл шаруашылығында оралым болмай- ды. Инзюда апайдың диқангершілік туралы пікірі де əркімнің есінде жүрерлік еді. – Маңдайтеріңді төккен еңбегің өз алдына, сонымен қатар, диқан кісінің ар-ұжданы таза болуы ке- рек. Сонда ғана Жаратқан Ием несібесіз етпейді. Алған несиеңе жауапты болуың керек. Мен серік- тестіктен несие аламын да, күзде ең бірінші соны қайтарамын. Сосын жұмысшыларымның еңбек- ақысын уақтылы беремін. Мысалы, көктемгі, күзгі науқан кезінде олардың жалақысы 350-400 мың теңгеге дейін жетеді, қалған кезде 45 мыңнан кем алмайды. Сосын оларға 5-6 ай бойы тегін тамақ ұйымдастырамын, жұмыстан бо- сатпаймын, бəрі де құр жүрмейді, жұмыс тауып беремін. Сонда ғана шаруашылықтың жұмысы жүреді. Несие де, жұмысшы жалақысы да – қарыз. Осы екеуінен қалғаны да өзімізге жетеді, –дейді Инзюда Ғарифуллина. Қожалық басшысының айтуын- ша, шаруашылық биылғы астығын сатып та үлгерді. Бидайдың тон- насын 37-38 мың теңгеден берді. Бидайды сатқан да, алған да риза болысты. Қамырлылығы жоғары, үшінші кластық бидай ешқандай кідіріссіз кетті. Оның ақшасы жұмысшылардың жалақысына, шаруашылықтың ішкі қажетіне жұмсалды. Шаруа қожалығы биылғы алған несиені өтейтін астығын да сатуға дайындап отыр. Күзгі жаңбырдың молдығына Ғарифуллиндердің көңілі тоқ. Жердің терең тоңданғаны – келер жылғы мол астықтың белгісі. Ылғал мол болады. Бұл диқан Инзюда апайға ерекше сенім əкелген күз болды. Қостанай облысы, Қостанай ауданы. –––––––––––– Суретте: Инзюда Ғарифуллина ұлы Нағыммен жəне «Тобыл» несие серіктестігінің төрағасы Жұмағазы Өтебаевпен бірге. Инзюда апайєа сенім сыйлаєан кїз Қазан айы басталғалы жиі жауған жаңбырдың арты қарға ұласып тынды. Ағаш жапырағы, даладағы шөп, бақшада қалған пəлек – барлығы да болмашы аязға үсіп кетті. Табиғаттың бұл мінезі шаруаға қашаннан та- ныс, қазақ оны «қазан ұрды» дейді. Диқан да ала жаз- дай төккен маңдайтерінің ырыздығын қазан ұрмай жинап алуға тырысады. Оған не жетсін. Бірақ ауа райы шаруамен санаспай- ды, биыл мезгілінен кешігіп жауған жаңбыр егіннің пісуін де кешеуілдетті. Қазір егіс алқабының көк масақ болып тұрған алқаптары жетерлік. Күзгі жаңбыр да диқанның қолын байлап отыр. Қолдың, арқаның, тізенің сырқырауы – бұл сізге таныс па? Күзде, саяжай маусымының соңына қарай əркім буындарының, арқасының, бұлшық еттерінің ауруымен қақтығысуы мүмкін. Буындарды сенімді қорғап, оларды қалыпты жағдайда ұстау үшін, майтамыр (халықтық атауы – живокост) өсімдігінің негізінде жасалған ЖИВОКОСТ бальзамын қолданыңыз. Майтамыр өсімдігінің та- мыры ертеден буындар мен сүйектердің қорғаушысы болып естептеледі. Живокосттың құрамында өте көп мөлшерде табиғи аллантоин бар – бұл буын шеміршектерін табиғи қалпына келтіретін өте күшті стимулятор. Бұдан басқа, живокосттың құрамында көп органикалық кальций бар – ол жеңіл игеріледі жəне сау сүйек жасушаларының құрылуына ықпалын тигізеді. Жəне, соңында, жоғары нəтижеге қол жеткізу үшін, майтамырды оның əсерін күшейтіп жəне еселейтін бірқатар компоненттермен үйлестіру қажет. ЖИВОКОСТ бальзамында қабынудың алдын алуға көмектесетін, буындардың қоректенуін қамтамасыз ететін жəне олардың ауруына жол бергізбейтін дəрілік өсімдіктер майы мен экстрактілер жиналған. Ал мумие мен құмырсқа спирті буындарды қатты суық əсерінен қорғайды. Ылғалдылық пен шамадан тыс ауыр жүктен сақтандырады. ЖИВОКОСТ бальзамын үзбей, əрдайым жүйелі түрде қолдану керек, сонда сіздің буындарыңыз көптеген кезеңаралық жəне қысқы қолайсыз проб- лемалардан сенімді қорғалады. ЖИВОКОСТ – буындарға табиғи қамқорлық. ЖИВОКОСТ бальзамын күнде қолданыңыз, сонда сіздің буындарыңыздың ауырмауына табиғат қамқорлық жасайды! Республикалық меншіктегі нысан- дарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісі- мен аукционға республикалық меншіктегі мына нысан қойылады: 1. Ваз-21074 автомобилі, мем.нөмірі С 984 AF, 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, Əуезов көшесі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 154 913 теңге. Бастапқы баға – 774 565 теңге. Ең төменгі баға – 84 753 теңге. Кепілді жарна – 23 236,95 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын – 2014 жылғы 10 қарашада сағат 11.00-де аяқталады. Кепілд і жарналар Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекеше- лендіру департаментінің шоты- на төленеді: банк - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті; ИИК KZ590705012170179006 , БИК KKMFKZ2A, БИН 120340014555; ММ коды 2170179, КБе 11, КНП 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқын береді. Департаменттің депозиттік шо- тына кепілді жарнаның уақтылы түсуі үшін өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айы- рысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өт ін ім тіркелгеннен кейін Тізілім веб- порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойын- ша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу жəне тіркеу бойын- ша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына аукцион өткізу ту- ралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аук- цион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукци- он басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жо- лымен сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бой- ынша электрондық аукцион: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес ми- н у т і ш і н д е қ а т ы с у ш ы л а р д ы ң бірде-біреуі электрондық аукци- онда жекешелендіру нысанын са- тып алу ниетін растамайтын болса жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы Қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде- біреуі жекешелендіру нысанын са- тып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукци- он жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде- біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбiр сатылған жекешелендiру ны- саны бойынша аукцион нəтижелерi аук- цион нəтижелерi туралы электрондық хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы жəне жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелерi туралы хаттама аукцион нəтижелерiн жəне жеңiмпаз сатушының жекешелендiру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-са- ту шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шар- тына аукцион өткiзiлген күннен бас- тап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде Көкшетау қаласы, М. Əуезов көшесі, 230, 13-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды т ұ л ғ а н ы м е м л е к е т т і к т і р к е у (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілетт іктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сай- тынан жəне 8 (7162) 256556, 254715 телефондары арқылы алуға болады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұжымы Есеп комитетінің мүшесі Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаевқа анасы Шəкəр АЙТМҰҚЫШҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК ұжымы Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа ұлы Арлан ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы газет жанашыры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Оразбек Сəрсенбайұлына зайыб ы Шара АСАНҚЫЗЫНЫҢ кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Фолиант» баспасының ұжымы ардақты азамат Қажымұрат Нағмановқа ұлы АРЛАННЫҢ дүниеден озуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – 3 бөлмелі пəтер, жалпы алаңы 57,1 ш.м., кадастрлық нөмірі 20-313- 034-000-(863-152г-6/58019), орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Бостандық ауданы, Радостовец к-сі (бұрынғы Морис Торез к-сі), 152 г-үй, 29-пəтер. Бастапқы баға – 16 982 000 (он алты миллион тоғыз жүз сексен екі мың) теңге. Лот №2 - Mitsubishi Pajero маркалы автомобилі, 2007 жылы шығарылған. Бастапқы баға – 6 407 000 (алты миллион төрт жүз жеті мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірген тұлғаға хабарласу керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2014 жылғы 3 қарашада сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Лоттар бойынша сауда-саттық ағылшын əдісімен 2014 жылғы 4 қарашада сағат 10.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлме. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БИН 940140000385. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 8,0 га кадастрлық нөмірі 03-047-062-207, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу. Бастапқы баға – 73 728 000 (жетпіс үш миллион жеті жүз жиырма сегіз мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1004-бөлмеде 2014 жылғы 3 қарашада сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттық лот бойынша ағылшын əдісімен 2014 жылғы 4 қарашада сағат 12.00-де мына мекенжайда болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылай хан к-сі, 48А. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БИН 940140000385, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 1,303 га кадастрлық нөмірі 20-315-015- 395, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Бекхожин көшесінің оң жағында, Қармысов көшесінің шығыс жағында, Көшкінов көшесінің солтүстік жағында. Бастапқы баға – 779 500 000 (жеті жүз жетпіс тоғыз миллион бес жүз мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1004-бөлмеде 2014 жылғы 3 қарашада сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек. Сауда-саттық ағылшын əдісімен 2014 жылғы 4 қарашада сағат 10.00- де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1000-бөлме. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Шаймерденов Бақытжан Сенбекұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ406010011286000046, БИН HSBKKZKX, СТН 600200048129, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57. Назар аударыңыз, түзету Алматы қаласының мем- лекеттік мүлік жəне жеке- шелендіру департамент і газетт ің 2014 жылғы 22 қазандағы № 206 (28429) санын- да жарияланып, 2014 жылғы 4 қазанда сағат 10.00-де www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде коммерциялық тендер өткізу ту- ралы хабарлайды деген мəтініне мынадай түзету енгізіп: Алматы қ а л а с ы н ы ң м е м л е к е т т і к мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 4 қарашада сағат 12.00-де www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде коммерциялық тендер өткізу ту- ралы хабарлайды деп түзетіліп оқылуын сұрайды. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 11 қарашада сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысан- дарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды 23 қазан 2014 жылwww.egemen.kz10 www.egemen.kz10 Меншік иесі: “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12. БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта –
[email protected] МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38; Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50. ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48,
[email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11,
[email protected] Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған. Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ. Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты. Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №423 ek Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Қымыздың патенті қазақ- тың қолында екендігі ел газеті «Егеменде» жазылды. Енді жылқыны үйірімен өсіріп, қымызын сауып, дайын дап, сату мəселесіне мем лекеттік деңгейде қолдау көрсету керектігін халық қалау лы- лары көтеруде. Бұл – қуана құп тарлық жайт. «Қымыз – қазақтың ұлт- тық тағамы, бренді десек қателеспейміз. Ата-баба ла- ры мыз ықылым заманнан бері пайдаланып келе жатқан қымыздың қасиеті шексіз. Қымыз – сусын, қымыз – та- мақ, қымыз – дəрумен. Негі- зі, жылқының сүтін пісір- мей ішетіні адамға малдан жұғатын бруцеллез ауруымен жылқы ешқашан ауырмайды. Сондықтан саумал ретінде жəне қымыз жасап та ішкен. Дəруменнің «д», «с», «а» түрлері болса, сонымен қатар, қымыздың құрамын ешқандай дəрі-дəрмек алмастыра алмай- тын теңдессіз 26 түрлі амин қышқылы тағы бар. Қымызды ашытудың өзін- дік технологиясы болады. Ыдысы – күбі, саба деп те ата- лады. Тобылғымен ысталып, қойдың құйрық майымен, қазымен майланып отырған. Жал, жая салып сапырудың ерекшелігі сол қымыздағы газ секілді артық ауаны шығарып, тастайды. Қазақша айтқанда, оны пісу дейді. Қымыздың майы қара түсті болатынын да білу керек. Бір, екі, үш күндік қымыз құнан, дөнен, бесті, сары, ашулы, жуас, т.б. қымыз деп 24 түрге бөлінеді. Айталық, сары қымызда күзде шөп піскен уақытта майлылығы көбейетіндіктен, адам ағзасына өзіндік пайда- сын тигізетін «а» дəру мені мол болады. Елімізде қымызды кеңінен пайдалану мəселесін 1997 жылы қазіргі Парламент депутаты Серік Үмбетов көтеріп, сауу, өз мəнінде ба- бына келтіре ашыту – қалада, елді мекендерде, жол бойын- да сату, яғни нақты өмірде жүзеге асыруды бастаған болатын. Сол бастамасын Серік Үмбетов Жамбыл об- лысының əкімі лауазымын атқарғанда жалғастырып, қы- мызханаларды көбейткені мəлім. Ал 2006 жылы Алматы облы сының əкімі болып та- ға й ындалғанда, қымыз сауу, да йындау, сату мəселесі ерек- ше орын ала бастады. Қы- мыз бен бірге дастарқанға қазы-қарта, жал-жая, құрт, ірім шік, май, кілегей келсе, бірінен екіншісінің сəн-сал- танаты асқан қазақтың киіз үйлері жарыса тігіліп, қала- ның да, ауылдың да көркін кіргізді. Сондықтан қазақы салт-дəстүрді дəріптеу, қы- мыз ханалар ашу туралы сөз қозғалғанда Серік Əбікен ұлы- ның игі ісін айтып өту парыз. Өңірде жыл сайын мамыр мейрамында ел қымыз хана- ларды күтуді əдетке айналдыр- ды. Бүгінде Жетісу жерінде 230 киіз үй жұмыс істеп тұр. Біле білсек, бұл – жұмыс ор- ны. Ал қанша адам жылқы ба ғып, бие сауып, қымызды сұранысқа сай тасымалдау- да. Жылына 400-500 тонна қымыз сатамыз», деді Алматы об лысы əкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков. Қорыта айтқанда, өңірде жақсы жолға қойылған қы- мыз дайындау мəселесін мем- лекеттік деңгейде қарап, заң- нама шеңберінде бюджеттен қаражат бөлініп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Алматы облысы. Біздің айтпағымыз тіптен де тосын мəселе емес. Көз көріп, ықтиярсыз көндіккен жағдаятқа сіз де қанық шығарсыз. Болмай қалған сабақ, босқа кеткен 45 ми нут қа мектептегілердің еті өліп кеткен тəрізді. Ерте қайтқан, улап- шу лап сынып бөлмесін бас тарына көтерген немесе ағай ла ры, апайлары өтінішімен дымын ішке бүгіп, келесі сабақты пысықтаған оқушыларды ауыл дан да, қаладан да кездестіреріңіз хақ. Бір мұғалімнің екі бірдей сыныпқа алма-кезек шапқылап, «параллель» сабақ өткізетіні ара-тұра болса да ұшырасып жатады. Мұны «тиімді тəсіл» санайтын теріс тəжірибені қалай құптарсыз?! Өкінішке қарай, осындай өрес- кел олқылықты балалар ауыр қабыл- дамайды. Неге? Жауап, əри не, жалқы. Сапалысынан гөрі сүрең сіз сабақ басымырақ. Мұ ға лім дер кеңсесінің төрін бер мей т ін əр саладағы басшылық санатындағылар пəн ерекшелігін, бас- ты кезеңдерін оқушылардың қалай игеріп жатқандығын қалт жібермей қадағалап отырса, қане! Бастауыштан бастап мектеп бітіретіндер ара- лығындағы əрбір шəкірттің өсу деңгейін зерделейтін мектепішілік бақылау пəрменді болмай сырғыма сабақтар легі еш азаймайды. Мұндай селкеуліктен соң, ұстаздардың өзара тəжірибе тану үрдісі қайдан қарқын алсын. Қазір жоспарсыз, апта сайын- ғы жол-жөнекей шұғыл жиын бас көтертпейді. Соның көбіне қы зыл танау болып мектеп бас шы лары ба- рады. Олардың да ма ман дығы бойын- ша аз-кем пе да гогикалық жүктемесі бары ескерілмейді. Құдайына қарап, сабақ кестесінің соңғы жағына «шегіндіретіндері» де бар болар. Əй, қайдам, бірқа тары «күйіп» кеткен сабаққа қын жыл майтындай кейіп байқа тады. Бүйтіп бір-бірімізге кінə арт қанша, ұстаздар қауымын кез келген кезекші жиналыс, өткінші шараларға мұрындықтап қатыстыруды біржолата доғару қажет. Əсілі, биліктегілердің білім айдынындағы кеме іспетті пе- дагогтарды науқанилықтың жетегіне жібермегені абзал. Рас, қоғам тынысынан ешқай- сымыз шет қала алмаймыз. Бірақ, бұл бəрін бір залға жинап, тапсыр- маны төпелей бер деген сөз емес. Басқарудың, ұйымдастырудың алуан түрлі əдісі жетерлік. Шет-шегі жоқ жиналысшылдық жалық тыра да, шар- шата да бастағанын кім жоққа шығара алады. Алқалы талқылаулардың орны бөлек, əрине. Соның бəрінде оқушы мүддесі мансұқ етілмеуі алдын ала ойластырылуы тиіс. Басқа уа қытта қалалық, аудандық білім бөлімі басшылығы жоғары орын нұсқауын мектептегілерге өз жүйесі арқылы жеткізгені əлдеқайда қолайлы. Қабілетті мұға лім мен шəкірттерге «құда түсу шілер» тұс-тұс тан андағай- лайды. Дене шынықтыру пəні мұға- лімін ірілі-уақты жарыстарға жұлып əкете береді. Өнерлі болса, бай қау - ларға сүйрейді. Оу, сонда, мем ле - кеттік бағдарламаның орындалуы қайда қалады?! Сабақтан тыс қал- ған оқушының бірнеше пəн бойын- ша өткен тақырыптарды меңгеруіне қандай мүмкіндік жасалады? Сабақтан босатылған мұғалімнің жүктемесі мектеп директорының бұйрығымен келесі оқытушыға беріле ме? Əл- де бала тағдыры естен шығып, «сен тимесең, мен тиме» дейтұғын кереғар келісімпаздық жетегінде жүрміз бе?! Осы арада бір нəрсенің басы қыл- тияды. Бюджеттік бөліністе білім саласына қаралған қаржы көлемінде іссапарға бөлінгені бөдененің жұмырт- қасындай ға на. Шеберлікте шек жоғын аңдататын инновация иіріміне орай өтетін тренинг, семинар, дөң- ге лек үстел, конкурстарға əлгін дей қаражатпен мұғалімді қалай жібере аларсың. Əзірше мұндай жиын дар мұғалімнің қалтасына қол салып тұрғаны жасырын емес. Өзге саланың, əсіресе, мықты мекемелердің іссапарына бөліне тін қаржыны мұғалімдер естісе, басы айналары сөзсіз. Сонда мұ ның несі əділеттілік?! Егер он дай шараларға нақты қаржы өткізуші жақ тарапы- нан, болмаса аудандық, қалалық білім бюджетінен қарастырылса, нəтижесін сұрауға болары сөзсіз. Бұл тұрғыдағы ділгер проблеманы реттелу тетігі салалық ми нистр ліктің директивалық нұсқауы на келіп тірелері анық. Бəлкім, білім департаменттеріне, облыс, қала, аудан бюджеттерінен мұғалімдердің іссапарына деп қосымша тармақ енгізілсе, мəсе ленің түйіні жергілікті жерде-ақ шешімін табар ма екен?! Түрлі деңгейдегі депутаттар корпу- сы осы қажеттілікке қызыл кеңірдек болмай-ақ ұтқыр ұсынысын өткізе алады деген дəмедеміз. Жарыс, байқау десе, мектепке ауыз ашатын тиісті мекемелер мұғалімдер мен шəкірттерді бұдан былай шөре- шөреге түсір меуі тиіс. Білім бөлімі құрғақ келі сімнен аулақтап, ұстаздар мен оқушылардың іссапарда бо- луы, ол кезеңде сабақтың үзіл меуін қаржылық жағынан пысықтауға мүдделі болуы керек. Шəкірттердің қалыс қалған программалық мате- риалдарын қосымша сабақ есебінен игеруі не де заңды кепілдік қажет. Тығырықтан шығудың жо лы табыл- маса, мұғалім мен оқушы ны əуре етпегеніміз мақұл. Жо ғары, төмендегі бюджет ағы мын дағы игерілмеген қаржы дейтін сүйкімсіз тіркес осын- дай білім саласындағы əттеген-айға қаржылық серпін қосса, болашақ бүтіндігі үшін бəрекелді дейтұғын бетбұрыс үстемдік құрып, жас ұрпақ жалтақтамас еді. Миллиардтаған теңгеге жыл сайын жаңа мектептер сал дырғанда, бірлі-жарым миллионды мұғалімдер мен шəкірттердің шы ғар- машылығын, қабілетін дамыту мақ- сатына қимағанымыз қалай болады деген сұрақ көкейден кетпейді. Мектептің ішкі өміріне үңілсек, директорларға да дір ете қалу ға тура келеді. Қазақы дар қан дыққа салып, анау-мынау себеппен мұғалімдерді сабақтан босата салу, той-жиынға жіберу, т.б. ара-тұра болса да кезде- сетіні жасырын емес. Бұл – өте өрескел қателік. Мемлекет қаржысы көпе- көрінеу желге ұшты деген сөз. Анда да айттым, бұл оқушылар үшін зиян, білім сапасын төмендетеді сабақтастықтан айырады. Бұйрықсыз, қаржылық реттеусіз мұғалімдер бірінің орны- на бірі сабақ беруге əсте болмайды. Қызмет бабын асыра пайдалану, мем- лекет қаржысын рəсуа қылуға көзді жұма қарау бүгін болмағанмен ертең оңдырмай сүріндірері сөзсіз. Сұңғыла педагог Сухомлин ский - дің: «Сабақ – мұғалімнің жалпы педа- гогикалық мəдениетінің айнасы, оның интеллектуалдық байлығының өлшемі, дүниетаны мы мен эрудициясының көрсет кіші» деген дидактикалық анық- тамасы жаңарған дəуірге наз айтып тұрғандай. 45 минуттың құнын қоңырау үнімен жарыса жаңа тақырыпты жанын сала түсіндіруден рахат тауып, дидары- нан нұр төгілген ұстаздан артық ешкім де ұғындыра алмай ды. Яғни, əрбір сабақ жазушы ның жаңа туындысын- дай, суретші нің қылқаламынан лəззат алға нын дай, композитордың сырлы əуен сиқырына арбалғанындай ғаламат шығармашылық – бұл рухани лəззат алудың əдемі үлгісі. Мұғалім сабақ өтіп жатқандығына қарамастан, сынып бөлмесіне өктем ентелегендердің ұшырасуы əлі күнге тыйылған жоқ. Мұны педагогикалық əдепті сыйламайтындардың кемшіндігі деп білеміз. Қоңырау соғылғаннан кейін оқытушыны да, оқушыны да ешкімнің алаңдатуға құқы жоқ. Ол мектеп бас- шылығы ма, басқа қызмет өкілдері ме, ата-ана ма – бəрібір сабақты бұзуына рұқсат етілмейді. Бұл əрі-беріден соң мемлекеттік білім беру стандартын əдейі мансұқ ету болып табылады. Қайран, 45 минут! Күн сайын сенің қадіріңді артты- рып, құдіретіңді паш ететін ұстаздар мен шəкірттердің ешқашан меселі қайтпай, мерейі үстем болсайшы! Жаңабай КЕМАЛ. Қызылорда облысы, Арал қаласы. Көкейкесті Дауасын кїткен дабыл немесе 45 минутќа ќиянат биліктегілер мен білімдегілерді ойландырмай ма? Мəселенің мəнісі Жетісуда ќымыздыѕ 24 тїрі бар Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». Теміржол Федоров ауданының орта лығы мен Жаркөл стансасын қақ жарып өтеді. Жолдың бір беті Федоров ауылы да, келесі беті Жаркөл станса- сы болып саналады. Теміржолдың сол бетіндегі Федоров ауылында үйлер салынып, көшелер түзеліп, сəні кірген үстіне кіре түскен. Ал стансадағы сол баяғы ескі вокзал көзге де, көңілге де қораш көрінетін. Көңілге қораш дейтініміз, салынғанына жүз жылдан асқан теміржол вокзалының сыртқы түрінен гөрі, қауіптілігі де біліне бас- таған. Жолаушылар қыстың қақаған аяздарында пойызды сыртта дірдектеп тұрып күтетін. Міне, енді сол күндердің барлығы бір сəтте ұмыт болғандай. Жаркөл стан- сасынан жаңа үлгідегі шағын вокзал бой көтеріп, жолаушылардың игілігіне берілді. Оның ішіне 45-50 жолаушы отыратындай күту залы бар. Кассасы тəулік бойы жұмыс істейді. Енді жақын күндері онда анықтама терезесі де ашылады. – Жақында вокзалдың тұсау ке- серін дүрілдетіп өткіздік. Оған осы стансадағы, Федоров ауылындағы ардагерлерді де шақырдық. Олар жаңа вокзалды көріп, қуанды, ри- зашылықтарын білдірді, – дейді Жар көл стансасының бастығы Тұрар Хамзин. Вокзал еліміздегі «100 вокзал» бағ дарламасы аясында салынды. Рас, мер дігер құрылысшы мекемелерінің жауапсыздығынан оның құрылысы 2-3 жылға кешеуілдеді. Дегенмен, құрылыс сəтімен бітіп, қабылданды. – Стансадан «Астана – Санкт- Петербург», «Астана–Мəскеу», «Қарағанды–Брест» ұзақ маршрут- ты пойыздары ерсілі-қарсылы өтеді, оның сыртында «Қостанай – Троицк», тағы басқа жергілікті маршруттағы пойыздар жүреді. Сонда күніне 2-3 пойыз өтеді. Бəріміз де жолаушы- мыз. Тұрғындар енді бұрынғыдай теміржолдың бойында пойыз күт кен де бүрсеңдеп, қиналмайды, – дейді Тұрар Есенгелдіұлы. Жаңа вокзал қолайлылығымен қатар, стансаның сəнін де кіргізіп тұр. Қостанай облысы, Федоров ауданы, Жаркөл стансасы. Дəстїрлі турнир кґкжиегі Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан дəстүрлі республикалық Шығанақ Берсиев атындағы турнир өтті. Оған еліміздің көптеген аймақтарынан жəне бірінші рет Қырғызстаннан ойыншылар қатысты. Жас шамасына қарай екі топта жекелей түрде өткен жарысқа барлығы 145 ойыншы қатысты. Ересектер арасындағы сайыс нəтижесінде 2013 жылғы Азия чемпионы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері, қырғызстандық Анарбек Жамакеев жеңіске жетті. Екінші, үшінші орындарды оңтүстікқазақстандық Ғалымжан Темірбаев, ақтөбелік Нұрбек Қабиев бөлісті. Қыз-келіншектер арасында ақтөбелік халықаралық дəрежедегі спорт шебері Диана Кенина жеңімпаз болды. Екінші жəне үшінші орындарды спорт шеберлері – астаналық Салтанат Құсайынова, ақтөбелік Алмагүл Тəкішева иеленді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Əйтеке би ауданынан келген Ерасыл Қуанышбаев турнир чемпионы атанды. Ал қыз балалар арасында ақтөбелік Гүлнұр Нұрлыбаева екінш і орыннан көрінді. Жарыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары мен медальдар, облыстық тоғызқұмалақ федерациясы атынан ақшалай жəне заттай сыйлықтар табыс етілді. Ақтөбе облысы. Жағымды жаңалық Жаркґлдегі жаѕа вокзал Спорт Фотоэтюд Кїз Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.